ректі-қайыңды, қарағайлы шоқ ормандарында ылғалдылығы
жоғары сортаңдар кездеседі.
Қазақстанның өзен аңғарларында су
режимі әсерінен
қалыптасқан топырақ түрлері таралған. Өзен жайылмаларында
тоспалардың жыл сайын қабатталып жиналуынан құралған
жайылмалық қабат орналасқан. Өзен арнасынан қашықтаған
сайын шымдану үдерісі артып,
жайылма маңының шалғындық
топырақтары қалыптасады. Өзен жайылмалары топырағының
қалыптасуына қатысатын аллювий үдерістерімен қатар мұнда
зоналық факторлардың да әсері байқалады. Топырақтың мұндай
типтерінің
сортаңдану
және
сілтісіздену
дәрежесі дала аймағы-
на қарай артады, сонымен қатар
осы бағытта топырақтағы
қарашірік мөлшері де кемиді.
Өзен аңғарларының топырағы су
мен тұздың айрықша режиміне сай қалыптасқан.
Қазақстан аумағының 1/10 мөлшеріне жуығын таулы ау-
дандар алып жатыр. Тау беткейлерінде қалыптасқан топырақ
жамылғысының жазықтардағы топырақтарға қарағанда елеулі
айырмашылығы бар. Таулардың биіктігі
мен беткейлердің қия-
лығы артқан сайын топырақ жамылғысының беткі қабатының
шайылу қарқыны да соғұрлым күшейеді. Биіктікке байланысты
топырақ типтері өзгереді. Сондықтан топырақ типтері тау
беткейлеріне айнала қоршай орналасып,
тік белдеулік бағытта
ауысып отырады. Топырақтың тік (вертикалды) белдеулік зона
бойынша таралу сипаты ендік бағыттағы топырақ зоналарына
сай келеді. Тянь-Шань таулы аймағы топырағының қалыптасуы-
на оның оңтүстікте, шөл аймағында орналасуы әсер етеді; соған
байланысты таулы зонаның тік белдеулік аймағы шөлдік
топырақ жамылғысынан басталады. Ал солтүстікке таман орна-
ласқан дала аймағындағы Алтай
тауларының тік белдеулік
аймағы далалық топырақ типтерінен басталады.
Қазақстанның
таулы бөлігінде
Достарыңызбен бөлісу: