органикалық заттар қоры әр гектарда 400-800 т аралығында
болады. Ормандар жыл сайын гектарынан 5-10 т жасыл масса
берсе, шалғындар 1 гектардан 2,5-7 т жасыл масса береді.
Өсімдіктердің жер астындағы органикалық заттарының қоры да
айтарлықтай көп.
Ормандағы ағаш тамырларының салмағы 10-нан 12 т-ға
дейін барады, ал шалғындарда 7-ден 18 т-ға дейін жетеді.
Орман мен шалғындардағы
өсімдіктердің жер асты мен
жер үсті бөліктерінің қатынасы әртүрлі. Орманда тамыр жүйе-
лерінің салмағы шамамен 10-30%, шалғындарда 60-80%. Дала-
лық жердің көптеген өсімдіктерінің тамыр жүйелері жер бетін-
дегі массасына қарағанда көп.
Ормандарда ағаш тектес өсімдіктер басым болады, онда,
жыл сайын, органикалық заттардың бір бөлігі ғана өледі. Олар-
дың көп бөлігі жер бетінде қалып, аз бөлігі ғана топыраққа
түседі. Жыл сайын 2-5 т/га қылқандар,
жапырақтар және
жаңқалар, 12-15 т/га қураған ағаш діңдері және 2-3 т/га та-
мырлар түседі. Жыл сайын өлетін өсімдіктер бөлігі 2-5 т құрай-
ды. Шалғындар да, әсіресе бір жылдық шөптесін өсімдіктердің
жер бетіндегі де, жер астындағы да бөліктері қурап, шіриді.
Органикалық заттардың біраз мөлшері топырақта өлетін
микроағзалар (0,1-1,0 т/га) мен жануарлар қалдықтарынан (50-
400 кт/га) тұрады.
Органикалық заттардың топырақа түсу уақыты әртүрлі.
Орманда органикалық затардың түсуі
жаздың екінші жарты-
сынан бастап күзгі аяғына дейін, суық түскенше жүреді. Мүкті
жамылғы қыста өледі. Шалғындық шөптер алғашқы суық түс-
кеннен кейін, ал дала өсімдіктерінің көпшілігі – ыстық жаздың
ортасында қурай бастайды.
Топыраққа түсетін органикалық қалдықтардың химиялық
құрамы әр алуан. Олардың көп бөлігі келесі элементтерден
тұрады: көміртегі – 45%, оттегі – 42%, сутегі – 6,5%, азот – 1,5%
және басқа элементтер – 2-10%. Органикалық заттар целлюло-
задан, лигниннен, майлардан, ақуыздардан, эфирлерден, шайыр-
лардан, қышқылдардан және табиғи әртүрлі ферменттерден
тұрады (7-кесте).
Әртүрлі өсімдіктердің
химиялық құрамын салыстыра
отырып, ағаш теектес түрлер құрамында ағаш діңінің ыдырауы
мен шіруін тежейтін иілік заттардың, лигниннің, шайырдың көп
болатындығы анықталды.
Қылқанжапырақты ағаштардың жерге түскен қылқандары
жапырақты ағаштар мен шөптесін өсімдіктердікіне қарағанда
қышқылдау. Шөптесін өсімдіктер ақуыздарға, күлдік элемент-
терге бай, құрамында лигнин мен көмірсутектері аз.
Мүктер мен қыналардың қышқылдығы басым.
Бактерия-
лардың 40-70% ақуыздардан, майлар және күлдік элементтерден
тұрады. Бактериялардың тіршілігіне қолайлы бейтарап орта,
ондағы ылғалдылық 10-30%, температура +10
0
+35
0
болуы керек.
Саңырауқұлақтарда әдетте ақуыздар, көмірсутектер және күлдік
элементтердің мөлшерлері едәуір көп болады. Өсу үшін олар
оттегімен қамтамасыз етілуі керек, аэробты, қышқылды реак-
цияны жақсы өткізеді, иілік заттар олардың өсуіне кедергі жаса-
майды.
Өсімдіктің химиялық құрамы, құрғақ заттар % (Д.Г.Виленский
бойынша 1961) 10-кесте.
Өсімдік
Ақуыздар
Көміртегі
Лигнин
Майлар,
иілік
заттар
Күл
Бактериялар
40-70
жоқ
Бар
жоқ
1-40
2-10
Қыналар
3-5
5-10
60-80
8-10
1-3
2-6
Мүктер
5-10
5-25
30-60
жоқ
5-10
3-5
Қылқанжапырақты
лар:
ағаштектес
қылқандар
0,5-1
3-8
45-50
15-20
15-25
15-20
25-30
20-30
2-12
15-20
0,1-1
2-5
Жапырақты
ағаштар,
жапырақтар
0,5-1
4-10
40-50
15-25
10-30
10-20
10-25
10-30
5-15
5-16
0,1-1
3-8
Шөптесін
көпжылдық
астық
тұқымдастар
5-12
25-40
25-35
15-10
2-10
5-10
Бұршақ тәріздес
10-10
25-30
15-25
15-20
2-10
5-10
Өсімдіктің құрғақ биомассасы құрамында орташа есеппен
көміртегі – 45%, оттегі– 42%, сутегі – 6,5%, азот – 1,5-2%. Осы
аталған органогенттік элементтер мөлшері өсімдіктер денесінің
95%-ын құрайды. Қалған 5%-ы күлге жататын минералды заттар
(элементтер) – P, S, K ,Ca, Mg, Fe, Al, Sі, Na, т.б.
Өсімдік денесіндегі мөлшеріне байланысты минералдық
элементтер төмендегідей топтарға бөлінеді:
1)
Достарыңызбен бөлісу: