дық шығармалар жинағы. – Алматы: Ел-шежіре, - 2014
баспасы, 2005. – 404 б.
3. Сыздық Р. «Байтұрсынов жазуы» және емле ереже тарихы // http://adebiportal.
69
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
Жоба
Қазақстан Республикасындағы ономастикалық жұмыстарды
ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Қазақстан Республикасындағы ономастикалық жұмыстарды ұйым-
дас тыратын әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі–Ұсынымдар) Қазақстан Рес-
публикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуiрдегi №368 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Республикалық ономастика ко-
мис сияcы туралы Ережесінің 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Ұсынымдар ішкі мазмұнына орай бірнеше бөліктерге жіктеледі.
Сонымен қатар жергілікті жерлерде ономастикалық объектілерге, әкімшілік-
аумақтық бірліктерге, олардың құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау
кезінде елімізге белгілі аса танымал тарихи тұлғалар мен байырғы жер-су атаула-
рын беруді негізге алу қарастырылған. Сондай-ақ сыртқы жарнама мен көрнекі
ақпарат мәселесін үнемі бақылауда ұстау, жергілікті жерлерде үгіт-насихат
жұмыстарын жүргізу мәселесі қамтылады.
Ономастикалық жұмыстың нормативтік құқықтық базасы Қазақстан Рес пуб-
ликасы Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақ-
стан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңына, «Қазақстан Рес пуб ли-
ка сының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республи касының
1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіме тінің
1998 жылғы 21 сәуірдегі № 368 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республи-
касы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясы туралы
ере же ге, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281
қаулысымен бекітілген«Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға,
порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стан-
саларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және
мем ле кет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта
атау, олардың транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды
тұл ғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін
беру туралы» тәртібіне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы
24ақпандағы № 138 қаулысымен бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірліктерге,
елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ
олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті
аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына негізделеді.
1.2. ОсыҰсынымдарда пайдаланылатын негізгі түсініктер:
1) ономастика–жалқы есімдерді, олардың қалыптасу және түрлену тарихын
зерделейтін тіл білімі саласы;
Орайлы ұсыныс
70
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
2) топонимика–географиялық объектілердің атауларын, олардың қалыптасу,
өзгеру, жұмыс істеу заңдылықтарын зерделейтін ономастика саласы;
3) оним– жалқы есім;
4) топоним–онимнің түрі, географиялық атаулар;
5) гидроним–топонимнің түрі, су объектілерінің атаулары;
6) ороним–топонимнің түрі, таудың, қыраттың, шоқының атаулары;
7) ойконим–топонимнің түрі, елді мекендердің (ауыл, кент, қала) атаулары;
8) астионим – топоним түрі, қала атаулары;
9) хороним–топонимнің түрі, әкімшілік-аумақтық бірліктердің атаулары;
10) транслитерация– бiр графикалық жүйедегi мәтiндер мен жекелеген сөз-
дердi басқа графикалық жүйенiң құралдарымен әріппе-әріп арқылы беру;
11) объектілер–Қазақстан Республикасының аумағындағы
объектiлер,мемлекеттiк заңды тұлғалар, мемлекет қатысатын заңды
тұлғалар;
12) әкімшілік-аумақтық бірліктер – қала, аудан, ауылдық округ, ауыл, елді ме-
кендер;
13) әкімшілік-аумақтық бірліктердің құрамдас бөліктері – шағын аудандар,
алаңдар, даңғылдар, бульварлар, көшелер, орамдар, тұйық көшелер, саябақтар,
скверлер, көпiрлер және басқа елді мекендердің бөлiктері;
14) физикалық-географиялық объектілер–қолданыстағы немесе пайда болған
біршама тұрақты, белгілі бір жерде тұтас қалыптасқан жер сипатындағы: мате-
рик, мұхит, теңіз, шығанақ, бұғаз, арал, тау, өзен, көл, шөл, шөлейт және тағы да
басқа табиғи объектілер.
Достарыңызбен бөлісу: