13дәріс
ҚОР НАРЫҒЫ
Қор нарығының түсінігімен сіздер бұрын да кездескесіздер. Бұл ұғым қаржы нарығының ұғымымен тікелей байланысты. Сондықтан, қаржы нарығының анықтамасына тоқталайық.
Қаржы нарығы – бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Қаржы нарығы өзара байланысты және бір-бірін толықтыратын, бірақ әрқайсысы дербес қызмет етуші нарықтардан тұрады. Олар:
1) Қолма-қол ақша нарығы;
2) Қарыз капиталының нарығы;
3) Бағалы қағаздар нарығы.
Бағалы қағаздар нарығы - оның қатысушылары арасындағы бағалы қағаздарды шығару және айналысқа қатысты экономикалық қатынастардың жиынтығы. Бағалы қағаздар нарығының басқадай нарықтарымен ара-қатынасы келесі суретте көрсетілген.
Капитал ретінде ақшаға негізделген және ақша капиталының қозғалысымен байланысты қатынастарға делдал болатын бағалы қағаздар қор нарығын құрайды, қор нарығы өз кезегінде бағалы қағаздар нарығының бөлігі болып табылады.
Тауар қатынастарына делдал болатын бағалы қағаздар бағалы қағаздар нарығының екінші құрамдас бөлігі болып табылатын тауарлық бағалы қағаздар нарығын қалыптастырады. Бұл бағалы қағаздардың пайда болу себебі- тауарлардың (қызметтердің) физикалық қозғалысы. СЛАЙДТАҒЫ суреттегі бағалы қағаздар нарығының көрсетілген сегменттерінің графикалық бейнесінің әртүрлі учаскелері әр нарық түрінің шамасын көрсетеді.
Тауарлық экономика аясында бағалы қағаздар нарығы, бір жағынан, кез-келген басқа тауарлар нарығына ұқсас, өйткені бағалы қағаз-сол тауар, ал екінші жағынан-оның өзіндік ерекшеліктері бар. Несиелер несие нарығының ерекше тауары сияқты, бағалы қағаздар да бағалы қағаздар нарығының ерекше тауары болып табылады.
Қаржылық экономика аясында бағалы қағаздар нарығы қаржылық құндылықтар сатылатын және сатып алынатын қаржы нарығының секторы болып табылады, өйткені ол нарықтың бір қатысушысынан екіншісіне капиталдың құйылуымен байланысты.
Бағалы қағаздар нарығының экономикалық орнына келетін болсақ, келесі сызбанұсқаға назар аударыңыздар. Бұл сызбада бағалы қағаздар нарығының негізгі ақшалай ағымдары көрсетілген.
Бағалы қағаздар нарығының функциясын шартты түрде екі топқа бөлуге болады: жалпы нарықтық және өзіндік ерекшелігі бар функция. Функцияның бірінші тобына мыналарды жатқызуға болады:
коммерциялық — осы нарықтағы операциялардан пайда табу функциясы;
мақсатты — нарықтық бағаны қалыптастыратын процесті, олардың ұдайы қозғалысын және т.б. камтамасыз етеді.
ақпараттық - яғни, нарық өз қатысушыларына сауда нысандары мен оның қатысушылары туралы нарықтық ақпараттарды жеткізеді;
реттеуші - ондағы нарық сауда және оған қатысудың ережесін, қатысушылардың арасындағы дау-таласты шешудің тәртібін жасайтын болса, артықшылықтарды, бақылау органын немесе басқару органын және т.б. белгілейді.
Өзіндік ерекшелігі бар бағалы қағаздар нарығының функциясына мыналарды жатқызуға болады:
- қайта бөліну;
- баға және қаржы тәуекелдіктерін сақтандыратын функция.
Қайта бөліну функциясы қосалқы үш функцияға бөлінеді:
- нарық қызметінің салаларына ақша қаражаттарын қайта бөлу;
- ең алдымен халықтың жинақтарын өнімсіз формадан өнімді формаға ауыстыру;
- инфляциялық емес негізде, яғни айналысқа қосымша ақша қаражаттарын шығармай, мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру.
Бағалы қағаздар нарығының құрылымы сыныпталу белгісіне қарай көптеген түрлермен ажыратылады. Бұл кестеде ең негізгі белгілері мен түрлері көрсетілген, бірақ сан алуан қаржылық операцияларының болуын, бағалы қағаздар нарығының қатысушылары атқаратын қызметтерінің көптігін, қор нарығының ары қарай дамуын ескергенмен жаңа сыныпталу белгілерінің және нарық түрлерінің пайда болуы мүмкін.
Кесте - Бағалы қағаздар нарығының сыныпталуы
Сыныпталу белгісі
|
Түрлері
|
Бағалы қағаздар айналымының сипаты бойынша:
|
алғашқы нарық; -қайталамалы нарық;
үшінші нарық: - төрттік нарық.
|
Бағалы қағаздар түрлеріне қарай:
|
облигациялар нарығы;
акциялар нарығы;
туынды бағалы қағаздар нарығы;
мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы.
|
Ұйымдастыру нысанына қарай:
|
ұйымдастырылған нарық;
ұйымдастырылмаған нарық.
|
Айналыс нысанына қарай:
|
биржалық нарық;
биржадан тыс нарық.
|
Территориялық орналасуына байланысты:
|
халықаралық нарық;
әлемдік нарық;
ұлттық нарық;
жергілікті нарық.
|
Эмитентке байланысты:
|
мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы;
корпоративтік бағалы қағаздар нарығы;
резидент еместердің бағалы қағаздар нарығы.
|
Мерзіміне қарай:
|
қысқа мерзімді бағалы қағаздар нарығы;
орта мерзімді бағалы қағаздар нарығы;
ұзақ мерзімді бағалы қағаздар нарығы;
мерзімсіз бағалы қағаздар нарығы.
|
Мәміле түрлеріне қарай:
|
кассалық нарық (мәміле бірден жасалады);
жедел нарық (мәміле бір күнде жасалады);
форвардық нарық және т.б.
|
Алғашқы нарық (primary market) - жаңадан шығарылған бағалы қағаздарды бастапқы орналастыратын нарық. Бұл орналастыру көпшілікке арналған (IPO) немесе жабық болуы мүмкін, шектеусіз адамдарға кең ұсыныс жасалмайды. Әдеттегідей, бастапқы орналастыру процедурасы қор биржасы арқылы жүргізіледі.
Қайталама немесе екінші нарық (secondary market) - бұрын шығарылған және бастапқы орналастыру рәсімінен өткен бағалы қағаздармен мәмілелер жасалатын нарық. Қайталама нарыққа бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелердің негізгі айналымы келеді.
Соңғы кездері «үшінші» және «төрттік» нарық ұғымдары қолдануда.
Үшінші нарық, әдетте, биржада тіркелмеген бағалы қағаздармен сауданы қамтиды. Оны биржадан тыс нарық (over the counter market) деп те атайды. Үшінші нарық дәстүрлі түрде институционалды инвесторлар арасындағы акциялардың ірі пакеттерімен алаң ретінде пайдаланылды. Интернеттің дамуымен ол жеке инвесторлар үшін қол жетімді болды.
Төрттік нарық (fourth market) - тікелей институционалдық инвесторлар арасында бағалы қағаздардың ірі пакеттерінің саудасының электрондық жүйесі. Төртінші нарықтың ең танымал жүйелері — InstiNet, POSIT, Crossing Network.
Достарыңызбен бөлісу: |