2.1 Операциялық жүйенің функциялары және міндеттері
Операциялық жүйе екі негізгі қызметті орындайды:
барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмыстарын қолдап, олардың бір – бірімен және аппараттық жабдықтармен байланыстарын қамтамасыз ету;
әрбір адамға ЭЕМ –ді жалпы басқару мүмкіндігін беру.
ОЖ негізгі мақсаты – программалардың бір – бірімен және сыртқы құрылғылары мен әрекеттігін қамтамасыз ету, ЭЕМ –нің жадын бөлу, жұмыс кезінде туындайтын әртүрлі оқиғаларды анықтау, жұмыс нәтижелерін қағзға, экранға шығару жолдарын ұйымдастыру, мәліметтерді сыртқы ортадан алу және беру т.б. ОЖ –нің негізгі ядросы машина іске қосылған сәттен бастап ЭЕМ –нің жадында болады. Машинаны жалпы басқару үшін ОЖ –нің командалық тілі пайдаланады, оның көмегімен адам дискіні белгілеу, мәліметтерді көшіру, кез келген әртүрлі әрекеттерді орындайды.
Microsoft корпорациясының ОЖ даярлау жолындағы келесі елеуліқадамы болып ондағы графикалық интерфейс қондырма программа күінде емес, сол жүйенің ажырамас бөлігі болатын операциялық жүйені даярлау болып саналады . Осылайша Windows 95, Windows 98, және Windows NT операциялық жүйелері пайда болды. Қазіргі операциялық жүйелердің адамға беретін жеңілдіктері MS DOS жүйесінің мүмкіндіктеріне қарағанда өте жоғары, ал графиктік интерфейс солардың тек бір қыры ғана.
Бұдан былай Windows жүйесі деген сөзді Windows 3.1х (кез-келген сан) және Windows 95 операциялық жүйелері деп ұққан жөн.
Компьютердің жалпы құрылымында операциялық жүенің орналасуын келесі 1-суретте көрсетелік. Астында екі немесе оданда көп деңгейден тұратын аппаратты қамсыздандыру орналасқан.Ең төменгі деңгейде интегралды микро схемалардан,электронда-сәулелі трубкалардан, қоректену көздеріне тұратын физикалық жабдығы бар. Жоғарыда микроархитектуралық дейгей орналасқан. Осы деңгейде орталық процессордың ішкі регистрлеры, арифметика-логикалық жабдықтар орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |