Оралтаева А. С. Аналитикалық химия. Зертханалық практикумы


Бірінші лабораториялық жұмыс



бет37/155
Дата31.01.2022
өлшемі4,45 Mb.
#116563
түріПрактикум
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   155
Бірінші лабораториялық жұмыс.
Тақырыбы: I-VI аналитикалық топтар катиондарының өзіндік реакциялары
Жұмыстың мақсаты: Na⁺, NH4⁺, Pb²⁺, Ca²⁺, Ba²⁺, Al³⁺, Zn²⁺, Mn²⁺, Fe²⁺, Fe³⁺, Mg²⁺, Cu²⁺, Ni²⁺ катиондарының өзіндік реакцияларын оқып үйрену.
1.1. Теориялық мәселелер.

Лабораториялық жұмысты бастаудан бұрын осы жұмысқа байланысты негізгі теориялық мәселелерімен танысып алу керек. Оның ішінде:

1. Д.И. Менделеевтің периодтық системасы және катиондық өзіндік химиялық реакциялары арасындағы диалектикалық байланыс.

2. Катиондардың қышқылдық-негіздік классификациясы, топтық реагенттердің қасиеттері және катиондарды тұнбаға түсіру шарттары.

3. Сапалық анализді орындау шарттары және аналитикалық химиялық реакцияларға қойылатын талаптар.

4. Тұнбаға түсу, қышқылдық-негіздік комплекс түзу, тотықтану-тотықсыздану реацияларының және амфотерлік катиондардың негіздік қасиеттері.


Сабақтың мазмұны:

1. Химиялық лабораторияда техника қауіпсіздігін сақтау қағидаларымен танысу.

2. Сапалық анализге қажетті химиялық ыдыстар мен приборларды пайдалану жалдарын меңгеру.

3. Лабораториялық жұмысты орындау жолдары туралы мұғалімнен қысқаша нұсқау алу.

4. Жұмысты орындау.

5. Жұмыс қорытындысын талдау және орындалған жұмысты ГОСТ ережесі бойынша толтыру.

6. Үйге берілген тапсырма: екінші лабораториялық жұмысқа дайындалу, яғни ерітіндідегі барлық аналитикалық топтардан тұратын катиондарды зерттеу жолдарын оқып үйрену.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет