Метрологияның даму
тарихы
Орындаған:Уалихан С.Тұрсынбай Б.
Жапар А.Дутанов И.
Қабылдаған:Баймаханов Г.А.
Метрология (грек. metron – өлшем және logos – сөз, ілім) – өлшеу туралы, өлшеудің бірлігі мен қажетті дәлдікке жету тәсілдері туралы ғылым.
Метрология алғашқыда өлшеудің әр түрлі тегін (сызықтық, сыйымдылық, салмақ, уақыт) жазумен, сонымен қатар бірнеше мемлекеттерде қолданылған ақша және олардың ара қатынасын табумен айналысты.
Қазіргі заманғы метрология 3 түрден тұрады: заңнамалы, фундаменталды (ғылыми) және практикалық метрология.
Метрологияның негізгі мәселелеріне:
өлшеудің жалпы теориясы;
физикалық шамалардың және оның жүйелерінің бірліктерін ұйымдастыру;
өлшеудің әдістері мен құралдары;
өлшеудің дәлдігін анықтау әдістері (өлшеудің қателіктер теориясы);
өлшеу бірлігін және өлшеу құралдарының метрологиялық жарамдылығын қамтамасыз ету (заңды метрология);
эталондар мен өлшеу құралдарының үлгілерін жасау;
эталондарды бірлік өлшемдерін тарату әдістері жатады.
Метрология ғылымы практикалық түрде бұрынғы заманда пайда болған.Әр өлшем жүйесінің өз ерекшеліктері бар. Ол тек қана заманымен ғана емес, менталитетімен де ерекшеленді.Метрологияның күрт дамуына 1875 ж. Метрикалық конвенцияның (құрамында 17 мемлекет бар) қорытындысы (Өлшеу мен таразылар және өлшеудің метрикалық эталонын жасаудың халықаралық мекемесі) себепші болды.
Қазіргі кездегі Метрология физика, химия, т.б. жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін пайдаланып, физикалық тәжірибенің жоғары дәлдігіне сүйенеді. Қазақстанда алғашқы метрологиялық мекеме 1923 ж. Семей қаласында ұйымдастырылды. Ол 1925 ж. Семей және Жетісу губернияларындағы таразыларды, гірді, ұзындық пен көлем өлшемдерін тексеруді жүзеге асыратын өз алдына жеке палата болды.
Оның бөлімдері Петропавл, Ақтөбе, Алматы қалаларында жұмыс істеді. 1930 ж. палата Алматыға көшірілді. 1974 ж. Алматы қаланда арнайы эталондар сақтайтын ғимарат салынды.
Қазақстанның эталон базасын құруға және оны жетілдіруге үлес қосқан ғалымдар: М.Адайбеков, М.Басаров, А.Садықов, В.М. Кошелев, Ж.Нығметов, С.Үмбетаев, И.Ермекбаева, т.б. Республиканың метрологиялық қызметінде тексеру жұмыстарын жүргізу үшін 20 жұмыс эталоны (мыс., қысым, температура, масса, ұзындық, электрлік сыйымдылық, электрлік кедергі, түзу, түзу сызық, т.б.) қолданылады.2000 ж. Қазақстанда Мемлекеттік уақыт және жиілік эталоны пайдалануға енгізілді (Б.Елубаев).
Бірліктердің атауы мен олардың мөлшері өлшемдерді «қолдық» әдіспен жүзеге асыру мүмкіндігіне сәйкес келген.Осылайша Русьтағы ұзындыңтың негізгі бірліктері пядь және локоть (білек) қалыптасқан. «Пядь» негізгі ежелгі орыстық ұзындық өлшемі болған және ол ересек адамның бас бармақ пен сұқ саусақтардың ұштарының арақашықтығын білдірген. Кейін келе, өлшемнің басқа түрі - аршин пайда болғаннан кейін пядь (1/4 аршин) біртіндеп қолданыстан шыға бастады.
«Білек» өлшемі Вавилоннан келген, ол шынтақ пен ортаңғы саусақтың ұшына дейінгі арақашықтықты білдіреді.Өлшемдердің метрлік жүйесі Францияда 1840 жылы енгізілген. Ресейде оны енгізудің маңыздылығын Д.И.Менделеев атап өткен. Ол метрлік жүйенің жалпы таралуының «халықтардың болашаңтағы қаланатын жа-қындастығына» әсер ету құралы ретінде үлкен рөлі бар екендігін болжаған.Ғылым мен техниканың дамуы жаңа өлшемдер мен жаңа өлшем бірліктерін талап етті, ол өз кезегінде іргелі (фундаменталды) және қолданбалы метрологияның жетілуін ынталандырды.
Өлшемдер метрологияның негізгі объектісі ретінде физикалың шамалармен және өзге де ғылымдарға жататын шамалармен (математика, психология, медицина, т.б ғылымдарға жататын) байланысты.Үдерістер мен физикалың денелердің түрлі қасиеттерін сандық сипаттау үшін шама түсінігі енгізілген.
Корытынды!
Назарларынызга
рахмет!