Орақ Дина 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-курс студенті Ғылыми жетекшісі



бет4/9
Дата17.02.2017
өлшемі2,72 Mb.
#9680
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Р. Сыздық «“Байтұрсынов жазуы” және емле ережелерінің тарихы» 26.11.2015

  2. Н. Әміржанова «Қазақстандағы латын жазуының тарихи тағылымы». Алматы 2012.

  3. Қ. Күдеринова «Қазақ жазуының теориялық негіздері». «Қазақ университеті» Алматы 2006

  • С. Аманжолов «Орыс графикасына негізделген қазақтың жаңа алфавиті мен орфографиясы» Алматы, 1940.-30б

  • С. Аманжолов «Қазақ алфавиті мен орфографиясының кейбір мәселелері жөнінде// / Социолистік Қазақстан 30.03.1957

  1. Қ. Күдеринова «Қазақ жазуының онтогенездік дамуы». Алматы 2006

  2. Қазақ тілінің орфографиялық сөздіктері (1963, 1978, 1988, 2001, 2005, 2007. 2013 ж.ж).

  3. Ж. Таласпаева «Қазақ орфографиясының мәселелері» Петропавл, 2014

  4. «Қазақ әліпбиі мен орфографиясы туралы» http://emle.kz/articles/get/127

  5. «Орфографиялық сауаттылық мәселесі» http://emle.kz/articles/get/125



ШАҒЫН РАДИОАҚПАРАТТАРДЫҢ ТІЛІ
Оңалбек Аида - 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»

мамандығының 4-курс студенті

Ғылыми жетекшісі: магистр, аға оқытушы А.Н.Юсуп
Қазіргі жаңару-жаңғыру дәуірінің жарқын мұраттарының бірі – азат реңді, өршіл рухты қазақ халқының әлемдік дидарын қалыптастыру, жаһандану заманынан алатын орнын, енші-үлесін айқындау. Әрине, бұл елдік мәселенің оң шешім табуы, дұрыс бағыттан ауытқымауы ақпарат кеңістігіміздің қауіпсіздігімен тікелей байланысты. Бүгінгі күннің талассыз ақиқаты да сол. Сондықтан бүгінгі таңда БАҚ қызметінің әлеуметтік қоғамда атқарар қызметі өте зор.

Басқа бұқаралық ақпарат құралдарын салыстырғанда, радионың қалың аудиторияны қамтитындығын жұртшылық мойындайды. Демек, ақпарат әлеміндегі радионың алатын орны айрықша. Ендеше, эфирден берілетін жаңалықтар легінде қойылатын талаптар да күшті. Өйткені, тікелей эфир жүргізушісі дүниеде не болып жатқанын жалпақ жұртқа хабарлап қана қоймайды, оны әрбір жеке тыңдаушыларға түсіндіереді.

1931 жылдың 4 мамырынан бастап жүйелі түрде қазақ және орыс тілдерінде хабар беріле бастаған қазақ радиосы өмірге мықтап орнықты. Ауылды жерлерде,елді мекендерге жаппай репродукторлар қою 30-жылдардан басталды. 1933 жылдың аяғында 68,2 процент елдімекен радиоландырылды. 1980 жылдары хабар таратудың орта сөткелік мөлшері 67 сағат болды. Осы уақытқа дейін мемлекеттік радио 4 республикалық бағдарлама бойынша хабар берді. 19 облыс орталығында, 8 қалалық, 16 аудандық студиялар жұмыс істейді. Ал, барлық аудандарда аптасына 15-20 минуттық хабар беретін орындар бар. Елді мекендердің қазіргі кезеңде 89 проценті радиомен қамтылған.Бірнеше арна бойынша саяси-публицистикалық «Қоғамдық-саяси хабарлар редакциясы» жұмысс істеп,екінші арна бойынша ұлттық-мәдени, ақпаратты-музыкалық «Шалқар» бағдарламасы хабар береді. Үшінші каналда қысқа толқында стерео-музыкалы хабарлар, ал төртінші арнадан шетел хабарлары беріледі. Жалпы хабар беру сәткесіне 81 сағат хабарлар негізінен 6 тілде: қазақша, орысша, немісше, ұйғырша, корейше, татарша жүргізіледі. Болашақта ағылшын,түрік тілдеріндегі хабарлар қосылмақ [1, 79 б.].

Жер жүзінде ЮНЕСКО-ның есебі бойынша миллиардтан астам радиоқабылдағыш, 400 миллион телевизор болған, бір мезгілде 25 мың радиосансалар жұмыс істеген.Солардың дені АҚШ,Англия,Германия мемлекеттері. Оларда радионасихатқа зор мән берілген, ол, әсіресе, социолистік елдерге бағытталған. 1981 жылға таман «Голос Америки» эфир уақытын жетісіне 800-ден жүргізген,бюджеті 79,5 миллион долларға дейін артқан. Ал Би-Би-Си-Англиядағы радо корпарациясы жетісіне 725 сағаттық хабарды 46 тілде берген [1,76 б.].

Журналист еңбегінің ең басты мақсаты – ақпаратты бере білу,яғни коммуникативтік актіні жүзеге асыру. Микрофондағы журналист – ол жаңалықтарды хабарлайтын , қандай да бір оқиғаны, фактіні, құбылысты баяндайтын адам. Адама өз ойын сөз арқылы жеткізеді. Радиожурналисттің жалғыз ғана құралы-дыбысталатын сөз. Демек, тікелей эфирдегі жаңалықтар легінің жүргізушісі оған қойылатын талаптардың бірде-біреуін естеп шығармастан орындауға міндетті. Тікелей эфир – радиодағы хабар тарату тәсілі ғана емес, ол күрделі кәсіби шығармашылық үдеріс. Мысал ретінде спорттық жүріспен айналысып, соның нәтижесінде рекордқа жетуді алдына мақсат етіп қойған спортшыны алайық. Оған міндетті түрде спорттық жүріс механизмінің нақты білімі, оны дәлме-дәл меңгеру тәсілі керек болады. Тікелей эфирдегі жүргізуші журналист еңбегінің нәтижесі де алдын-ала салмақталып-сараланып екшелуі қажет.

«Тікелей эфирдегі жаңалықтар легін жүргізетін радиожурналист ең алдымен:



  1. Жалпы журналистиканың құқықтық негіздерін ;

  2. Радиожурналистиканың қоғамдағы орны мен ролін;

  3. Радиожурналистика шығармашылығының ерекшеліктерін;

  4. Жедеғабыл жаңалықтар легінде берілетін материалдарды әзірлеуде тілдің барлық мүмкіндіктерін белсенді түрде пайдалану арқылы өз ойын стилистикалық тұрғыда дұрыс жеткізе білу жолдарын;

  5. БАҚ қызметін ретке келтіретін заңдарды білу және басшылыққа алу керек екенін білуге міндетті.

Шағын ақпараттар – сол көп жанрлы радиохабарлардың бірі болып табылады. Көлемі жағынан барынша ықшам болғанымен, шағын ақпараттардың алатын орны ерекше. Шындыққа жүгінсек, шағын ақпараттар радиоақпараттардың жетекші саласы деп батыл байлам айтуға да болады, себебі ел аумағындағы радиохабарлардан шағын радиотораптарына дейінгі әуе толқыны арқылы берілетін хабарлардың бағдарламасында шағын ақпараттардың орын алмауы мүмкін емес. Тегінде, шағын ақпараттардың мүндайда нық орын алуы радиохабардын негізгі мақсатынан туындап жатса керек.

Жалпы мазмұны мен сыртқы пішіні тұрғысынан алып қарағанда, шағын радиоақпараттардың баспасөз бетіндегі шағын ақпараттарға көп ұқсастығы бар. Сондықтан газеттегі хроникалық ақпараттарға байланысты айтылған пікірдің біз сөз етіп отырған жанрға да тікелей қатысы білініп тұрады: «Хроникалық ақпараттың ең басты айырмашылығы оның ең жаңа факты жайында әңгімелейтіндігінде... Шын мәнінде ол: қайда? қашан? не? деген үш сұраққа ғана жауап береді». Ал мұндай жаңалықтардың өмірімізде мейлінше көп кездесетініне сай шағын ақпараттың мазмұны да барынша көп болып келеді. Мұндай хабардың тақырып алуандығы тыңдармандарды да тарта білудің басты көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Сонысына байланысты тілдік құралдардың, әсіресе, лексиканың қолданылуы да әр алуан болып келеді.

Шағын радиоақпараттарды жеткізуде монолог жетекші орын алады. Олай болуы түсінікті де, өйткені ол – қағазға түсіп, редактордың өңдеп, жөндеуінен өткен мәтін. Алайда жазбаша мәтін тілі мен ауызша сөйлеудің арасында елеулі айырмашылық барын ескерген жөн. Ауызша тілдің басты белгісі – дыбыс. Оқу кезіндегі дауыс тоны, дыбыстардың тиісті жерлерінде көтеріңкі немесе төмен айтылуы, сөз, сөйлем араларындағы кідіріс (пауза), интонация, сөйлем ішіндегі жеке сөзге немесе сөз тіркесіне түсетін логикалық екпін т. с. с. сөйлеу тілін айқындайды. Яғни, ғалым Н. Омашевтің сөзімен айтсақ, «Тындармандардың дұрыс түсініп қана қоймай, әсерлі қабылдауы үшін бұл ерекшеліктерді жетік білу маңызды болып есептеледі» [2, 17 б.]. Демек, хабар жүргізуші мәтінді орфоэпиялық зандылықтарға сай оқып жеткізгенде, тыңдарман деректерге ғана қанық болмайды, соған қоса, патриоттық, эстетикалық, адамгершілік сезімдері оянып, жақсы әсер алуға тиіс.

Шағын радиоақпаратта қалыптасқан монологтің шартты түрдегі диалогқа айналып кетуі де мүмкін. Олай болатыны диктор немесе ақпаратты хабарлаушы тындарманына арнап сөйлейді. Әдеттегі диалогта да сөйлеуші мен тыңдаушы болатыны белгілі. Соның өзінде сөйлеуші ұзақ сөйлеп кетуі де ғажап емес, әйтеуір, тыңдаушысы барын ескереді. Демек, ақпараттың адресат пен адресантты байланыстыратыны анық. Алайда қайталап айтуға тура келеді, бұл – шартты түрдегі диалог, өйткені шын мәніндеғі диалог болу үшін, тыңдаушының да сөзге араласып, әлденені құптап немесе теріске шығаратын мүмкіндігі бар. Ал сөйлеуші тым алыста болғандықтан және ол ақпараттың қасында отырған бірер адамға ғана емес, мындаған тыңдармандары бар аудиторияға қарата айтылғандықтан, тыңдармандар сөзге араласа алмайды. Ал мұндай ақпараттың шартты түрдегі диалогқа айналуының тағы бір себебі – тындармандар сөз болып отырған кішкентай болса да оқиғаға іштей (тіпті көршісімен әңгімелесіп отырып) баға беріп, өз тұрғысынан араласып отыруы да мүмкін.

Радиоақпарат тілімен ауызекі сөйлеу тілінің арасындағы бір айырмашылықты академик Л. В. Щерба дәл байқаған. Ғалымның дұрыс атап көрсеткеніндей, «ауызекі сөйлеу тілінде кандай қателік болса да, таң қаларлық емес: оған сөйлеуші де, тындаушы да жете мән бере қоймайды . Ал радио тілінде көптеген талаптарды орындауға, әсіресе, орфоэпиялық заңдылықтарды қатаң сақтау керек болады, өйткені ол қателікті мындаған адамның талай аңғарып қалады да, хабардың сапасына нұқсан келтіреді»

[3, 117 б.]. Сондықтан да шағын ақпараттарда диалектизмдер, жаргонизмдер, көпшілік түсіне бермейтін кәсіби сөздер, варваризмдер кездеспеуге тиіс. Оның үстіне, шағын көлеміне байланысты мұндай хабарлардағы сөйлемдердің кұрылымының да қабылдауға жеңіл келгені жөн. Дәлірек айтқанда, сөйлемдегі сөздердің дағдыдан тысқары (инверсия) емес, дағдылы, яғни қалыпты орын тәртібі сақталғаны дұрыс болады. Демек, ғалым Л.Щербаның сөзімен айтсақ, «мәтіннің мазмұны тұрғысынан сөздердің таңдалуы мен сөйлемдердің құралуы басты назарда болады» [3, 116 б.]. Солай себепті радиожурналистиканың тарихы мен тәжірибесі шағын хабарлардың лексикалық жағынан кітаби тілге жататынын, ал тындаушыларға жеткізілуге тиіс сөйлем құрылымы жағынан қарағанда, синтаксистің ауызша түрі екенін ондаған жылдардан бері дәлелдеп жүр.

Радио арқылы ауызша сөйлеудің шекарасының кеңейгені соншалық – ауызша сөйлегенде басқа стильдердің элементтері аралас жүруі әбден мүмкін. Сөйтіп, радиодан сөйлегенде, бұған дейінгі жазба тілге қойылатын талаптарды тілдің тазалығы, логикалылығы, әуенділігі, байлығы, нақтылығы сияқты мәдениет сапаларын есте ұстау мен конструкциялардың нормативтік грамматика зандылықтарына сай құрылуын қадағалау қажет болады. Осылардың ішінде шағын радиоақпараттарды оқитын адамға қойылатын басты талап – орфоэпиялық ережелердің мүлтіксіз орындалуы. Ғалым Н.Уәлиұлының сөзімен айтсақ, «Қазіргі заманда ауызша сөздің қоғамдағы орны айрықша мәртебеге ие болып, әлеуметтік мәнділігі күшейе түсті. Ауызша сөз жеке адамдар арасында, шаршы топта, сахна өнерінде, аудио, радио, аудиовизуалды ақпарат құралдарында, электорнды байланыс жүйелерінде тілдік қарым-қатынастың негізгі құралы болып отыр» [4, 9 б.]. Мысалы, «Өткен аптада Алматыдағы Оқушылар сарайында еліміздің 14 облысынан, Астана, Алматы қалаларынан, республикалық оқу жүйелері мен «Қазақстан темір жолы» жүйесіндегі мектептерден іріктеліп шыққан 500 жүйрік қатысқан еді. «Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» дегендей, білім сынасса, олардың арасынан да небір тұлпарлар шығады. Мәселен, осы білім сайысына қатысқан 500 оқушының 191-і жеңімпаздар қатарына іліксе, солардың 37-сі – I-дәрежелі, 60-ы – 2-дәрежелі, 94-і – 3-дәрежелі дипломдармен марапатталды...» (4. 04. 2016). Осындағы өзгертіліп айтылуға тиіс жазылуынша өткен (өткөн деудің орнына), оқушылар (оқыушылар деудің орнына), оқу жүйелері (оқыу жүйөлөрү деудін орнына), жүйрік (жүйрүк деудің орнына), жүзден (жүздөн деудің орнына), сайысына қатысқан (сайысына ғатысқан деудін орнына) оқыса, сөйлеу мәдениетінің бұзылғаны деп есептеу керек болады. Сол сияқты, Астана, Алматы қалаларынан деу де - қателік, өйткені ассимиляция зандылығы бойынша Астана, Алматы ғалаларынан болып оқылуға тиіс.

Сөздер мен сөз тіркестері арасындағы кідіріс (пауза ) мен интонацияны да дұрыс қоя білу парыз. Мәселен, өткен мен аптада сөздерінің арасындағы интонация мен өткен аптада тіркесі мен Алматыдағы сөзінің арасындағы интонация бірдей емес. Сондай-ақ оқушылар сарайында деген атау мен еліміздің деген сөздің аралығында біршама кідірістің болуы да ана тіліміздің зандылығына сәйкес келеді. Ал мұндай қателіктердің жиі ұшырасатыны жасырын емес. Тегінде, радиоақпараттардағы жиі байқалатын олқылықтар орфоэпияға қатысты ұшырасып отырады. Ондай кемшіліктерді болдырмаудың, біздіңше, екі шарты, яғни жолы бар. Біріншіден, мектеп қабырғасынан қазақ тілінің табиғи заңдылығына байланысты ережелерді әркімнің жадында саналы түрде сақтап, дағдысына айналдыруы зор қызмет атқарады. Екінші жағынан, әр хабардың алдында әуе толқыны арқылы берілгелі отырған материалмен жан-жақты танысу да хабардың ойдағыдай жүргізілуінің негізгі шарттарының бірі болып табылады. Мұндайда тек сөздердің айтылу сазына ғана емес, бұрын кездеспеген жалқы есімдер мен неологизмдерге, сондай-ақ жаңа мағынаға ие болған архаизмдер мен историзмдердің қызметіне, омонимдерге, синонимдерге, антонимдерге көніл бөлудің қажеттігі де өзінен-өзі туындайды.

Шағын ақпараттарды үйымдастырушылардың тағы бір ерекшелігі –хабардың толық мазмұның бергенде де, әр ақпарат арасын музыкалық қысқа паузамен бөліп отырады. Бұл да тыңдарманның ойлануына немесе сол хабарға өзінше баға беріп, сондай-ақ әсерленіп отыруына мүмкіндік жасайды.

Үшінші ерекшелігін де атап өтуге лайық. Ол хабарлардың әлдебір сұхбатпен араластырмай, көп жағдайда жаңалық ретінде автор атынан жариялануы. Олай болмай, сөзге басқа кейіпкерлер араласып жатса, радиожурналистеріміз шұбалаңқылыққа ұрынар еді де, тың оқиғаны тез қабылдауға қиындық келіп жатады. Әлбетте, радиохабарда сұхбаттың болғаны тиісті жерлерде қажет те, қызық та, бірақ ол – басқа хабарлардың табиғатына сай келіп жатады.

Қазіргі хабарлардағы "Америкада сондай", "Жапонияда мұндай", "Ресейде анадай" деген сияқты бәрімізді жалықтырып болған салыстыруларды айтпасақ та болады. Өзімізде, қазақ топырағында, Қазақ радиосында талайларды жарты ғасырдан астам уақыт бойы сүйсіндірген дикторлар мектебі бар еді ғой. Қазір неге жоқ деп көпшілігіміз ойланамыз. Бұған да әдетте құлағымызды ауыртатын "экономикалық жағдай" кінәлі ма? Қазақтың ашық та айқын, сұлу да сиқырлы, қорғасындай салмақты ер адамның даусын, күмістей әуені бар, шала еститін адамның жанын жібітетін әйел даусын әуе толқынына шығаруға неге қамқорлық жасамайды?

Негізінен радиохабарлардың бағдарламаларының басқа елдердегідей баспасөз беттерінде жарияланғаны жақсы болар еді. Себебі қазіргі кезде көп жағдайда қажетті хабарды кездейсоқ тыңдаймыз немесе ол хабар беріліп кеткен соң, таныстар мен жолдастардан естіп жатамыз. Ал бағдарлама алдын-ала белгілі болғанда, тыңдармандардың өздеріне арналған хабарларды уақытында тыңдауына, сондай-ақ зерттеу жұмысын жүргізушілерге де материалдарды қалаған кезінде алуына мүмкіндік туар еді.

Тіл – әр елдің мәдениеті мен өркениетінің айғағы десек, Қазақстан территориясында таралатын радиохабарлар, сол өркениеттілік пен мәдениеттілікке бастап апарар жол болуы тиіс. Эфир мәдениеті мен тіл саясатының біте қайнасқан тұсынан тыңдарманға жағымды хабар дүниеге келеді. Тіл мәдениеті сөздерді дұрыс қолдану, сөйлеу үстінде оларды бір-бірімен қиюластырып, үндестіріп, дұрыс айтып, емле, тыныс белгілері ережелерін сақтап, сауатты жазу, тілдің ғасырлар бойы сұрыпталып келген,сөз зергерлері оюлап берген, көрегендігі мен жан өрнегін орнымен қолдану секілді амал, әрекеттерді қамтиды. Қорыта келе, радионың қызметі осы мәселелерді үндестіріп, үйлестіруде ерекше [5,73].

Қалай болғанда да, қазіргі уақыттың өзінде заман талабына сай радио халқымыздың рухани және мәдени өмірінде елеулі қызмет атқарып келеді, алдағы уакытта да бұл міндетін абыройлы орындайтындығына күмән жоқ. Ең бастысы басқаларды былай қойғанда, шағын радиоақпараттар материалдардың мазмұнымен ғана емес, сол материалдардың тілімен де үлкен-кішілерді ана тіліне, басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікке тәрбиелей беретінін ешқашан естен шығармағанымыз жөн.




Пайдаланған әдебиеттер тізімі:


  1. Данилов Т.Р., Бейсенқұлов А. Әуе толқынында қазақ радиосы. Алматы, 2001 -233 б.

  2. Омашев Н. Қазақ журналистикасы. Алматы, 1992, -264 бет.

  3. Щерба. Л. В. Современный русский язык. // Избранные работы по русскому языку. Москва, 1957.

  4. Орфоэпиялық сөздік. Алматы: Арыс, 2007.

  5. Р.Шәріпқызы “Қазақша хабар тарататын шетел радиолары” ҚазҰУ, - Алматы,1997.


ҚАЗАҚ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ «ИТ» ҰЙЫТҚЫ СӨЗІНЕН

ЖАСАЛҒАН ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ЭТНОМӘДЕНИ ҚЫЗМЕТІ
Қызырхан Шыңғар - 5В012100 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-курс студенті

Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Бақбергенова Р.Қ.
Әр халықтың өзіндік салт -санасы, елдік рухы алдымен оның тілінде таңбаланады. Этностың өзіндік дүниетанымынан, тұрмыс-салт ерекшелігінен туындаған арнайы сөз қолданыстардың халықтың өткен өмірінде қандай мәні болса, бүгінгі өмір-тіршілігіне тигізер пайдасы одан зор. Қазіргі тіл ғылымы ұлттық рухани мұраның тарихи маңызын саралап, қайта бағалауға бағыт бұрып отыр.

Қай этнос болмасын оның ежелгі, дәстүрлі дүниетанымдық жүйесі, халықтық рухы тілінде көрініс тауып, бүгінгі күнге жалғасып отыр. Этностың қалыптасу жолындағы ғасырлар қойнауынан сыр тартатын небір деректер бүгінгі ұрпаққа археологиялық қазбалар, көне ескерткіштер, т.б. жолдар арқылы жетіп жатады. Ә. Т. Қайдардың пайымдауынша, «бұлардың бәрі этнос басып өткен өмірдің бір ғана елесі. Этностың шынайы бейнесі, болмысы оның тілінде ғана сақталады» [1,11]. Тіл арқылы әр халықтың байырғы табиғи өмір сүру ортасы, қоғамдағы әртүрлі қарым-қатынасы, дүниетанымы, қадір-қасиеті көрінеді, өз қолымен жасаған мәдени құндылықтары жаңғырады. Осы ежелгі мәдени құндылықтардың пайда болу жолы мен заңдылықтары бар. Ол халықтардың, географиялық жағдайына негізделген өмір салтынан туады.

Жер бетін мекендейтін тіршілік иелері арасында адамға ең жақын тұратыны - жан-жануарлар дүниесі, сондықтан адамзат өркениеті, тіршілік етудің амал-тәсілі жан-жануар әлемімен тығыз байланысты. Ал қазақ этносының дәстүрлі экономикасының негізі мал шаруашылығы болған. Төрт түлік малды асырау, өсіру мақсатымен көшпелі ғұмыр кешкен, сондықтан қазақ тіліндегі фразеологиялық қордың бастауы осы дәстүрлі өмір сүру салтын айшықтайды. Дәстүрлі этномәдени ерекшелікті танытуға, этномәдени семантика жинақтауға бейім тұратын тілдік таңба - фразеологизмдер болып табылады.

Филология ғылымдарының докторы Г.Сағидолда: Фразеологизмдер - адамның ассоциативті ойлауының нәтижесі, халықтың өмірлік тәжірибесінің даналық туындысы, қай қоғамда да қолданысқа дайын тұратын әсем өрнекті тілдік таңбалар болғандықтан, айтылмақшы ойды бейнелі, өрнекті суретпен жеткізудің айшықты амалына [2,29] айналып, белгілі бір образды берудегі поэтикалық экспрессияның ең ұтымды құралы болып табылады [3,94]. Ол өрнек халық санасында жан-жануардың мінез-құлқы, адамға үлкен қажеттілігі тұрғысынан нәтижесінде қалыптасады. Төрт түліктің табиғатына ұқсату арқылы өмірдегі жақсылық-жамандық атаулыны барлық қырынан сипаттап, тілдік таңбаға айналдырған.

Қазақ халқы тарихында ұзақ сақталған көшпелі өмір салты, қазақтарды айнала қоршаған табиғат сырын зерттеп, жете білуге және соған сәйкес үйлесімде өмір сүруге үйретті. Жылдың төрт мезгілінде төрт түлік малдың қамымен жайылым ауыстырып көшпелі ғұмыр көшті. сондықтан қазақ тіліндегі мал шаруашылығына байланысты фразеологизмдердің негізгі бөлігі тіл дамуының ең көне қабатына жатады. Бұл көнелік олардың парадигмалық қатарының кең болуына әсер етеді.

Қазақтың ұлттық мәдениетінің қазіргі күні әлемнің түпкір-түпкірінде өмір сүретін қазақ диаспорасы өкілдері тыныс-тіршілігінің барлық саласында осы көнеліктің көрінісі бар. Ол қазақ этносының мекен-жайынан, ішер ас, киер киімінен, тұрмыс-салт, үлгі-өнеге, ақыл-ой, өсиет т.б. жайттардан байқалады. «Ит» сөзі арқау болған тұрақты тіркестер де, тұрақты теңеулермен біріккен сөздер де күнделікті адамдар арасындағы қарым–қатынаста көрініс табады.

Қазақ дүниетанымында «Жеті қазына» ұғымы бар. Жеті қазына тұрақты тіркесі ел қорғаны ер азаматқа ең қажетті құндылық деген мағына білдіреді. Бұл құндылық қатарына халық арасында құрамы жағынан аздаған айырмашылықтарымен: мықты, жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, қару (мылтық), қақпан (аң аулау үшін), сұлу әйел, ақыл-білім жатқызылады. Ескі наным-сенім бойынша ер жігіттің қолында осының бәрі түгел болса, оның бағы жанып арманы орындалады. Жеті қазына құрамының өзі-ақ оның халық тұрмысының өте байырғы кезеңінен, бақташылық дәуірінен, хабар береді. Осыған орай, «Жеті қазына» жеке адам емес, ата-баба қастерлеген рухани мұраға айналып, символдық мәнге ие болған. «Адам баласы үшін қымбат жеті қазынаға кейде туған ел мен өскен жерді, тамыры терең білім мен өресі биік өнерді, еркін еңбек пен таңдаулы кәсіпті, ел жұрттың амандығын жатқызады. Сондай-ақ, «Жеті қазынаны» - жер қазынасы, мемлекет қазынасы, мәдени қазына, рухани қазына, үй қазынасы деп те таратады» [1,29] . Сөйтіп, есте жоқ ескі замандардан жеткен тілдік таңбалар семантикасы халық өміріндегі ит жануарының орнын айрықша бағалайды.

Көшпенді қазақ тұрмысында иттің үлкен мәні бар, ол оның үйі мен мал-жанын қорғаған. Жақында жүрсе қорғаушысы, алыста жүрсе қолдаушысы деп білетін иесін ол қашанда жанындай жақсы көреді. Жақсы көретінін іс- әрекетімен дәлелдей білетіндігі оның басқа хайуанаттан ерекшелігі деуге келеді. Иттің қойшының еңбегінде атқаратын ролі аса маңызды. Дала қасқыры малға жақындағаннан үріп, қойшыға жеткізіп, малдың дала жыртқышының аузына түспеуінің алдын алады. Малшы қазақтардың айтуынша, олардың қасқырға қарсы үрген дыбысы жай кездері үргенінен басқаша болып келеді. Түнде бүкіл ауыл тарс ұйқыда жатқнда, иттер кірпіктерін ілместен олардың ұйқысын қорғап шығады. Жалпы алғанда ит хайуаны халқымыз санасында да, өмірінде де алар орны тым бөлек һәм қәдірлі екені даусыз.



«Ит» сөзінің шығу тарихы (О. Сүлейменовтың «Аз и Я» еңбегі бойынша ).

Егер «испака» исгуздардың тілінде де «ит» дегенді білдірсе, онда бір кезде көсемдердің де Ит атаған дәстүр болғаны ғой. Иран тарихы, мифологиясы мен діни нанымдары түркілердікінен әлдеқайда толығырақ зерттелді.Бірақ бұл ғқрқп туралы тарихшыларда үн жоқ. Семиттер де,үндіевропалықтар да,угрофиндер де Итке табынбағанын білеміз. Ал ежелгі көшпнлілер.түркілер. осы таяудағы уақытқа дейін итті пір тұтқан, аңыздарда өздерінің шыққан тегін итпен байланыстыралы:ұлы әмірлер халыққа билік жүргізе алатын дәрежеге жеткен соң, ата-анасы қойған лауазыммен алмастырып, Ит деп аталатын болған.Бұл дәстүр малшылық дәстүр алдында өтен аңшылық дәуірінен қалған жол-жора болуы керек.Ит аңшының ең тұңғыш көмекшісі. Адам нәсілінің әл-ауқаты итке байланысты болған. Ит-адамның қызметшісінің де, оның сергек көшбасшысының орнына жүрген.Табиғат адамға ұнмағанды итке берген: ит иісті ала біледі, көз көрмейтін ізді табады. Табиғат бойына дарытқан қасиеттер итті ұлы хайуанаттар қатарына жатұызған. Диқандар күнге, оның жердегі перзенттері-маймылға, көң қоңызға, мүйізді ірі қара малға қалай табынса, аңшылар асырацшы итіне солай табынған. Мыңдаған жылдар әртүрлі түркі тілінде адамның төрт аяқты досына-жолбасшысына деген ықыласы бедерленіп, көптеген табуистік (тыйым) атаулар жинақталды. Соның көбі лауазымдар.



Генеалогиялық аңыздар Итті (кейіннен- бөріні де) түркілердің арғы тегі дәрежесіне жеткізжі. Мысалы; қырғыздар өздерін Қызыл тазының (қызыл тайған) ұрпағымыз деп есептейді, өйткені бекзада қызбен оның 40 нөкер қызы сол Қызыл тазымен көңіл қосқан екер. Қырғыздың тағы бір басқа аңызы бойынша, сол бекзада қызбен оның шашбауын көтерген қырық қыз Ыстыұкөлдің ақ көбігінің дәмін татып, бәрі жүкті болыпты. Сірә Ит Қырғызша «ақ көбік»-ақ кобок. Тобыл татарларының қахарман Ақ кобок(Ақ төбет) аталады. Ақ-ноғайлар өздерінің арғы тегін – ақ кобок (ақ төбет ) деп санайды . Оғыз –қарлық диалектілерінде – «кабок» (көбек , кобяк) төбет , ит . Кобяк(ит)- түркі тайпалары арасында көп тараған есім ; ақноғайларда «кобек» (ақ көбек) деген ру бар. (Гордлевский В.А Что такое «босый волк?» Известия А Н СССР , отд. Литературного языка)

Жеті қазынанының бірі, жылдық санаудағы 12 жылдың бірі, 'ит' адамның досы демекші басқа жануарлардан өзгеше қасиетімен ерекшеленетін 'ит' атауы нені аңғартады? Түркі тілдерінің қайсысында болса да‚ 'ит' сөзі дыбыстық құрамы жағынан бір-бірімен сәйкес келеді. Көне түрікмен, әзірбайжан‚ түрік‚ қырғыз, қазақ‚ қарақалпақ‚ өзбек‚ алтай ит‚ ұйғыр ишт‚ тува‚ саха ыт‚ башқұрт‚ татар эт‚ ноғай‚ ойрат ийт‚ хақас адай және т.б. Түркі тілдері ішінде сәл ерекше көрінетіні – хакас тілі. Сәл “ерекше” деуімізге де негіз жоқ емес. Түркі тілдеріндегі дыбыстардың өзара сәйкестіктерін ескерсек (а~и және д~т)‚ адай сөзінің түбірі ад-тың ит-ке дейін өзгеруінің тарихи заңдылық екеніне көзіміз жетеді. Алтай жүйесіне жатқызылып жүрген монғол тобындағы тілдерде біздегі 'ит' сөзі өзгеше дыбысталады: монғол тілінде нохой‚ қалмақ тілінде ноха. Осы ұсынылып отырған аз ғана деректердің өзі-ақ 'ит' сөзінің түркі тілдеріне ежелден тән екендігінің дәлелі бола алады. 'Ит' атауының алғашқы мағынасы қандай болғандығына қолда бар азын-аулақ тілдік деректерді арқау етіп‚ болжамдарды келтіріп көрейік. 'Ит' әр кез өзінің жауын ұнатпайтын жан иесін алдымен ырылдап‚ одан әрі үркіп қорқытатыны әркімге аян. Ал ырылдау етістігінің алғашқы түбірі бір буынды -ыр болғандығын өзге түркі тілдерінің деректері мақұлдай түседі. Татар тілінде дәл біздегідей ырылдау дыбыс құрамында айтылса‚ Тува тілінде ырланыр‚ саха тілінде ырдыгынаа‚ өзбек тілінде ирилламоқ‚ түрікмен тілінде арламак‚ қырғыз тілінде ырылда‚ хакас тілінде ыыран және т.б. Тағы бір айта кететін жайт – көрсетілген сөздердегі бір буынды ыр түбірінен иттің екінші бір қасиеті – үру пайда болуы да ықтимал. Мысалы: чуваш тілінде біздегі үру мағынасын веер тұлғасында келеді. Келтірілген деректерден ырылда сөзінің алғашқы түбірі ыр екендігі‚ одан барып үр туындағанын байқадық. Осының салдарынан итке алғашқы тән қасиет -ыр бері келе р~т дыбысының сәйкестігі негізінде ит атауының пайда болуы ықтимал. Әрине‚ ыр түбірінен 'ит' атауы келіп шықты деп келте қайырсақ‚ болжамымыз бостау болып шығар еді. Жоғарыда кейбір тілдерде ыр түбірінің ир‚ ар қалпында айтыла беретіндігін көрсеттік. Мұндағы ы~а~и дыбыстарының бірінің орнына бірі ауысып келе беретін заңдылықтарға тоқталып‚ түсіндіріп жату артық. Бізге түсінік беруді қажет ететіні р мен т дыбыс алмасулары. Басқа сөздерді айтпағанда‚ дәл ырылдау мен итке байланысты сөздің өзінде бұл аталған дыбыстардың сәйкестігінің тұңғұс-маньчжүр тобындағы тілдер дерегінен көреміз. Осы тілдердің бірінде біздегі ырылдау сөзін - иркь ұғындырса‚ екіншісінде - ит дыбыстық құрамдағы сөз түсіндіреді. Осының өзі-ақ р~т дыбыстарының сәйкестік айғағы бола алады. Түркі тілдерінде осы дыбыстардың сәйкестігін анықтайтын деректермен салыстырсақ жаға (теңіз‚ өзен‚ көлмен байланысты) сөзі татарларда - крый‚ сахаша - кыты жоғарыдағы болжам нақтылана түседі [1]. Демек 'ит' атауы‚ сол үй хайуанының өз жауынан қорғану немесе өз жауын қорқытуға жұмсалатын басты іс-әрекетінің бірі‚ негізгі қасиеті – ырылдау-дың түбіріндегі р-ның т-мен алмасуының нәтижесі демекпіз. Мысалы: Ырыл “ит‚ қасқыр‚ т.б. айбат шеккенде шығаратын дыбысы”. Ырылда “ыр-ыр етіп айбат шегу”. Ырылдас “а) орт. етіс. Ырылда-с”, “ә). ауыс. сөзге келу‚ керілдесу‚ ұрсысу”. Ырылдастыр “өзг.ет.‚ Ырылдастыр”. Ырылдастыру “қ. атау”. Ырылдасу “қ. атау” Ырылдат “өзг.ет”. Ырылдатқыз “өзг. ет.”. Ырылдатқызу “қ. атау”. Ырылдаттыр “қ. атау”. Ырылдаттыру “қ. атау”. Ырылдату “қ. атау”. Ырылдау “қ. атау” және т.б.

Тілде 'ит' семасымен байланысқан тілдік бірліктердің негізгі мағынасы мен қолданыстағы мағынасы кездеседі. Мысалы, 'ит' семасы арқылы жасалған негізгі мағынаға иттің тікелей өзіне қатысты айтылатын тілдік бірліктер жатады. Мысалы, Осы кез жаға жақтан ит қыңсылы естілді (Ә. Сараев). Қан-жынға таласқан иттердің ырылынан басқа сырттан дыбыс естілмейді (Ә. Кекілбаев) деген мысалдардағы 'ит' семасымен байланысқан тілдік бірліктердің негізгі мағынасынан гөрі, оның күнделікті қолданыстағы мағынасының көп екендігіне көз жеткіздік. Өйткені тіліміздегі күнделікті адамның жағымды, жағымсыз әрекеттеріне, сезім жағдайы мен эмоциясына, адамның жеке басына, іс-қимылына, тұрмыс-тіршілігіне және т.б. жағдайларына байланысты қолданыстағы мағынасына жоғарыдағы кестеде көрсетілген фразема, теңеу, мақал-мәтел, термин және иттің шығаратын дауысына байланысты қалыптасқан тілдік бірліктерден көруімізге болады. Мысалы, сенен аяғанды ит жесін “Саған бермегенім өзіме де бұйырмасын, аясам арам болсын”; итпісің, кісімісің деу “адам ғұрлы көрмеу, елемеу, жақтырмау, менсінбеу”; ит рәсуасы шықты “берекесі кетті”; ит өмір “қорлықпен өткен тұрмыс, қорлық, итше ырылдасқан тірлік” және т.б.

Түркі тілдері бойынша жазылған лексикографиялық материалдар негізінде ит атауларына және қазақ тілі этимологиясынан Ә. Нұрмағамбетовтың еңбектері негізінде ит, төбет лексемаларына талдау жасалынды.

«Ит» сөзі қатысқан тұрақты тіркестер және мәні:



  1. Ит (таз) ашуын тырнадан алады . әлі жеткенше күш жұмсайды , біреу үшін кекті әлсізден қайтарады . Кешке шейін осы хабарды тегіс естіген Жігітек ауылдары үрпиісіп қалды . Заман не болып барады ? Күн рай қалай бұзылды . Ит ашуын тырнадан алғаны ма деп тіксінді (М. Әуезов)

2.Итаяқтан сары су ішкізді . Қорлады . Көзіне көк шыбын үймелетті . Әрине , сөз сенікі , келмей кетсең , келер болсаң ,иттей қып басқа тепсем . Ішкізіп аяқтан сары суды , дүниеде арманым жоқ соған жетсем . (С.Торайғыров) Тұтқын боп итаяқтан сары су ішіп , Кісенде қол-аяғы жатыр Абақ .(С.Бегалин)

3.Итәуресі шықты / Итәуреге салды . Әуреге түсті , әбден қажыды . Өскеменге обылыстық комсомол комитетіне барып едім , онда болғанымнан , жолда жүргенім көбейіп кетті . Итәуреге шығып , зорға жеттім . (М. Әбдірахманұлы)

4.Ит байласа тұрғысыз . Адам тұрып, тіршілік жасап болмайтын жер . Қайрақтының осы жақ беті жалтыр төбе ит байласа тұрғысыз , бір ызғырық , оң жақ беті аңырайтын бір аңғар . (Ғ.Мүсірепов)

5. Ит басына іркіт төгілді *ақ түйенің қарны жарылды. Ішкені алдында , ішпегені артында болды . ағыл-тегіл болды . молшылық .ауқатты тұрмыс орнады . –Нағыз жарылқайтын социализм көрінді !- деп Әбен күле жөнелді ...Күллі жұмыс машинамен істеледі . Мәселен : көшіп-қонғанда мынау үйді жығып , тігіп әуре болмаймыз , машина төбесінен бүркітше бүріп апарады да , қондыра қояды . Молшылық дегеніңізде есеп жоқ . Ит басына іркіт төгіледі...(Ғ.Мүстафин)

6. Ит қиынан қыл шықпай қалмайды . Әр нәрсе тегіне , затына тартпай қоймайды . Әр нәрсе тегіне тартпай қалмас , Қыл шықпай ит қиынан қалмас деген . (шешендік сөз)

7. Иттей болды *Ит болып кетті . Қор қылды ; абыройы төгілді, масқара болды.Әлі атаңа нәлет, завхоз,бүгін тағы алдады. Күні бойы күлімсіте ит болдым. Ақыры бермеді көлігін,- деді Батырхан.(М.Иманжанов).

8. Итжеккенге айдады. Алысқа, қиыр қиянға жер аударды.Нарды алған кісі бір күн ішінде әкеліп, үйімнің маңына тастап кетпесе,түбіне жетем! Ауыл –маулыңмен шабамын! Еркегін құл қылып,әйелін күң қылып, итжеккенге айдатам. ( «Қаз.ертегі» ) .

9. Ит жүгіртіп, құс салды. Сауық –сайран құрды. Ел ішінде сәлем де ,Замандас,құрбы,теңдерге. Ит жүгіртіп, құс салған,найза ұстаған ерлерге ( «Қобыланды батыр»)

10. Итжемеде қырылды. Азапта, қорлықта өлді. Тұтқындардың киімдері жұқа, жыртық болған соң, жатқан жерлері қарлы жер,уілдеген боран болған соі, азап шегіп, бұлардың бәрі итжемеде осылай қырылып таусылған екен.(С. Сейфулл ин)

11. Итжүрек Қызық –қуанышы жоқ, құлауға көнген көңіл. Сенісерге жан таба алмай, Сенделеді ит жүрек. Тірілікте бір қана алмай, Бұл не деген тентірек! (Абай)

12. Итжеміге тастады – ит жемі қылды Тастандыға (садақаға) шығарды, қараусыз қалдырды; өлімші етті, қорлады, азапқа салды. ( «Ит жемі» көбіне қорлау,қорлану мағынасында жұмсалады). Ендеше ортамыздағы ең әлсіз ,ең пышайман бір ғаріпті қайда тастап отырмыз? Итжеміге тастап отырғамыз жоқ па?! (М.Әуезов).

13. Ит жыны келді (ұстады) Ашуланды, тоңмойындық көрсетті. Мақау емес пе , ит жыны келсе, бетің бар, жүзің бар демейді (Ауызекі тіл)

14. Ит кемірген асықтай Бұжыр, сынбыз бет. Тегінде, ит кемірген асықтай тығырайған қара қажы қаны қашып, қара пышақтай болған екен. (І.Жансүгіров)

15. Иткөйлекті бұрын тоздырған Жасы аздап үлкен деген ұғымда әзіл ретінде айтылады. Бұдан ақыл сұрап, күн көріп жүргендер шамалы болса да, иткөйлекті бәріңнен бұрын тоздырғанмын деп, өзінше өктем соғар мінезі қалып көрген емес. (А.Байтанаев)

16. Ит көрген ешкі көзденді – ит көрген мысықша үрпиді Үрейі ұшты, елере үрікті. Ит көрген ешкі көзденіп, Елерме жынды сөзденіп, Жасынан үлгісіз шіркін, Не қылсаң өнер ізденіп (Абай). Төрде отырған Ықсан бұл сөздерге шыдай алмай, ит көрген мысықша үрпиіп, екі көзі мұғалімді жеп қоятындай аларып, кепкеннен кеуіп бара жатыр еді. (І.Жансүгіров)

17. Ит (иттей)қылды. Қор етті, қорлады, абыройын түсірді. Ермен шықты, ит қылып, Бидай шашқан егінге. Жай жүргенде өрт қылып, Тыныш өлсеңші тегінде (Абай ) . Әрине, сөз сенікі келмей кетсең, Келер болсаң , иттей қып басқа тепсем, Ішкізер табақтан сары суды, Дүниеде арманым жоқ соған жетсем . (С. Тора йғыров)

18. Ит мініп, ирек қамшылады – ағаш ерге жіп құйысқан Азып –тозып , тіршілікті жамап –жасқап өткізу мағынасында. ) Тепеңдеп айтылады). Еңіреген, егілген, Итке мініп, ирекпен Қамшылаған өмірден Аулын тартып алып тұр. ( І. Жансүгіров)

19. Ит өлім Қадірсіз, жиіркенішті қаза, қаңғырып, көмусіз қалу. Жусатып, жер құштырды ит өліммен, тізілген неміс тобын мыңнан, жүзден. ( М.Жанасаева)

20. Ит өмір Қорлықпен өткен тұрмыс, қорлық , итше ырылдасқан тірлік. Ит өмірдің осылай аяқталарын білді ме?! ( Ә. Нұрпейісов)

21. Ит пен құсқа жем болды – ит пен құс той тойлады . Кім көрінгеннің қолында кетті, ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті. Көшіп кетіп не көрді, бөтен жұртта ит пен құсқа жем болды, күшігіне дейін тісін көрсетті. (Ауызекі тіл)

22. Ит пен құстың арқасында Кім көрінгеннің кесірінен. Ит пен құстың арқасында кедей болсаң да, бұл өңірде сені білмейтін кім бар дейсің, – деді Ыбырай Қалжанға ( Қ. Тайшықов).

23. Ит пен мысықтай Бір –біріне өш, өштес, аңдысып өтер жау мағынасында айтылады. Неге екенін білмеймін, ағамның Шойтыққа жұлдызы қарсы , екеуі ит пен мысықтай , – деді Жұмаш. (Н. Сералиев).

24. Ит сілікпесін шығарды – ит сілікпе етті –ит сілікпеге түсірді . Борша –борша етті, мылжа –мылжа қылды; әбден шаршатты, қажытты. Онансайын Шернер өздерінің ит сілікпесін шығарып, мылжалап, домалатып әкеп, енді сол қан –қан денені бір –ақ лақтырғалы көр аузына тақап тұрған ана күз кеуделі алып елді, әсіресе, көп ойлады. ( Ә.Нұрпейісов)

25.Иттей ұлып қалды Адасқан жұртта қалған иттей, жалғыз зарлап қалды ; жалғыздан – жалғыз зар жылап қалды. Қойдың ба мені бүйтіп әуре қылып, Мен өлсем сен қаларсың сен иттей ұлып, Қимайтын ешкімім жоқ бұл жаһанда, Өлемін де кетем деп көзім жұмып ( «Ғашық –наме» )

26. Ит терісін басына қаптады Айыбын бетіне баса масқара қылып ұрысты, балағаттады. Біз тозақта күйіп жатсақ, сендер қолдарыңның ұшын бермей–ақ қойыңдар! – деп Өмірбай молдалардың иттерісін басына қаптады ( С. Сейфуллин ) .

27. Ит тұмсығы батпайтын (өтпейтін) Адам өте алмайтын қалың орман, тоғай, шабындық немесе жайылым шөп; бітік шыққан егін. Ит тұмсығы батпайтын орман іші жым – жырт (К. Оразалин )

28. Иттің етінен жек көрді. Өте қатты жек көрді, ұнатпады, суйқаны сүймеді, тым сөлекет, сүйкімсіз көрді. Дәл сол сағатқа дейін сүйген қызымды азғырып әкетті деп, бұл адамды иттің етінен жек көріп едім. ( Ә. Нұршайықов ).

29. Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар. Әркімнің өзіне лайық бір сүйенері, қорғаушысы, қолдаушысы бар. Көбей: – Еспембет, Тобықты да рулы ел, «Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар» , сенің мына айтып отырғаның береке, бітім емес. (М. Әуезов ).

30. Итіне дейін біледі (таниды) Жұрттың бәріне әйгілі. (Оны) елдің итіне дейін күндік жерден таниды, керек болса, елден бұрын иттер таниды. (Ғ. Мүсірепов )

31. Итше таласады . Болар–болмас нәрсе үшін жағаласты, араз болды. Жаман адамға мал бітсе, Кқрінгенменен итше таласады ( Шешендік сөздер )

32. Ит ырғын болды . Мол олжаға кенелді , олжаға батысты. Қалмақты жеңіп қалың қол, Ит ырғын да көл – көпір, Бақыршы тоқ олжа мол (Бұқар жырау) .

Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде келтірілген «ит» сөзі бар біріккен сөздер :

Итала ( итала қаз), итарба, итарқа, итарқалану, итарқалау, итаршы, итаршылану, итауру, итаяқ,итәуре, итбадам, итбалық, итбас, итбөрі, итбүлдірген, итектеу, ителгі, итемген, итемшек, итжанды, итжеккен, итжеме, итжемеде, итжерік, итжидек, итжуа, итжүзім, итжығыс, иткәсік, иткөйлек, иткүшәлә, итқора, итқорлық, итқонақ, итқұлақ, итқұмыс, итқұсық, итқызғалдақ, итмия, итмұрын, итмінез, итошаған, итрәсуа, итсабын, итсандық, итсигек, иттабан, иттартыс, иттепкі, иттүйнек, иттік, итшабақ, итшомырт, итшу

Итаршы, құйыршық. Біреудің айтағына еріп, сөзін сөйлеуші, қолшоқпары болу. Қазанғап Шәкенге жағыну үшін итаршы болып көрінсе, Шәкен малайларға жағымды болып шығады. ( Ғ. Мұстафин)

Итшілеу , итпектеу. Әуреге түсу, қиындық көру. Әйтеуір атпен, шанамен, кейде жаяу, итшілеп жүріп өзіміз тасимыз. (Ж. Кеттебеков) .

Қазақ тілінің тұрақты теңеулер сөздігіндегі « ит» сөзі қатысқан тұрақты теңеулер және олардың мәні:



  1. Аш иттей еркелеу. Бұраң қағып, аш иттей еркелеп, екі сұмырай әйел бұлардың үстіне жетіп келді. (І. Жансүгіров)

  2. Аш итше топыр қағу . Аш итше бір тиынға топыр қағып, Бір таласып, бір ұрсып, бір күледі. (Абай) .

  3. Барақ иттің басындай. Барақ иттің басындай Келісер ме шаш саған (І. Жансүгіров )

  4. Бұралқы итше. Қазақ артына қарап, бұралқы итше еңкейіп тебінді.

  5. Еркелеген иттей жүзі жылы. «жолбарыс адамға шабарда, теркелеген иттей жүзі жылып, қылмыңдап кетеді» деп еститін еді Асқар. (С. Мұқанов).

  6. Иттей тақымдау. Жау жағадан алған күн Өздері иттей тақымдар (Абай ).

  7. Күшік иттей жалбақтау. Екі малай артынан ертіп алған, Күшік иттей қылып жүр байға жалбақ. (Абай) .

  8. Құтырған иттің көзіндей қанталау. Түсі оңа бастаған көк көздері құтырған иттің көзіндей қанталап, оқ тиіп долырған сары аюдай қорбаңдап, Бүркітбай кіріп келе жатыр. (С. Мұқанов).

  9. Үйден үрген итке ұқсау. Ұрысса орыс, Елге болыс, Үйден үрген итке ұқсап. ( Абай )

Қорытындылай келгенде, қазіргі мәдениетаралық, тіларалық коммуникацияда, әлем халықтарының бірін-бірі танып-білуге деген құлшынысы кезеңінде, қай тілдің де иесі ғасырлар бойы жасаған нәрі мен сәнін түсініп білу арқылы халықтың жан-дүниесін рухын тануға болатыны белгілі. Әдетте өзге тілді үйренуде фразеологизмдердің номинативтік функционалдық жағына назар аударылып, оның этнос тілінің этнолингвистикалық мазмұнды байлығы екендігіне тереңдеп бара бермейді. Тілдің осындай этномәдени мазмұны жағынан толымды, ауқымды бірліктерін азды-көпті білу өзге этнос болмысын тануға апарар жол болмақ.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Кайдар А.Т. Актуальные вопросы казахского языка.- Алматы: Ана тілі, 1998.-304 с.

2. Сағидолда Г. Поэтикалық фразеологизмдердің этномәдени мазмұны.- Алматы:. Ғылым,

2003.- 248 б.

3. Сыздықова Р. Ғ. Абайдың сөз өрнегі.- Алматы: Санат, 1995.-251 б.

4. Бердібай Р. Эпос мұраты.- Алматы: Білім, 1997.-320 б.

5.Смағұлова Г.Н. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері.-

Алматы:Ғылым,1998.-196 б.

6. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990.

7. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі , Алматы , 1977 ж.

8. Қазақ тілінің орфогрфиялық сөздігі , Алматы , 2013 ж.

9. Олжас Сүлейменов « Аз и Я» , Алматы, 1971ж.

10. Қазақ тілінің тұрақты теңеулер сөздігі , Алматы, 2007ж.
«ЖЕТІ» САНЫНЫҢ ЭТНОМӘДЕНИ СИПАТЫ

Қайранбек Гүлнұр - 5B011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»

мамандығының 4-курс студенті

Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Бақбергенова Р.Қ.
Тіл адамзаттың жер бетіне түсірілген сәтінен бергі мыңдаған жылдар бойғы еңбегінің нәтижесінде бүгінгі кемелденген дәрежесіне жетті. Әр сөздің айтылуына қарай мың мағынасы дегендей, халқымыздың көнеден келе жатқан аталы сөздері, мақал-мәтел, қанатты сөздері, әртүрлі идиомалар, діни ұғымдағы сөздер, әдет-ғұрып, елдің дәстүрін, ескі салт-сананы айқын көрсете алатын сөздер қасиетті тақ сандар «үш», «бес», «жеті», «тоғыз», «он үш» және жұп «екі», «төрт», «алты», «сегіз», «он екі», «қырық» сандарымен байланысты.

Сан есімдер – фразеологизм жасауда көп кездесетін сөз табының бірі. Қай халықты алсақ та өзіндік ұстанған ырымы, наным-сенімі бар. Қазақ үшін сәрсенбі – сәтті күн, 7 – қасиетті сан. 7 санына байланысты толып жатқан жақсылық нышандары, айшықты атаулар бар. Әлемнің жеті кереметі, кемпірқосақ бояуының жеті түрден тұратындығы, жеті – музыкалық нота, аптаның жеті күні, жеті планета, міне, осының бәрі жеті санының әлемдік деңгейдегі құбылыстарға бай екендігін көрсетеді.

Әлемнің жеті кереметі, кемпірқосақ бояуының жеті түрден тұратындығы, жеті музыкалық нота, аптаның жеті күні, жеті планета, міне, осының бәрі жеті санының әлемдік деңгейдегі құбылыстарға бай екендігін көрсетеді. Қай халықты алсақ та өзіндік ұстанған ырымы, наным-сенімі бар . Қазақ үшін сәрсенбі – сәтті күн, 7-қасиетті сан, 7 санына байланысты толып жатқан жақсылық нышандары, айшықты атаулар бар. «Жеті ата», «Жеті жарғы», «Жеті қазына», «Жеті дәм», «Жеті амал», «Жеті ағайынды жұт» тағы да басқа осы атаулардың мағынасын ашуға тырысайық.

Тіліміздегі толып жатқан сөздер өткен өмірдің айнасы десек, ескі идеологияның, бұрынғы мифтік ұғымның ықпалынан туған деген пікірді дұрыс деп тапсақ, осы «жеті» сол пікірді толық дәлелдей алады. Алматы облысының Ұзынағаш ауданына қарасты Жеті әулие жатқан жер бар. Жеті әулиенің екеуі әулие кісі де, бесеуі батыр екен. Жетеуі бірігіп жаумен соғысып, ерлікпен қаза болған қасиетті жер. Мұнда келген кісілер бір сәтке болса да тоқтап құран бағыштап өтеді екен.

Діни ұғым, магиялық сананың «жетімен» байланысты екендігін «жеті бүзірік (мүдірік) әулие »(мұндағы «бүзірік» - зор, ірі деген мағынада) немесе «жеті шәріп» деген фразалар да көрсетіп тұр. «Жеті шәріп » деп жүргендері мыналар : 1. Меке шәріп, 2. Мәдина шәріп, 3. Бұхар шәріп, 4. Шам шәріп, 5. Қатым шәріп, 6. Құддыс(Мысыр)шәріп, 7. Кәлем шәріп. [1, 37]

Жоғарыда айтып өткеніміздей, қазақ қоғамындағы үштік қатынастың жүйесінен туындайтын туыстық сөздерден бүтін туыстық атаулар аймағы қалыптасқан. Осының негізінде «жеті» санымен байланысты идея халық арасында қалыптасып салт, заң болып кеткендігін толық дәлелдейтін бір мысал – ол «жеті атадан әрі ғана қыз алысу» заңы. Араға жеті атаны салып, құда түсу салты түрік-моңғол халықтарының бәрінде ғасырлар бойы сақталып келген. Бертін келе алыс-жақындықтың өлшемі де осы «жетімен» өлшеніп, ең болмағанда әр рудың адамы жеті атасын – бергі шежіресін білуге міндетті болды. Осыдан барып, «жеті атасын білмеген мұрт еді» деген сөз қалған болуы керек [5.15].

Адамның өз жұрты жеті ұрпаққа таратылып аталады. Сондықтан өз ұрпағына жеті атасын үйрету атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі. Қандастық жағынан алғанда үлгі боларлық зор қызметі мен маңызын халқымыз ерте түсінген және оны берік ұстанып келген.

«Жеті күн»: 1) Бүгін. 2) Ертең. 3) Бүрсүгіні. 4) Арғы күн. 5) Ауыр күн. 6) Соңғы күн.7) Азына.

«Жеті жұт»: 1.Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылуы). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс. 6. Топан су, сел. 7. Зілзала (жер сілкінісі). Ертеде тағы бір түрінде көк долы әйелді де жатқызған. Осы жұттың қайсысы болсын өзімен бірге екінші жұтты шақыра келеді. Сондықтан бір жұтпен байланысты басқа жұттың шығуы «жеті ағайынды» дегенді толық айқындап тұр. [1, 43]

«Жеті жоқ»: 1. Жерде өлшеуіш жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4.Тасбақада талақ жоқ. 5. Суда түс жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7.Жылқыда өт жоқ.

«Жеті ғалам» қазіргі тілімізде «дүние жүзі», «бүкіл әлем» дегенді білдіреді. Сонда жеті саны негізгі бағытты білдірген. Олар дүниенің төрт бұрышы: күншығыс, күн батыс, түстік, терістік, аспан – жоғары ғалам, жер – орта ғалам, жер асты – төменгі ғалам.

«Жеті қабат жер, жеті қабат көк» немесе «Жеті қат көк, тоғыз қат көк» жеке-жек қарайтын болсақ: Жеті қат жер: 1. Тұңғиық. 2 Жылан. 3. Су. 4. Қос балық. 5. Қара тас. 6. Көкөгіз. 7. Жер.

Жеті қабат қара жер тізесінен кіреді,

Атқанын тастан өткізсе,

Садағының бір оғын,

Жеті қабат жер астына жеткізсе,

Ол мергендікке жарасар [1, 36] – деген өлең жолдарынан осы жеті қабат жер астына байланысты айтылған ойды көреміз. Ал, «жеті қат көк» біздің қария кісілерден естіп жүргенімізге қарағанда мұндағы жеті саны «жеті жұлдызға» сәйкес келеді. Ай, Меркурий, Шолпан , Күн, Қызыл жұлдыз , Юпитер, Сатурн. Осы жеті жарық шығыс астрономиясында «жеті қат көк» деп аталады.

«Жеті қарақшы» - аспан әлеміндегі жұлдыздың аты. Қазақ тіліндегі қарақшы сөзі башқұрт, татар, ноғай тілдеріндегі «ұры» мәнін беретін «қарақ» түбіріне «-шы» жұрнағының қосылуы арқылы жасалған. Ал «Жеті» объектінің саны. Жетіқарақшы жұлдызы туралы әр түрлі аңыздар бар, солардың бірі: «Ертеде Қыран атты жігіт пен Үлпілдек атты қыз көңіл қосып, жігіт қызды алып келе жатқанда, жеті қарақшы қызды алып қашып, ешкім жете алмасын деп аспаннан орын тапқан екен. Содан бері «Жетіқарақшы» аталыпты. Осы аңыздар туралы Ш.Уәлиханов : «Бұл ерте заманнан келе жатқан аңыз болуға тиіс, өйткені моңғолдар жеті қарияның жұлдызы деп атайды. Халқымыз Жетіқарақшы жұлдызын жеті сақтаушы, күзетуші ретінде қастерлеп, дәріптеген», - деп көрсетеді. [2, 67]

Жеті қазына – бұған халқымыз ер жігіт пен асыл жарды, құмай тазы мен берен мылтықты, қыран бүркіт пен ер қанаты-жылқыны және қазанды жатқызған. Қариялар жеті қазынаға: жүйрік ат, қаққыш тазы, алғыр қыран, берен мылтық, ер жігіт, сұлу әйел, ақыл, білімді жатқызады.

Адамның күнделікті тіршілігіне бұлардың аса қажет екені сөзсіз. Әсіресе, ұлан-байтақ жерде мекен етіп, малының ыңғайына қарай көшіп жүрген дала қазағы үшін өте өте қажет дүниелер .

Жеті дәмге келер болсақ, олар – су, тұз, май, ет, дән (бидай, жүгері, күріш), ұннан жасалған қамыр кеспе, айран. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін кезінде Ұлыстың Ұлы күніне арналып берілетін бұл көже үнемі малы мен жанын ойлап, арып-ашып жүрген адамға әрі әл, әрі нәр беретін болған және көженің құрамын байытып, құнарын арттырады.

«Жеті нан» немесе «жеті шелпек» - құдайы беру, жеті нан тарату. «Жеті нан әрқашанда аруақ болып желеп-жебеп, бәле – жаладан қорғап жүреді» - дейді[1, 47]. Бұл «жеті» санының қасиеттілігінен туындап отырса керек.

«Жеті нан» құдайымен мәндес, төркіндес, «жеті тиын садақа», «жеті тиын нәзір» тұрақты тіркестері бар. Мағыналары: ертеде бір нәрседен қатты қорқып сескенгенде, яки сыйынғанда құдайға, аруаққа жалынып, кездескен қиындықтан өзін сақтауын тілеп, жолына мал, зат, ақша атап отырған. Оның саны жетеу болуы шарт.

«Жеті жаман». «Күншілдік деген бар, содан сақтан,

Кекшілдік деген бар, содан сақтан.

Астамшылдық деген бар, одан алыс жүр,

Сараңдық деген бар, одан қалыс жүр,

Қараулық деген бар, одан таза бол,

Бәлеқорлық деген бар, одан да ада бол,

Ынсапсыздық деген бар, содан аман бол!»

«Әлемдегі жеті керемет немесе жеті әлемет». Өнер тарихына байланысты «Әлемнің жеті кереметі» деген түсінік антикалық жазушылар шығармаларында б.з.д. ІІІ ғасырдан бастап атала бастайды. «Жеті керемет» дегеніміз мыналар: 1. Мысыр пирамидасы. 2. Галикернас сағанасы. 3. Родос алыбы. 4. Александрия шамшырағы. 5. Эфестегі Диана ғибадатханасы. 6. Олимпиадағы Зевс мүсіні. 7. Семирамиданың аспалы бағы.

«Жетелі жұрттың жеті белгісі» : Ту, елтаңба, әнұран, елұран, елтеңге, төлқұжат, ұлт жазуы.

«Жетімен» байланысты сөз тіркестері де, ертеден келе жатқан мақал- мәтелдер де кездеседі. Мәселен: «Жерден жеті қоян тапқандай қуанды» - қатты қуанды, шаттанды, мәз болды. Табан астынан, күтпеген жерден болған жақсылыққа қуанғанда айтылады. Атына міне сала, жерден жеті қоян тапқандай шауып барады(Ғ.Мұстафин). [8, 259].

Батты бұған жастықтың өр талғамы, Кете барды тістелеумен бармағы... Жерден жеті қоян тапқандай, Бала күйші мұның күйін жалғады, - деп жырлаған М.Сатыбалдиевтің «Шула, толқын» атты өлең жолдарынан да кездестіруімізге болады.

«Жеті ру» - елдің бәрі, барлық ағайын-туыс дегенді білдіреді. Жеті рудан жиналған, Жатыр отқа жалынып, Бой көтеріп алғайсың (Қ.Аманжолов, Шығ.) [6, 396].

«Жетіген» - Ұзынша жәшік тектес етіп жасалған, жеті қыл ішегі бар шертпелі музыка аспап. Мұнан өзге «алып алты, жеп жеті болмайсың», «жетімнің құрсағы жеті қабат», «кедейдің жеті қаңтаруы бар», «бала жетіге келгенше жерден таяқ жейді», «жеті тылсым», «жеті ықылым», «жеті кәміл» т.б. тіркестерде кездеседі.

Қазақта әрбір он үш жыл – бір мүшел. Оны қауіп санап, сақтанып жүрген. Кейінгі кезде әлем ғалымдары 7 санының да қауіпсіз емес екендігін айтып жүр. Мысалы 14 жасты алайық (7+7=14). Он үш жастағы алғашқы мүшелден аман-есен өткен жасөспірім 14 жасында қаперге тап келуі мүмкін дейді. 13 жасқа 12 жылдан қосып отырса, қалған мүшелдер рет-ретімен шыға береді (25, 37, 49, 61, 73, 84...). Демек, жасөспірімнің 14 жаста қауіп-қатерге тап болуы мүшелдің емес, 7 санының салдарынан болған құбылыс (7+7=14). Сол секілді, 21, 28, 35, 42, 49 т.б. сандары да мүшел секілді қауіпті. Әсіресе, 49саны. Бұл әрі мүшел, әрі жеті жетінің қосындысы (7х7=49). Халқымыз қастерлеген жеті санының қасиетімен бірге осындай қасіреті де бар көрінеді.

«Жеті» саны сонымен бірге өзге елдерде де киелі, қасиетті саналады. «Жеті қарақшы» қырғыз тілінде «жеті арқар» деп аталады. «Жеті ата» ұғымы қырғыз, татар халықтарында да бар. Татар тілінде «жеті рет өлшеп, бір рет кес» - «жиде кат үлче, бер кат кис», «маңдайы жеті қарыс» - «маңгае жиде карыш», «жеті қат терісін шығару» - «жиде кат тиресен тунау»түрінде келеді. «Жеті түн» қырғыз тілінде де қолданылады. Мысалы, «Жеті түндө мында емне қылып жүрөсүн?». Қытай халқы да қазақ халқы секілді адам дүниеден өткен соң біраз уақытқа дейін жеті күн сайын марқұмды еске алып, жоралғыларын жасап отырған. Көрші орыс халқында да «Семь мудрецов, семь чудес света; Весь окружающий нас мир строится на эдакой семиречности: семь чудес света, семь дней недели, семь нот в гамме, семь звезд большой медведицы, семь светов радуги» секілді тұрақты сөз оралымдары бар.

Қорыта айтқанда, халқымыз қасиетті санаған «жеті» саны талай-талай мағыналы, мазмұны терең мән тауып, өмірі мен тұрмысына тірек, жанына жалау болды. Жас ұрпақты тәрбиелеуде, қазақ шежіресін үйретуде бұл қасиетті санның маңызы өте зор.

Абай атамыз айпақшы, «құлақтан кіріп бойды алатын жақсы ән мен тәтті күйдің» барлығы да бар болғаны жеті әуездің комбинациясы. Адам адасқанда батыс-шығыс пен оңтүстік-солтүстікті анықтау үшін аспаннан Темірқазық жұлдызын іздейді. Себебі, ол атының өзі айтып тұрғандай солтүстікті көрсетіп тұратын қозғалмайтын әлемнің кіндігі. Бабаларымыз айтқандай: «Жеті қарақшыны таныған, жеті қараңғы түнде де адаспайды». Оның мағынасы Жеті қарақшы бейне бір аспан сағатының тіліндей сол Темірқазықты айналып отырады. Адам баласымен қоса барлық жануарлардың денесі мен ең ардақты мүшесі басын қосып тұратын мойын—омыртқа буындарының саны да жетеу. Жас туған нәрестенің кіндігі жеті күннен кейін түссе, адам өмірден озған соң, марқұмды жеті күн өткен сайын біраз уақытқа дейін еске алып, жоралғыларын жасайды. Әлемнің толып жатқан ғылымдары мен тұрмыс-тіршілігінде жеті санының орны ерекше.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет