Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016



Pdf көрінісі
бет81/98
Дата30.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#65252
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   98
Байланысты:
ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫ
Doc1, Doc1, Липидтер, Положение о Дипломной Работе, Пoстмoдеpнизм, Авеста, Мо Янь, комптех, Программалау тілдерінің мүмкіндіктерін пайдалану, 119843.pptx, Kirik7, energy esep, декада физики, аннотация
Орайлы ұсыныс


82

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Қалай десек те, алдағы уақытта ономастика туралы жеке заңның керек екендігі 

анық. Ол заң қазақ ұлтының келісімінен тыс өзгертілген барлық тарихи атаулар-

ды міндетті түрде қайтаратын құдіретке ие болуға тиіс.

 Өз кезегінде бұл ұсынысымыз да жүзеге асырылар, географиялық атаулардың 

сірә да жасалмастай болып көрінген мемлекеттік каталогы да жарық көрді ғой 

деп көңілді демдейміз. Онда 120 мыңға жуық географиялық атаулар жинақталған. 

Мұның 91 мыңнан астамы дербес географиялық нысандардың атаулары.

Бізге енді не керек? Жер-су мен өңір, қала, ауылдардың әуелгі тарихи атаула-

рын түгендеп шығу парыз. Олардың қайсысы сақталған, қаншасы өзгертілген 

және қай кезде нендей себеппен кім өзгерткенін зерттеп алуымыз керек. Мұнсыз 

өткен ғасырлардың сан алуан оқиғалары мен шежіресін шерте алатын бағзы ата-

уларды қайтару қиын. Петропавл мен Павлодардың төңірегіндегі әңгіменің ұзын 

сонарланып, сарсаңға салынуының басты себебі – әлгіндей ғылыми дәйектелген 

зерттеудің  жоқтығында.  Оны  жасауға  қадау-қадау  талпыныс  бар,  мемлекеттік 

ұмтылыс  аңғарыла  қоймайды.  Бұл  мәселе  зиялы  қауымның  арасында  ауызша 

талқыланғалы қашан?! Тарихқа әркімнің де бар таласы деп білек түрген кейбір 

көкірегі ояулар там-тұмдап жазып та, зерттеп те жүр. Алаңдататыны – олардың 

байламы бір жерден шыға бермейді. Мәселен, бір ғана Павлодардың бастапқы 

атауы туралы уәждер сан алуан.

Тарих  ғылымдарының  докторы  Қайырболат  Нұрбаев:  «Павлодарға  көне 

атауы  қайтарылуы  керек»  деген  мақаласында  («Ертіс  дидары»,  2009  жылғы 

25  мамыр)  осы  өңірді  арнайы  тапсырмамен  аралаған  Ресей  әскерінің  капита-

ны  Унковскийдің  Коряков  бекінісі  орналасқан  алқапты  қазақ  қыстауларының 

атымен  атағанын  атап  көрсетеді.  «Бұл  құнды  мәліметтерден,  –  дейді  ол  одан 

әрі,  –  1720  жылы  Коряков  әскери  бекеті  салынардан  бұрын  қазіргі  Павлодар 

қаласының орнында қазақтардың Керегежар (көне түрікше Керекужар) атала-

тын қыстауы болғаны, оны орыстар «Коряков Яр» деп бұрмалап айтқаны және 

жаңадан салынған форпосты (әскери бекет) солай атағаны байқалады. Осы ата-

лым біршама уақыт құжаттық айналымда жүрген, тек кейін, «Яр» тіркесі алы-

нып  тасталып,  Коряков  Яр  Коряковскийге  айналған.  Сол  кезеңде  Ертістің  оң 

жағалауында  «Жар»  тіркесімен  аяқталатын  Қызылжар  (қазіргі  Ертіс  кентінің 

маңында), Қаражар (қазіргі Чернояр) тәрізді өзге де елді мекендер болған».

Ғылым докторы келтірген бұл дерек Керекудің көне атау екендігіне сендіре 

алады  және  Жамбыл  Артықбаевтың  осы  орайдағы  уәждерімен  үндес.  «Кере-

ку  жар  немесе  Кереге  жар  1715-1716  жылдардағы  Бухольц  экспедициясының 

құжаттары арасында жүр. Қоршауға түскен Бугольц экспедициясына көмектеспек 

болып Сібір губернаторы М.Гагарин 1716 жылы көктемге қарай Томск, Тара және 

Тобольскіден жиналған 700 адамдық керуен жібереді, – дей келіп, Ф.Усовтың та-

рихи еңбектеріндегі мына жолдарды келтіреді: «Караван с людьми, товарами и 

казенными деньгами захвачен калмыками за 52 верст от Ямышевской крепости 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет