Байланысты: Салалар бойынша ақпараттық жүйелер презентация12
Әлеуметтік факторлар денсаулық деңгейіне және халықтың физикалық дамуына әсер етеді. Сондықтан да патологиялық процестердің пайда болуына және дамуына қажетті немесе қосымша жағдайлар алғашқы түрткі механизмі ретінде жиі алға шығады. Әлеуметтік ортаның қолайсыз факторларының әсерінің биологиялық зардаптары көбіне адам организмінің хал жағдайымен белгіленеді. Ғылыми-техникалық даму кезеңінде медицинада білім аралық құрылымы және түрлі бөлімдерге бөліну айқын байқалады. Қазіргі кезеңдегі теоретикалық және клиникалық медицинада медициналық-биологиялық мәселелерді, адамның әлеуметтік табиғатын ескеріп кешенді түрде зерттеу бағыты өсуде. Медициналық түсініктердің және медициналық-гигиеналық қызметтің түрлері мен мазмұны үстемдік етуші көзқараспен, мәдени ахуалы мен жаратылыстану және техинакалық дамудың деңгейімен белгіленеді. Осының бәрін ескере отырып, алғашқы қоғам медицинасы, ежелгі өркениет медицинасы (Ежелгі Шығыс, Месопатамия, Ежелгі Иран, Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, Тибет), антикалық әлемнің медицинасы (Ежелгі Грекиядағы эллинистикік дәуір, Ежелгі Рим), феодалдық қоғам медицинасы (Византия, Араб халифаты, ортағасырлық Батыс Еуропа), қайта өркендеу дәуірінің медицинасы (15 — 16 ғ.), Жаңа дәуір медицинасы (17 — 19 ғ.), 20 ғ. медицинасы және қазіргі кезең медицинасы деп бөледі. Қазіргі кезеңде медицина адамның биологиялық жаратылысын жетілдіру мүмкіншілігінің айқындылығын дәлелдеді. Мұнда әр адамның генетикалық және физиологиялық процестеріне әсер ету арқылы адам организміндегі үйлесімсіздік пен үйлеспеушілікті жою арқылы адамның физиологиялық және психикалық мүмкіншілігін дамытуға және оны сауықтырып, өмірін ұзартуға болатыны анықталды.