Кескін арасындағы өту ерекшеліктері
Қабаттар арасында өту ерекшеліктігі бойынша сегіз негізгі
түрге бөлінеді:
Тегіс – екі қабаттың арасы тік болғанда, топырақтарда жиі,
әсіресе, топырақ қабатының астында кездеседі.
Толқынды – екі қабаттың арасы толқын сияқты болады,
орманды топырақтардың астыңғы жағында болады. Кейде жыр-
тылатын қабаттарда да кездеседі. Толқынның ұзындығы 5 –10
см, амплитудаға салыстырғанда 0,5.
Қалталы. Далалы топырақтардың қарашірінді қабаттары-
ның астыңғы жағында кездеседі. Қалталы шекара түрі, ағын-
дардың тереңдігін еніне салыстырғанда 0,5- тен 2 -ге дейін бөлі-
неді. Егер 0,5-тен кем болса, толқынды болғаны. Егер 2-ден көп
болса – тілсымақты болып саналады.
Тілсымақты – эллювиальді қабаттардың астыңғы жағында
кездеседі. Далалы топырақтардың қарашірінді қабаттарының
астыңғы жағында да кездеседі.
Ағынды. Топырақтар жарылып, топырақта қарашіріндінің
терең іздері қалған жағдайларда кездеседі. Ағындылардың те-
реңдігі мен енін салыстырғанда 5-тен, кейде оннан да артық
болады.
Шайылған. Эллювиальді үдерістері күшті топырақтарда,
қатты күльденген топырақтарда өтеді. А мен В қабаттарының
арасында анық шекара өткізілмегенде болады және А
2
В қабатқа
бөлінеді.
Ара тәрізді – өте сирек кездеседі, күлгін топырақтарда
болады. Толқынды шекарадан айыру қиын.
Шарбақ тәрізді – өте сирек кездеседі. Көбінесе солодьті
және кейбір топырақтардың діңгекті қабаттарының арасында
кездеседі (1, 2).
Екі қабат арасының көрсетілуі
Екі қабат арасының көрсетілу дәрежесі мынандай түрлерге
бөлінеді:
Айқын ауысу – көршілес қабаттар арасындағы шекара
кескінінде айқын көрсетіледі. Кескіннің қабырғасында пышақ-
пен 1, 2 немесе 3 см. белгісіздік мөлшерінде анықтауға болады.
Анық ауысу
–
көршілес қабаттарының арасындағы шекара
кескінде айқын көрсетіледі. Кескіннің қабырғасында 1 – 3, 2 – 5
немесе 3 – 5 см. Белгісіздікпен анықтауға болады, (күлгін топы-
рақтардың А
2
астындағы қабаттарда қаратопырақтың қараші-
рінді қабаттарының астыңғы шекарасында кездеседі).
Белгілі (заметный) ауысу – шекара 3 – 5 см белгісіздікпен
көрсетіледі.
Біртіндеп ауысу (постепенно) шекара 5 см-ден артық
белгісіздікпен көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |