мен су айырықтарынан, көбінесе эрозияланған қыраттардан тұ-
рады. Қаратопырақты зонаның бірталай бөлігінде жазғы нөсер-
лер мен көктемгі қар суы ағуынан және бұрын жаппай жүйесіз
жер жыртқанның нәтижесінен пайда болған жыралар көптеп
кездеседі. 10 км немесе одан да көпке созылған жыралар мен
өзектер қасындағы жерлерді құрғатады және кептіреді. Дала
және орманды даланың жер бедерлерінде сайлар мен ойпаңдар
да жиі кездеседі. Қаратопырақтар жыл сайын қурағаннан соң
топырақта көп мөлшерде органикалық заттар қалдыратын
алуаншөпті-шалғынды-далалы өсімдіктер қауымдастықтары
астында дамыған. Қаратопырақтың пайда болуынан шымды то-
пырақ түзілу үдерісі дамиды, топырақ кейін гуминге айналып,
топырақта жиналатын гумин қышқылдарынан тұратын қараші-
рікке баиды. Дала аймағында фульвоқышқылдар аз мөлшерде
жинақталуына байланысты, топырақ түзілуіне соншалықты әсер
етпейді. Кальцийге бай қарашірік әсерінен өсімдіктің тіршілі-
гіне қажетті қоректік және су-ауа айналымы режимін қалып-
тастыратын түйіршікті және кесекшелі құрылымдар пайда
болады. Қаратопырақтың сіңіру кешені кальций және магний
катиондарымен қанығады, сондықтан топырақ ерітіндісінің
реакциясы бейтарапқа жақындайды. Жылу мөлшерінің көп және
ылғалдылықтың жетіспеушілігіне байланысты қурап кеткен
өсімдіктер қалдығы толығымен минералданбай, гумификация
үдерісіне тап болады. Осының нәтижесінде топыраққа қара түс
беретін қарашірік жиналады. Міне осыған байланысты бұл
топырақтар қаратопырақ деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: