Көпмүшелі кескін. Топырақ жыныстардың ауысуы топы-
рақ кескіні шамасында өтетін (көбінесе жоғарыдан 100 см те-
реңдікте) кездерде бөлінетін және әртүрлі құрылысты топырақ
түзуші жыныстарда қалыптасады.
Полициклді кескін. Үлкен көпжылдық салынды (өтпежек)
циклдері болғанда (бар кезде), топырақ түзуші материалдары
кезеңді шөгілу жағдайында қалыптасатын топырақтарға сай
кескін.
Аударылған кескін – ол кескіндерде астыңғы топырақ қа-
баттар жасанды түрде жоғарыға шығарылып, жоғарғы қабаттар
астына түсірілген. Сол жағдай жер жыртқанда пайда болады.
Топырақты терең өндегенде А
2
немесе В горизонттары жоғарыға
шығарылады, қарашірінді қабат астына түсіріледі /жер өңде-
генде – соқамен/.
Мозайка тәрізді кескін. Генетикалы қабаттар үлкен кеңіс-
тікте қабысқанда пайда болады.
Одан басқа, топырақ кескіндері заттарды тарату ерекше-
ліктеріне қарай бөлінеді және жіктеледі. Заттарды топырақтың
жоғарғы қабатынан бастап максималды жинайтын топырақтар
аккумулятивті кескінге сай (қарашірінді-аккумулятивті кескін).
Эллювиальды кескіндер заттардың кескіннен шайылуымен
сипатталады. (2).
Эллювиальді – иллювиальді. Мысалы, тұнба немесе Р
2
0
5
–
жоғарғы қабаттардан шайылып және ортаншы горизонттарда
немесе астыңғы горизонттарда жиналады.
Достарыңызбен бөлісу: