келтірілді. Қазіргі классификацияның негізгі бірлігі топырақтың
үлкен топтарын біріктіретін, ондағы табиғи шарттардың ұқсас-
тығы мен нақты топырақ түзілу үдерістері айқын байқалатын
гентикалық тип.
Топырақ тегі кешенді жергілікті жердің алуан түрлі ерек-
шеліктерімен анықталады, олар: аналық жыныс, жер асты сула-
рының құрамы, ежелгі топырақ түзілу ерекшелігі, әр элементтің
шайылу сипаты, топырақ кескінінің даму дәрежесі және басқа.
Топырақ түрі топырақ түзілудегі бір немесе бірнеше үде-
рістер тіркесінің білінуі бойынша анықталады. Түр тармақтары
– жоғары горизонттың (қабатының) механикалық құрамы
бойынша, ал дәреже-аналық және астыңғы жыныстар бойынша
анықталады.
Классификация негізінде КСРО топырақтарының номен-
клатуралық тізімі жасалды. Ереже бойынша құрастыратын
топырақ атауларын топырақ номенклатурасы деп атайды. Ол
үшін халық қойған атаулар қолданылады: шым, солод, қара
топырақ, тақыр, т.б. Көптеген топырақтарды түсіне қарай күрең
топырақ, сұр топырақ, құба топырақ, географиялық орналасуы-
на байланысты оңтүстік, солтүстік, құрамына қарай аз, көп, те-
рең, қабатты; көрінуіне байланысты қатты, орташа, шамалы деп
атайды. Топыраққа атау бергенде бірінші орынға генетикалық
жағын, екінші орынға топырақтың жоғарғы горизонт құрамын
және ең соңғы орынға аналық жыныс атауы және оның ме-
ханикалық құрамын қояды. Номенклатуралық топырақ тізімі
топырақты картографиялауда пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: