Графикалық диктант.
Бастапқы нүктеден бip торкөз оңға, бip торкөз төмен, eкi
торкөз оңға, бip тор жоғары, бip оңға, ең төмен, бес оңға, eкi
жоғары, бip солға, бip жоғары, eкi оңға, сегіз төмен, бip солға,
eкi жоғары, бip солға, eкi төмен, бip солға, eкi жоғары, үш
солға, eкi төмен, бip солға, eкi жоғары, бip солға, eкi төмен, бip
солға, үшжоғары, бip солға, төрт жоғары, сосын бастапқы
нүктемен қосамыз.
Жауабы: мысық.
Сабақты корытындылау: Балалар сабақта орындаған
жұмыстарын бағалап, дөңгелекшені бояйды.
2 сынып.1-сабақ
Балалардың даму деңгейін анықтау.
Сабақтың мақсаты:
1.Түстерді ажыратуға,қиял мен зейінді тұрақтату
2.Қиялдау,елестетуді дамыту
3.Ізденімпаздыққа тәрбиелеу
Сабақтың барысы.Ұйымдастыру бөлімі
Ми гимнастикасы.
а) «Басты шайқау». Ойлау қабілетін жақсартады. Терең демал, иығыңды бос ұстап, басыңды алға таста. Денедегі ауырлық түскенше басыңды ақырын ары–бері айналдыр. Иегіңді бір сызықтың бойымен кеуде тұсына әкел.
б) «Жалқау сегіздіктер». Жаттығу ми құрылымының белсенді жұмыс істеуіне, есте сақтау қабілетінің дамуына көмектеседі. Ауадасегіз санын сал, әр қолыңмен жеке-жеке және екі қолыңмен үш рет қайтала.
Ширату.
Бүгін аптаның қай күні? (Оқушы осы күннің атын айтады).
Аптаның нешінші күні? (Оқушы апта күндерін санап, осы күннің реттік санын айтады).
Жылдың қай мезгілі? (Қыс, көктем, жаз және күз мезгілдерінің сәйкесін айтады).
Тағы қандай жыл мезгілдерін білесің? (Айтылмаған жыл мезгілдерін айтады).
11-ден 20-ға дейін және кері сана (11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 19, 18, 17, 16, 15, 14, 13, 12, 11)
Екі бұзаудың бірі оңға, ал екіншісі солға қарап тұр. Олар бірін – бірі көре ме? – (Бұзаулар қатар және қарама-қарсы бағытқа қарап тұрса, олар бірін-бірі көреді. Ал егер олар қатар және бір бағытқа қарап тұрса, онда соңында тұрған бұзау алдында тұрған бұзауды көреді де, алдында тұрған бұзау соңындағыны көрмейді).
Көзді жұмғанда не көресің? (Түс)
Тапсырма-1.Сандардың ішінде біреуі жоқ. Сол санды ата.
Жауабы: 3
Тапсырма-2. Әр қатардан артық сөзді сыз. Таңдауыңды түсіндіріп бе
Сағат, минут, түн, секунд. (Түн – уақыт бірлігіне жатпайды).
Әнші, ақын, сазгер, әже. (Әже – туыстықтыбілдіретін сөз).
Домбыра, сырнай, балға, сыбызғы. (Балға – саз аспабына жатпайды).
Дәптер, қайшы, қалам, қарындаш. (Қайшы оқу құралы емес).
Жеті, тоғыз, қол, қырық. (Қол – дене мүшесі).
Көңілді үзіліс.Қолдарыңа он таяқша алыңдар. Оларды жұдырықтарыңа салып қысыңдар. Жұдырықтарыңды ашып, үстел үстіне тастаңдар. Енді таяқшаларды бір-бірлеп жинаңдар. Жинау кезінде қатар жатқан таяқшаларды қозғап жібермеңдер. Егер бір таяқша қозғалып кетсе, тапсырма басынан бастап қайта орындалады.
Тапсырма-3. Төртбұрыштардың екеуі бірдей және екеуі әртүрлі болатындай етіп боя.
Достарыңызбен бөлісу: |