Эктопаразиттер иесінің дене жамылғысының сыртында (тері, түктер) тіршілік етеді. Оларға қансорғыш буынаяқтылар — кенелер жатады.
Эндропаразиттер — иесінің ішкі мүшелеріңде тіршілік етеді.
Паразиттердің иелерін аралық, негізгі деп бөледі. Иесі дегеніміз — паразиттердің қорек және мекен ортасы ретінде пайдаланатын тірі ағзалар. Кейбір паразиттер өздерінің даму цикліңде бір иесінен екіншісіне көшіп отырады, оны иесін алмастыру деп атаймыз.
Аралық иесі деп паразиттің дернәсілдік сатысы кездесетін, не жыныссыз жолмен көбейетін ағзаны айтамыз.
Негізгі иесі деп паразиттің ересек сатысы болатын не жыныстық жолмен көбейетін ағзаны айтамыз.
Осымен қатар резервуарлық иесі дегең ұғымда белгілі. Оларда паразит тіршілігін жоймай ұзақ уақыт сақталады, бірақ әрі қарай дамымайды.
Паразиттік тіршілік етудің пайда болу жолдары түрліше болып келеді. Эктопаразиттердің көпшілігі алғаш жыртқыштық тіршілік еткен, сосын олардың қожайын денесінде қоректену, онымен байланысу мерзімі ұзарып, эктопаразиттік тіршілік етуге көшкен. Эволюция процесінде кейбір эктопаразиттердің қоректену мерзімінін ұзаруын байқауға болады, мысалы, шіркейдің ұрғашы даралары иесінің денесінде 1 минутын аз уақыт қоректенсе, иксодалы кенелердің дернәсілдері (личинкалары) 5-8 тәулік, ересек түрлері 5—14 тәулік қоректенеді, бүргелер иелерінің денесінде өздерінің өмірінің көп бөлігін өткізеді, ал биттер өмір бойына иесінің денесінде кездеседі.
Паразитизмге өтудің екінші жолы комменсализм (селбесу) болып табылады- Мысалы, құстарда кездесетін кенелер. Олардың ата тектері құстармен селбесіп тіршілік: етіп құстардың қорегінің қалдықтарымен қоректенген. Бірте-бірте олар құстардың денесіне өтіп, мамықтарымен қоректенуге көшкен.
Эндопаразиттер эктопаразиттерден келіп шыкқан.
9. Е.Н. Павловский 1939 жылы зкспедициялық, лаборатория-лық, эксперименталдық зерттеулер нәтижесіңде табиғи ошақтық аурулар деген ұғымды қалыптастырды. Табиғи ошақтық ауру-лардың бірнеше ерекше белгілері болады:
1) олардың паразиттері адамның қатынасынсыз табиғатта өз бетінше ұзақ уақыт айналып жүреді;
2) олардың таратушылары болып жабайы жануарлар сана-лады;
3) олар табиғатта кең таралмай белгілі бір шағын жерлерде — ошақтарда кездеседі.
Табиғи ошақтық ауруларға мысал ретіңде тайга энцефалитін алуға болады. Тайганы мекендейтін жабайы жануарлар (тиін, қоян, кірпі, құстар) - табиғи резервуарлар; жануарлардың паразиттері- иксод кенелері таратушылар болып саналады да, табиғатта адамнан тәуелсіз, өз беттерінше бірінен-біріне өтіп ұзақ жылдар бойына айналып жүреді. Олардың ареалдары қылқан жапырақты ормандармен шектелген, одан тыс кездеспейді, Паразиттің табиғи резервуарларының, таратушыларының таралған жерлерін (тайга) ошағы деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |