Оразбаев Қ. И. О-65 Жалпы топырақтану


Таулы аймақтардың топырақтарын пайдалану



Pdf көрінісі
бет107/113
Дата28.09.2023
өлшемі2,94 Mb.
#182873
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   113
Байланысты:
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

Таулы аймақтардың топырақтарын пайдалану 
 
Оңтүстік таулы облыстарда егістіктер мен бақшалар ба-
сым, олар аумақтың 8% алып жатыр, жайылымдар мен шабын-
дықтар – 55%, ал ормандар жалпы ауданның – 16% ғана қам-
тиды. 
Таудың құба орман топырақтары орман өсімдіктерінің 
қасиеттеріне кескін қалыңдығына, экспозициясына және теңіз 
деңгейінен биіктігіне тәуелді. Түгелдей алғанда олар құнарлы, 
ал оларға отырғызылған екпе ағаштардың өнімділігі жоғары. 
Құба топырақтар жүзім, жеміс өсіру үшін жарамды. 


Тау шалғындары топырақтары шабындық және жайылым 
ретінде пайдаланылады. Шөптесін өсімдіктер сел жүруінің 
алдын алуы арқылы эрозияға қарсы рөл де атқарады. 
Тау топырақтарында бидай, жүгері, мақта, жүзім, көкөніс-
тер өсіріледі. Тау топырақтары орман және ауылшаруашылық-
тарында жайылым ретінде кеңінен пайдаланылады 
 
 
VIII БӨЛІМ. 
Топырақ эрозиясы және онымен күрес шаралары 
 
Бүгінгі күні Қазақстан территориясын алатын болсақ 
жерді тек табиғи-шикізат ретінде пайдаланып, су-жер ресурс-
тарын ысырап етіп шөлдену үдерісі арта түсуде. Осының салда-
рынан топырақ жамылғысы мен өсімдік фармациялары сиреп 
тірі ағзаларға үлкен нұқсан келтіріліп, топырақ деградацияға 
ұшырауда. Қазіргі кезде шөлдену үдерісі 180 млн. га., немесе 
Републиканың 60% -ын қамтып отыр. Антропогендік эрозия 
мен дефляция нәтижесінде 30 млн.га техногендік бүліну жағ-
дайында тұр. Тұзданған және сорланған жер көлемі 60 млн.га 
артық. Тәлімі ретінде астық дақылдарын, мал азығын дайын-
дайтын құнарлы жерлер бүлінуде, 10 млн., га дегумификацияға 
(қарашіріктің жоғалуына) ұшырап отыр. Солтүстік Қазақстанда 
газ-мұнай өнеркәсібін дамыту барысында 100 мың га, химиялық 
ластану нәтижесінде бүлінген, техногендік бұзылу дәрежесі
2,05 млн.га Мал жайылымдарының экологиялық жағдайы да тө-
мендеп 3 млн. га жер деградацияланған. Осындай жағдайды 
ескеріп күні ертең не болатынын білмей отырған қарапайым 
халық, зардап шегуде. Топырақтың табиғи заңдылықтарына 
келетін болсақ, ол күрделі дене есебінде тұрақты түрде даму 
мен өзгерудің үстінде болады. Себебі оның ішінде, жаңадан түзу 
және бұзылуы жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатады. Қолайлы 
табиғи жағдайлар қалыптасқанда топырақтың 2 – 3 сантиметр-
лік беткі қабаты 200 – ден 1000 жылға дейінгі уақытта түзіледі 
немесе пайда болады. 
Еріген қар суы, жауын мен жел әсерінен табиғатта мың-
даған жылдар бойы түзілген топырақ қабаттары 20 – 30 жылдың 


ішінде жойылып кетуі мүмкін. Судың, желдің және антропо-
генді (адам әсері) факторлардың топырақты және оның түзілуіне 
заттай (материалды) негіз болған төсенді аналық тау жыныс-
тарды бұзып, бүлдіру әсерінен беткі құнарлы қабаттың сумен 
шайылып, ағызылып немесе желмен мүжіліп, ұшырылып әке-
тілуі эрозия (латынша erosio – бөлу, айыру) деп аталады. 
Эрозияны тудыратын табиғи күштерге байланысты оны 
екі түрге бөледі: су эрозиясы және жел эрозиясы немесе дефля-
ция. 
Су эрозиясы – кеңістік немесе жазықтық, жолды немесе 
жыралық эрозияға бөлінеді. 
Кеңістік эрозия – топырақтың жоғарғы қабатының жуы-
лып шайылуы. Мұндай құбылыс көлбеулі жерлердің беткеймен 
аққан қар суы немесе жаңбыр әсерінен топырақ бетінен оның 
майда бөлшектерін (негізінен ұлпасын) ағызып әкетуден пайда 
болады. Табиғи жағдайдағы осы әрекеттердің салдарынан 
топырақтың қарашіріндісі көп беткі қабаттың қалыңдығы 
біртіндеп азая береді. Кеңістік эрозиясы – су эрозиясының кең
тараған және өте зиянды түрі, себебі бұл эрозияның жұмысы 
жәй көзге көрінбейді, тек топырақтың құнарлы қарашірінді 
қабаты жуылып шайылып азайғанда немесе одан төмен орна-
ласқан құнарлылығы аз генетикалық қабаттар жуыла бастаған 
кезде ғана білінеді. Эрозияның бұл түрімен тиісті жүйедегі 
күресу шаралары жүргізілмесе, ол жыралық эрозияға айналып 
кетеді. 
Жыралық эрозия көлбеу беткейлердің тар жерлеріне 
едәуір көлемдегі жиналып ағатын қар немесе жауын суларының 
әсерінен пайда болады. Бұл құбылыс топырақты терең ойып-
жырып, оны дағдылы өңдеу кезінде тегістелмейтін шұңқырлар 
мен ор-жыралардың пайда болуына әкеп соқтырады. Бір дүркін 
болып өтетін нөсер жаңбырдың әсерінен ірі ой-шұңқырлардың 
пайда болуы жиі кездеседі. Су эрозиясының бұл түрі көлбеу 
беткейлі жерлерді бойлай ашық қарықпен (бораздамен) жырт-
қанда күшті байқалады. 
Ой-шұңқырлар біртіндеп сай-жыраларға айналуы мүмкін, 
бұлай болғанда топырақпен қатар, одан төмен орналасқан ана-
лық геологиялық жыныстар да бұзылады. 


Су ағысының қалыптасуы және эрозияның дамып, күшеюі 
жауын-шашынның қарқынына немесе бір уақыт өлшемінде 
(минут) белгілі жер көлеміне (гектар) атмосферадан түскен су-
дың мөлшеріне (мм) тікелей байланысты. Қарқынды және ұзақ 
нөсер жаңбырдың суын топырақ сіңіре алмайтындықтан жер 
бетінде су ағыны пайда болады. Мұндай ағын ерте көктемде қар 
суынан да пайда болады, себебі ол кезде топырақтың су сіңіру 
қасиеті жылы уақытпен салыстырғанда шамалы болады. 
Ирригациялық эрозия суармалы егіншілік аймағында жиі 
кездеседі. Бұл эрозия суғару суының ағысы көбірек болса, аз 
ғана көлбеу жердің өзінде де пайда болады. Осы әрекеттің 
әсерінен топырақтың беткі қабатындағы қарашірінді мен өсім-
дікке қажетті қоректік макро және микроэлементтер жуылып-
шайылып кетеді, осының салдарынан топырақтың құнарлылығы 
азаяды, негізгі және уақытша жасалған ирригациялық жүйелер 
істен шығады. 
Қазақстан мен Орта Азияның таулы аудандарында қардың 
көктемде қатты еруінен және күшті нөсер жаңбырдың әсерінен 
сел тасқыны пайда болады. Сел тасқыны аяқ астынан және 
қысқа мерзімді болады ол таудан сумен бірге топырақтың ұлпа-
сын, қиыршықтарды және әртүрлі көлемдегі тастарды да 
шайып, домалатып әкетеді. Бұл көшірілген батпақты-тасты 
масса тау етектеріне немесе тегіс ойпат жерлерге жинайды,
сөйтіп кейбір жағдайларда ауылшаруашылығына пайдаланатын 
жерлерді басып қалады. 
Жел эрозиясы жергілікті немесе күнделікті дефляция және 
қара дауыл немесе шаңды дауыл болып екіге бөлінеді. 
Жергілікті жел эрозиясы топырақ беті шаңданған, құрғақ 
болғанда желдің жылдамдығы аз болса да (4 – 8 м/сек) пайда 
болады және ол жаяу бұрқасын және құйынды эрозия түрлеріне 
кездеседі. Жаяу бұрқасын кезінде топырақ бөлшектері бір 
жерден екінші жерге шамалы биіктікте секіріп немесе топырақ 
бетімен домалап ауысып отырады. Бұл эрозияның түрінен өсім-
діктер жас кездерінде қиылып қалады да, гектар өнімділігіне 
көп зиян келеді. 
Құйынды эрозия кезінде топырақтың ұсақ бөлшектері 
желдің орағыта соққан әсерінен біраз биіктікке көтеріледі, 


мұндай жағдайда егіс танаптарында және далаларда құйын 
немесе бағана сияқты аспандаған шаң-тозаң құбылыстары пайда 
болады, егіс дақылдарының тамыр жүйелері ашылып қалады, ал 
өте қатты құйын кезінде өсімдіктер
тамырымен жұлынып кетеді. 
Шаңды немесе қара дауылдар күшті жел (жылдамдығы 10 
– 15 м/сек және одан да көп) әсерінен туады және олар кең 
көлемдегі кеңістікті қамтиды. Олар бірнеше сағаттың ішінде 
егістік жердің І гектарынан 100 - 500 тоннаға дейін топырақты 
шаңдатып, бұрқыратып, ұшырып жібереді. Жел топырақтың 
беткі қарашіріндісі мол қабатын бұзып, топырақ бөлшектерін 
үлкен биіктікке көтеріп, оларды эрозияға ұшыраған жерден 
әртүрлі қашықтыққа апарып тастайды. Ірілеу бөлшектер жақы-
нырақ аумақтарға түсіп орналасады да, ал көлденеңі 0,1 мм-ден 
аспайтын ұсақ бөлшектер топырақ суырған жерден жүздеген, 
кейде мыңдаған шақырым жерлерге ұшырылып әкетіледі (ауыс-
тырылады). 
Жел эрозиясы да су эрозиясы сияқты топырақ бетіне өте 
көп зиянды әсерін тигізеді. 
Пайда болуы өзгешелігіне және халық шаруашылығына 
тигізетін зиянына сәйкес эрозия үдерісінің дамуы қарапайым 
немесе геологиялық және тездетілген немесе антропогендік түр-
леріне бөлінеді. 
Қарапайым (әдеттегі) эрозия табиғи жағдайда орман-тоғай 
және түрлі шөп өсімдіктері бар барлық жерлерде жүріп жатады. 
Бұл эрозияның әсері өте бәсең, мұның салдарынан жоғалған 
топырақ жылма-жыл табиғатта тоқтаусыз жүріп жатқан топы-
рақтүзу жұмыстарының негізінде толығымен қайта қалпына 
келіп отырады. 
Сондықтан қарапайым эрозия халық шаруашылығына 
ешқандай зиянын тигізбейді. Мысалы, АҚШ ғалымдарының 
зерттеулері бойынша қарапайым эрозия кезінде І га жерден 
ұшып кететін (жоғалатын) топырақ шығынының мөлшері 
жылына әртүрлі аймақтарда 2,25-тен 11,5 т деп белгіленген. 
Себебі, АҚШ орталығындағы штаттардың жерінде өте көп тара-
ған домалақ қой тасты балшықтан жылына орташа есеппен І 
гектарда 6,75 т топырақ түзіледі (пайда болады) деген ғылыми 
деректерге сүйенген. Ал, В.В.Докучаевтың зерттеулері бойын-


ша, топырақ табиғи факторлардың өзара, күрделі жұмыста-
рының әсерінен дербес пайда болған табиғи-тарихи туынды, 
сондықтан оны көп шығынға ұшыратуға жол беруге болмайды. 
Осы себепті топырақ шығынының жылдық орташа мөлшерін І 
гектарға 10 тоннаға дейін деп көрсету дұрыс емес. Докучаевтың 
деректеріне байланысты І га жерден жел эрозиясымен жоға-
латын топырақ мөлшері 0,2 – 0,5 тоннадан аспауы керек. 
Тездетілген эрозия табиғи өсімдіктерді азды-көпті құртыл-
ған және жер жағдайы топырақ ерекшеліктерін елемеу салда-
рынан тиімсіз пайдаланатын маңайларда өріс алады. Мұндай 
жерлерде қарапайым эрозияның күші бірнеше есе (жүздеп-
мыңдап) артып отырады. 
Тездетілген эрозия өмірде болуы тиіс заңды құбылыс 
емес, барлық ғылыми-техникалық нұсқаулар мен шараларды 
қолдана отырып, оны тоқтату қажет, ал эрозияға ұшыраған 
топырақтардың құнарлылығын қайта қалпына келтіріп, одан әрі 
арттыру – бүкіл адамзаттың ең басты жұмысы. 
Табиғи жағдайлардың тездетілген эрозияның дамуы мен 
қалыптасуына әсер ететін негізгі күштері – топырақ бетіндегі 
өсімдіктер жамылғысы, жер бедері, топырақтың қасиеттері және 
климат. 
Топырақты қорғаудағы ағаш және шөп өсімдіктерінің өте 
зор маңызы бар екенін атақты ғалымдар В.В.Докучаев, 
П.А.Костычев, В.Р.Вильямс және басқалар өз еңбектерінде атап 
өткен. Себебі, өсімдік жамылғысы жоқ құрғақ топырақ 5 – 8 м/ 
сек жылдамдықпен соққан желде эрозияға ұшырап, ұшып 
кетеді. 
Тығыз тұтасқан өсімдіктердің астындағы топырақтың 
эрозияға қарсы беріктігі күшті дамыған. Оның себебі, мынада:
өсімдік тамырлары өсу кезеңдерінде топырақтың ішіне еніп, 
оның бөлшектерін біріктіріп тұрады, жуылып-шайылуға немесе 
желмен мүжіліп, ұшып кетуіне кедергі жасайды. Өсімдіктің жер 
бетіндегі бөлігі (сабағы, жапырағы) жауын тамшыларының 
соғуын және жел күшін азайтып, топырақ беті құрылымының 
бұзылуынан, ыстық кездерде оның кеуіп, шаңдануынан сақтай-
ды. Бұл әрекеттердің әсерінен топырақтың жуылып-шайылуы, 
шаң тозаңға айналып ұшуы азаяды. Өсімдіктер қыс айларында 


қар тоқтатып, оны жинақтауға әсер етеді, қар басқан топырақ 
тайыз тереңдікте қатады және оның қарашірінді қабаты аязда 
үгіліп-мүжілуден сақталады. Мұндай жерлер көктемде қар 
кетісімен тез ериді де, қар және жауын суларын бойына көп 
сіңіреді. Орман төсеніштері (күзде түскен ескі жапырақтар) мен 
шымды жерлер суды бойларына ұстап, топырақты бұзылудан 
сақтайды және қалыпты жағдайда су өткізгіштігін тұрақтан-
дыруға әсер етеді, міне, осылардың салдарынан эрозияның әсері 
бәсеңдейді. 
Жақсы шымданған жерлерде де табиғи шөп өсімдіктерінің 
топыраққа әсері жоғарыда айтылған. Ауылшаруашылығы өсім-
діктерінің топырақты эрозиядан қорғаудағы маңызы әртүрлі. 
Мысалы, жер бетінің көлбеулігі 5 – 7 ºС болғанда көпжылдық 
шөптердің екінші жылғы егісінде жауын суының ағысы І 
гектарда 3020 л және шайылған топырақ көлемі 4,1 т болса, бұл 
көрсеткіштер күздік бидай танабында 3700 және 8,0; еңіске 
көлденең егілген жүгеріде 4200 және 15,7; ерте парда 7500 л 
және 49,9 т болады екен (Г.А. Черемсиновтың мәліметі бойын-
ша). Демек, топырақ бетін жауын судың теріс әрекетінен көп 
жылдық шөптер жақсы қорғайды, одан кейін дәнді дақылдар, ең 
төменгі отамалы дақылдар. Өсімдігі жоқ парлы танапта топырақ
әсерінен көп жылдық шөптер жақсы қорғалады, одан кейін
дәнді дақылдар, ең төменгі отамалы дақылдар. Өсімдігі жоқ 
парлы танапта топырақта жауынның әсерінен ең көп жуылып-
шайылуы байқалады. Топырақты жел эрозиясынан сақтауда да 
өсімдіктің іс-әрекеті жоғарыда айтылғандай. 
Топырақ эрозиясының қалыптасып, дамуына жер бедері 
де көп әсер етеді. Себебі, судың ағын күшінен пайда болатын су 
эрозиясы тек қана тегіс емес беткейлі жерлерде және көлбеу-
ліктің тіктігі көбейген сайын эрозияның әсері арта түседі. 
Жер бедерінің көлбеулігі мен топырқтың шайылу шама-
сының арасында тиісті өзара байланыстылық пен өзара тәуел-
ділік бар. Көлбеулік 2 º- тан аз болса, топырақтың шайылуы 
төмен деңгейде, көлбеулік 2 – 5º болса, шайылуы орташа, көл-
беулік 5 – 7 º болса, шайылуы күшті және көлбеулік 7 º- тан 
артық болса, топырақтың шайылуы өте күшті болады. 


Топырақтың су әсерінен жуылып-шайылуына көлбеу 
жерлердің ұзындығы, оңтүстік және солтүстік беткейлер, т.с.с. 
күштер әсер етеді. 
Су және жел эрозиясының даму жылдамдығы топырақтың 
кейбір қасиеттеріне де байланысты. Егер, топырақтың құры-
лымы жақсы және жеңіл механикалық құрамда болса, мұндай 
топырақтың су өткізгіштік қабілеті жоғары, сондықтан да қар 
немесе жауын суы жер бетінде тұрып қалмайды, тездеп топы-
раққа сіңіп, оның терең қабаттарына еніп кетеді. Мұндай жағ-
дайда жер бетінде эрозия жасайтын су ағыны пайда болмайды. 
Құрылымы нашар, қаршіріндісі аз, балшықты және құм-
балшықты топырақтр су әсерінен жуылып, шайылуға бейім 
келеді. 
Сай – жыралардың пайда болуына топырақ астындағы 
аналық тау жыныстары лесс және осы тәріздес шөгінділер 
болса, олар суға жеңіл шайылады. 
Осының әсерінен Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік – 
шығыс бөлігіндегі тау бөктерлерінде лесс және лесс тәріздес 
шөгінділердің су күшіне қарсы тұра алмауына байланысты 
көптеген сай-салалар пайда болған. 
Жеңіл механикалық құрамды құмды және құмайтты топы-
рақтар жел эрозиясына өте төзімсіз, мұндай жерлерді жыртса 
жел әсерінен топырақ шаңданып, ұлпасы ұшып кетеді. Бұған 
мысал ретінде Павлодар өңіріндегі жеңіл механикалық құрамды 
топырақтарды тың жерлерді игеру кезеңінде жыртудың сал-
дарынан кең көлемдегі эрозияның пайда болуы. 
Топырақ ауыр балшықты болып және оның деншілігі 
көлемі І мм – ден кем (ұлпа) бөлшектерден тұрса және де топы-
рақ карбонатты ұнтақталған механикалық құрылымда болса, 
мұндай топырақтар жел эрозиясына тез және күшті деңгейде 
ұшырайды. Топырақ бөлшектерінің 1 мм – ден ірісі (қаңқа) қат-
ты дауылдар болмаса, басқадай желдің әсеріне беріле қоймайды. 
Эрозиялық құбылыстардың пайда болуына сол жердің 
климаттық жағдайлары көп әсер етеді. Бұл күштер: жауын-
шашынның мөлшері, олардың күші (екпіні), жыл мерзімдеріне 
бөлінуі, ұзақтығы мен қайталау жиілігі және тұрақты соғатын 
қатты желдер. 


Соққан желдің жылдамдығы мен мүжіліп-бұзылып ұша-
тын топырақ бөлшектерінің арасында тура байланыс бар 
(Островский, 1960). Егер желдің жылдамдығы 1 секундта 4,5 – 
6,7 м болса, онда ұшатын бөлшектің ең үлкен диаметрі 0,25 мм 
болады, осы ретке сәйкес 6,7 – 8,4 м болса, 0,50 мм болады, 9,8 – 
1,14 болса, 1,00 мм болады және жел жылдамдығы 11,4 – 13,0 м 
болса, ұшатын топырақ бөлшегінің ең үлкен диаметрі 1,50 мм 
болады екен. 
Шаңды немесе қара дауылдар тұрақты күшті желдің 
жылдамдығы топырақ бетінен 15 см биіктікте 12-20 м/сек 
болғанда ғана пайда болады. Далалы жерлерде жел эрозиясы 
жылдың кез келген уақытында бола береді, дегенмен, көктем 
айларында топырақ беті борпылдақ, қопсытулы, кей уақытта 
шаңға айналып кебе бастаған, өсімдіктер әлі толық өсіп жетіл-
меген кездерде қатты желдердің әсерінен күшті эрозия өрбіп, 
дамиды. Бұл кездерде топырақ бөлшектерімен бірге жаздық 
дәнді дақылдардың тұқымы мен көгі де желмен ұшып кетуі 
мүмкін, ал күздік бидай болса, көгі қиылып немесе топырақпен 
басылып қалады. 
Жел эрозиясы жауын-шашын аз түсетін, құрылымы төмен 
жеңіл топырақты тегістік аймақтарда өте күшті білінеді. 
Табиғи күштерден басқа эрозияның дамып, қалыптасуына 
адамзаттың ауылшаруашылығы, ормантехникалық, гидротех-
никалық және басқа еңбек түрлері өте зор әсер етеді. Адамзат-
тың табиғатқа теріс іс - әрекеттері егіншілік мәдениеті төмен 
жерлерде өте зиянды деңгейде әсер етеді. Мысалы, далалы 
аймақтарда жерді өңдеуде және ауыл шаруашылығы дақыл-
дарын егуде аймақтық агротехниканың ерекшеліктері орындал-
мады, барлық жерде топырақты қайырмалы жыртты, дискілі 
тамырлар мен сыдыражыртқыштар қолданылмады. Жырту 
тереңдігі топырақ жағдайымен санаспай барлық жерде 25 – 30 
см тереңдікке жыртылды. Ұзақ уақыт бойы алмаспайтын тұрақ-
ты дәнді дақылдар егілді, ауыспалы егіс жүйесі болмады. Танап 
қорғайтын орман алқаптарына көңіл бөлінбеді, табиғи ормандар 
жойылды. Тың игеру эпопеясы кезінде егіс егуге жарамайтын, 
қарашіріндісі аз мөлшердегі жайылымдық құмды және құмайт 
жерлер де жыртылып кетті. 


Осылардың әсерінен эрозия халық шаруашылығына, оның 
ішінде, ауылшаруашылығына бұрын ауыз айтпаған, көз көрме-
ген әлепет зиянды алып келді. 
Топырақ эрозияға ұшырағанда өсімдікке коректі қректік 
заттардың жоғалуымен бірге топырақтың агрофизикалық 
қасиеттері де төмендеп кетеді. Қалыптасқан жырту тереңдігімен 
жерді айдағанда жырту қабатына беткі қарашірінді қабатының 
шайылып, суыруылуына байланысты, төменгі орналасқан 
құнарлығы аз, балшықты бөлшектері көп топырақ қосылып 
кетеді. Осының әсерінен эрозияға ұшыраған топырақтардың 
жаңа жасалған жырту қабатының тығыздығы қалыпты мөлшер-
ден артып кетеді, бұл өсімдік пен микроорганиздердің өсіп-өнуі 
мен тіршілік жағдайын төмендетеді және эрозияның одан әрі 
дамуына ықпалды әсер етеді. 
Ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне қарағанда, егер 
топырақтың жуылып – шайылуы немесе мүжіліп, ұшып кетуі 
төменгі аз мөлшерде болса, өсімдік өнімі 15 – 20 %-ға азаяды, 
орташа шайылған болса 30 – 40 %-ға және күшті шайылған 
болса 60 – 80 %-ға азаяды. 
Топырақ эрозияның тікелей нәтижесі – эрозияға ұшыраған 
жердің өнімінің күрт төмендеп кетуі. Кеңес Одағының ғалым-
дары С.А.Богоявленский мен А.С. Фатьяновтың деректері 
бойынша орман-далалық топырақтарда жуылып-шайылмаған 
жермен салыстырғанда аз шайылған топырақта өнім 22–26 %-ға 
кеміген. Өнімнің бұл төмендеушілігі негізінен топырақтың беткі 
қарашірікті қабатындағы өсімдікке сіңімді қоректік заттардың 
көп мөлшерде жоғалуының салдарынан. Бұл жерде азот қосы-
лыстары мен топырақ микрофлорасы (өсімдіктер) толығымен 
осы қарашірікті қабатта жинақталатынын айта кетуіміз керек. 
Жер бетінің жыра-ор болып жыралық эрозияға ұшырауы-
нан ауылшаруашылығына өте көп зиян келеді. Егін егілетін 
тегіс және кең көлемді бүтін жерлер жеке-жеке участоктерге 
бөлініп кетеді, мұндай жерлерде топырақты ауылшаруашылығы 
техникасымен өңдеу, тұқым себу және өнім жинау өте қиындап 
кетеді. Өсіп жатқан жыра – орлар жолдарды, көпірлерді, шаруа-
шылық құрылыстары мен тұрғын үйлерді бүлдіреді кетеді. 


Кішкене ғана жыраның өсуін тоқтатпаса бірнеше жылдан кейін 
ол үлкен сайға айналып кетуі мүмкін. 
Мұнымен қатар, беткейлердің жуылып, шайылуын, ор-
жыралардың пайда болуынан көшкен (аққан) топырақ бөлшек-
тері сайларда орналасқан егіс танаптарына, жайылымдық пен 
шабындықтарға шөгіп қалады. Бұл шөгінділердің біраз бөлігі 
сумен бірге ағып барып су қоймаларына, көлдер мен өзендерге 
түсіп, олардың батпақтануына, тайыздалуына әкеп соғады. 
Жел эрозиясы кезінде 1 га жерден бар болғаны 2,5 см 
беткі қабат ұшып кетсе, оның ішінде 450 - 1000 кг азот, 100 – 
200 кг фосфор, 3,5 тоннаға дейін калий және 15 тоннаға дейін 
қарашірінді кетеді екен. 
Топырақ қорғау жұмыстарын жоспарлау үшін топырақтың 
эрозиға ұшырау деңгейін білу қажет. 
Профессор С.С.Соболевтің (1961) деректері бойынша 
негізгі генетикалық қабаттардың шайылуына сәйкес су эрозия-
сына ұшыраған топырақтар аз, орташа, көп және өте көп жуы-
лып - шайылған деп бөлінеді. 
Мысалы, қаратопырақ және қаракүлгін топырақтарда, 
егер аз шайылған болса, онда А қабатының жартысынан азы 
шайылған, жырту қабатының түсі шайылмаған участоктердің 
топырағынан аумайды; егіндік жерде су қазған ұсақ шұңқырлар 
кездеседі. 
Егер орташа шайылған болса, онда беткі А қабаты орта-
сынан көп немесе толығымен жуылған, жырту қабатының түсі 
қоңырқай татрқан, жырту қабатына өтпелі В қабаты да ара-
ласқан. 
Егер күшті шайылған болса, онда өтпелі В қабаты бірен - 
саран жуылған, жырту қабаты толығымен шайылған, аналық 
жыныс қабаты жыртылған, түсі сары қоңыр, карбонатты. 
Ал, Қазақстанның суармалы жерлерінде көп тараған сұр 
топырақтарды былайша жіктейді. 
Аз шайылған топырақта беткі А қабатының жартысынан 
азы жуылған, топырақ бетінде майда шұңқырлар кездеседі. 
Орташа шайылған болса, А қабатының жартысынан көбі 
немесе толығымен жуылған, жырту өтпелі В қабатында жүреді. 


Күшті шайылған болса, өтпелі В қабаты біршама жуыл-
ған, жырту қабатына В қабатының ортасы немесе төменгі бөлігі 
қатысады. 
Өте күшті шайылған болса, өтпелі В қабаты толығымен 
жуылған, жер жырту тек аналық жыныста ғана жүреді. 
Жуылып, шайылған топыраққа байланысты төмен орна-
ласқан жерлерде ағызып әкелінген топырақтар пайда болады. 
Бұл топырақтар эрозия жұмысының нәтижесінде түзілген. 
Шайылып әкелінген қабаттың қалыңдығы 20 см-ге дейін болса, 
оны аз шайылып әкелінген, 20 – 40 см болса орташа, 40 см-ден 
артық болса – күшті шайылып әкелінген топыраққа жатқызады. 
Жел эрозиясына ұшыраған жерлер төмендегіше жіктеледі: 
аз ұшыраған – қарашірінді қабатының төрттен бірі ұшып кеткен; 
орташа ұшыраған – қарашірінді қабатының жартысы ұшып 
кеткен; күшті ұшыраған – қарашірінді қабатының төрттен үші 
ұшып кеткен; өте күшті ұшыраған қарашірінді қабатының төрт-
тен үшінен көбі ұшып кеткен. 
Топырақ эрозиясымен күрес Кеңес Одағында жалпы мем-
лекеттік деңгейде ұйымдастрылды. 1967 ж. СОКП мен үкімет 
«Топырақты жел және су эрозиясынан қорғау жөнінде» қаулы 
қабылдады. Біздің елде жер қорларын тиімді пайдалану, топы-
рақты қорғау және оның құнарлылығын барынша көтеру мәсе-
лелеріне үлкен маңыз берген «Совет Одағы мен Республикалар 
жер заңдарының Негіздері» деген 1968 жылы қабылданған заң 
болды. 
Бұл заң барлық жер пайдаланушыларға су және жел 
эрозиясына ұшыраған жерлерде эрозияға қарсы шараларды іс 
жүзіне асыруды, танаптарды қорғайтын жасыл алқаптар отыр-
ғызуды, жыра-сайлар мен құм-топырақтарды ағаш-бұта отыр-
ғызу арқылы бекіту, т.б. жұмыстар ұйымдастыруды міндеттейді. 
Эрозиямен күресу үшін керекті шараларды кешенді түрде 
қолдану қажет. Бұл кешен өз ауқымына территоряны дұрыстап 
ұйымдастыру, эрозияға қарсы агротехникалық тәсілдер, орман 
мелиоративтік ағаш отырғызу, су эрозиясына қарсы гидро-
техникалық құрылыстар салу, т.б. шараларды біріктіреді
(6-кесте). 


Шаруашылық территориясын дұрыс ұйымдастыру бұл 
жерлерде басталған эрозияны тоқтату, бұзылған жерлерді пай-
далану жолында әртүрлі ауылшаруашылық жерлерін, ауыспалы 
егісті, жолдардың орман алқаптарын, гидротехникалық құры-
лыстарды ғылыми нұсқаулармен сәйкестендіріп орналастыру 
мақсатында жүзеге асырылады. 
Территорияларды эрозиядан қорғау жұмыстарына қажетті
жоспарларды жасау үшін шаруашылықтың ірі масштабтағы 
топырақ картасы, жер бедерінің картасы және эрозияға ұшы-
раған жер картасының сапасы жөніндегі картограммалар пайда-
ланылады. 
Агротехникалық шаралар жер бетіндегі су ағынын реттеп, 
оны топыраққа сіңіру ісіндегі – ең оңай, арзан және ықпалды 
әрекет. Эрозияға ұшыраған жерлердің агротехникасында көп 
ерекшеліктер бар. Бұл агротехникалық негізіне эрозияға қарсы 
ауыспалы егіс жүйелерді, қар тоқтату және қардың еруін реттеу 
беткей жерлерді өңдегенде эрозияға қарсы әдістерді қолдану 
және мұнда ауылшаруашылық техникасын дұрыс пайдалану, 
мал жаюды реттеу, т.б. жатады. 
Топырақтың көктемде жуылып-шайылуы қар суымен 
байланысты болатын аймақтарда топырақтарды жауын-шашын 
және қар суларын көп сіңіруге дайындауды күзден бастаған 
жөн. Бұл үшін күзде беткейлерге көлденең терең сүдігер жыр-
тылады. Беткейдің тіктігіне, ұзындығына және топырақтың жағ-
дайына байланысты сүдігерлерді топырақтың беткі шым қаба-
тын аудармай, жоталап жырту, т.б. әдістермен жүргізу қажет. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет