«Операциялық жүйелер» пәнінен оқу-әдістемелік кешен 5B060200 – «Информатика»мандығына арналған ОҚУ-Әдістемелік материалдар



бет5/42
Дата25.01.2023
өлшемі0,49 Mb.
#166351
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
«Операциялы ж йелер» п нінен о у- дістемелік кешен 5B060200 – «

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

    1. Операциялық жүйе дегеніміз не?

    2. Windows-тың даму тарихы қашаннан басталды?

    3. Windows 2.0 версиясы қашан пайда болды?

    4. Windows 3.0 версиясы қашан пайда болды?

    5. Windows NT версиясы қашан пайда болды және ол қандай мақсатқа арналды?

Дәріс 4 «MS-DOS операциялық жүйесі. Қабықша-программалар: FAR manager, NortCom, TotalCom, т.б.»
DOS дискілік операциялық жүйе дегенді білдіреді. Операциялық жүйе компьютердің барлық кұрылғыларынын, жұмысын және программалық жасауды басқару ушін қажет. Ол компьютер мен адам арасындағы байланысты камтамасыз етеді, бұл дегеніміз — операциялық жүйе компьютерді icкe қосқан кезде жуктелетін және оның барлық кұрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа.
Компьютерде өнделетін информация магниттік дискілерде сақталады.
Магниттік дискідегі, не басқа информация сактауға арналған компьютерліқ жабдықтағы информация сақталатын атауы бар орынды файл деп атайды. Сонымен, барлық программаларды файл деп санауға болады.
Файлдын толық атауы файл атынан және кеңейтілуінен тұрады. Файл аты 8 таңбадан, кеңейтілуі 3 таңбадан аспауы керек. Файлдың аты жэне кеңейтілуі арасына нүкте белгісі қойылады. Стандартты файл кеңейтілулерінің қалыптасқан атаулары бар - .txt, .bak, .sys, .exe, .com т.с.с.
Операциялық жүйелерде бірнеше дискілермен жұмыс icтeyre болады. Дискілер атауы латын әріптерімен (A:,B:,C:,D: т.б.) белгіленеді.
Файлды дискіде іздеуді жеңілдету үшін арнайы тіркеген ыңғайлы. Ол үшін каталог ұғымы қолданылады.
Каталог дегеніміз файл аты, файл өлшемі, соңғы өзгертуінің уақыты мен мepзiмi, файл атрибуттары (сипаттамаларі) т.б. файл туралы мәліметтер жазылатын диcкiдeгi арнайы орын.
Егер каталогта файл аты жазылса, файл сол каталогта орналасқан деп атайды. Эр каталогга көп файл жазыла береді. Каталогтар әдетте латын әріптерімен және цифрлармен белгіленеді Такырыптас файлдар тобын жазуға арнап, ол каталогтан iшкi каталогтар кұрұға болады. Сонымен дискіде тармақталған каталогтар пайда болады. Каталог синонимі директория , деп аталады. Ең сыртқы каталоггы тy6ipлі каталог деп атайды.
Дискі мен файл орналасқан каталогтар тiзiмi файл жолы деп аталады. Файл жолы файл атымен қосылып файлдың толық атын құрайды.
Мысалы, С - дискісінде WORK каталогінің TEXT iшкi каталогінд орналасқан файлының толық аты: C:WORK\TEXT\ hat.txt. Әдетте дискі және каталог аттары латын алфавітінің бас әріптерімен, файл атаулары кіші әріптерімен белгіленеді.
Жұмыс icтen жатқан дискі атауы, каталог аты, файл аты ағымдық деп аталады.
Орындалып жатқан программа, icтen тұрған программа режимдеріндегі каталогты екпінді дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет