бетегелі-қаулық зонада салыстырмалы түрде өсімдік жамыл-
ғысы сиректеу көбіне қау, аласа селеу, бетеге, еркек, боз би-
дайық, қызғалдақ, т.б өседі. Эфемерлер – крупка, бойдана,
қоңырбас және қынатер, мүктер мен көк жасыл балдырлар
тіршілік етеді.
Бұл зона тармағында ылғалдық мөлшері төмендеу. Соған
байланысты күзгі салым өсімдік құрамында жусан, жантақ,
сораң өсімдіктер түрлері басым болады.
Биологиялық жағдайынан қарағанда осы зоналарда көп
тараған өсімдіктердің вегетациялық кезеңі қысқа және олар
ылғал жетіспеушілігіне бейімделуімен ерекшеленеді.
Дала зоналарына тән қалың өсімдік жамылғысы жыл
сайын қурап, топыраққа көп мөлшерде органикалық заттар тас-
тайды. Қаратопырақ аймағында шөптесін өсімдіктердің жер
үсті бөлігі жыл сайын 18, тамыр бөлігі 20 ц/г органикалық құр-
ғақ заттар береді.
Демек, қаратопырақ кескінінің қалыптасуында шөптесін
өсімдіктердің тамыр жүйесі маңызды орын алады. Гумифика-
ция үдерісінің нәтижесінде өсімдіктер қалдығының көп бөлі-
гінде қара шіріндіге айналады да, біртіндеп жердің беткі қаба-
тында қарашірік түрінде жинақталады. Қаратопырақты зоналар-
да басқа да топырақ зоналарына қарағанда қарашіріктің әлде-
қайда көп болуы осыған байланысты. Жыл сайын жерге осы
органикалық заттармен бірге көп мөлшерде азот және күлдік
заттар да келеді.
Достарыңызбен бөлісу: