Ордабекова Хафиза Арысбайқызы тіл біліміне кіріспе


Лексикалық семантика. Сөздің ірі және кіші семантикалық



бет23/129
Дата17.10.2023
өлшемі0,73 Mb.
#186199
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   129
Байланысты:
Ордабекова Хафиза Арысбайқызы-emirsaba.org

2 Лексикалық семантика. Сөздің ірі және кіші семантикалық 
құрылымы. Семантиканың жеке ғылыми пән ретінде қалыптасуы француз
ғалымы М. Бреаль есімімен байланысты. М.Бреаль «семантика» терминін 1897
жылы өз еңбегінде пайдаланып, ғылыми айналымға енгізеді. Европа және орыс
тіл білімінде семантика ұғымының синонимі ретінде семасиология термині


40
қолданылды. Семантиканың ең негізгі категориясы – мағына. Сөз мағынасы


және мағына түрлерінің даму заңдылықтары семантика саласында зерттеледі.
Сондықтан лексикалық семантика семантика ілімінің басты саласы болып
табылады.
Лексикалық
семантикада
сөздің
лексикалық
мағынасы
семасиологиялық және ономасиологиялық аспектілерде қарастырылып,
семасиологиялық аспектіде таңбадан мағынаға, ал ономасиологиялық
аспектіде мағынадан таңбаға қарай бағыты негізге алынады. Оған қазақ тіл
біліміндегі М.Оразов, Ғ.Хасанов сияқты зерттеушілердің еңбектерін келтіруге
болады.
Тіл жүйесінде семантика парадигматикалық және синтагматикалық
тұрғыдан да сипатталады. Семантиканың парадигматикалық сипаты сөздердің
лексика-семантикалық өрісі негізінде анықталса, синтагматикалық сипаты
сөздердің сөйлеу үдерісінде бір-біріне қатынасына қарай тіркесімділік топтары
арқылы анықталады. Лексикалық семантика парадигматикалық қатынас
немесе
парадигматика
тұрғысынан
жүйе
ретінде
қарастырылса,
синтагматикалық қатынас немесе синтагматикада бұл жүйедегі лексикалық
мағыналар аса үлкен бірліктерге топтастырылады. Синтагматикалық қатынас
сөздердің өзара қарым-қатынасы нәтижесінде қалыптасып, сөз тіркесі, сөйлем,
мәтін тәрізді тілдік бірліктердің арасында болады. Сөз мағыналарының өзара
қарым-қатынасы негізінде сөз тіркестері белгілі бір мағыналық сипатқа ие
болады. Мысалы, күмісқасық тіркесіндегі бірінші сөз сындық мағынаны,
екіншісі заттық ұғымды білдіреді. Сөз тіркесі құрамында сындық мағына мен
заттық ұғым өзара тіркесіп тұр.
Семантиканың сөз мағынасын зерттейтін бір саласы – лексикалық
семантикада сөз мағыналары әрі тілдің лексикалық жүйесінің бірлігі, әрі
сөйлеу бірлігі ретінде жан жақты қарастырылады. Тіл бірліктерінің сол
жүйедегі басқа тілдік бірліктермен мағыналық байланысы лексикалық
семантикада қарастырылады.
Сөз мағыналары құрылымдық тұрғыдан денотаттық мағына, 
сигнификаттық мағына және коннотациялық мағынаны құрайды.
Денотаттық мағына – сөздің ақиқат дүниемен, ондағы заттармен,
құбылыстармен байланысып жататын мағынасы, денотаттық мағына белгілі
бір сөзді айтқан кезде көз алдымызға, ойымызға келетін заттар мен
құбылыстардың басты белгілеріне негізделеді. Мәселен, тас қарапайым адам
үшін «формасы әртүрлі, өзі қатты тау жыныстарының үлкенді-кішілі
бөлшектері», тау– «жер бетінен жоғары да көтеріңкі жатқан биіктік» деген


41
нақты денотаттық мағынаға ие болса, геолог мамандар үшін «тас – кристалды


минералдардың жиынтығы», физикалық географияда «тау – айналасынан
оқшау, айқын байқалатын беткейі, етегі және шыңы бар, теңіз деңгейінен
биіктігі кемінде 200 м болатын көтеріңкі жер» деген сигнификаттық 
мағынаны білдіреді.
Сөздің лексикалық мағынасының құрамдас бөліктерінің бірі –
сигнификаттық мағына. Денотатты мағына көрнекі нақты ойлау негізінде
қабылданып, ұғым негізінде қалыптасқан ақиқат дүниенің обьект бейнесі
болса, сигнификативті мағына – дерексіз ойлау негізінде пайда болған субьект
бейне. Сондықтан мұны қазақ тілінде пайымдық мағына деп те атауға болады
(1,17-18). Коннотатты мағына жоғарыда айтылған екі мағынаның үстіне
қосылған үстеме мағына. Бұл үстеме мағынада стильдік бояу, сезімдік
бағалау, экспрессивтік мағына бар. Коннотатты мағына эмоция мен бағалаудан
тұрады. Мәселен, сымпыс сөзінің түсіндірмелі сөздікте берілген
сигнификаттық мағынасы «құйрық қылшығы селдір, сымпыйған» деген
мағынаны иеленсе, ал коннотаттық мағынасы «зып-зып етіп, аннан-мұнан бір
шығатын, шаруаға қыры жоқ, берекесіз, сұйық адам» дегенді иеленеді.
Лексикалық мағынаның ұсақ бөлшектерін төмендегі сызбадан көруге
болады:

Сөз
мағынасының


ары
қарай
бөлшектеуге келмейтін ең кіші
бөлігін сема деп атаймыз. Бір сөзде
бірнеше мағына болса, оның өзі
бірнеше
семалық
бөлшектерден
тұрады. Мысалы, таңқурай және
құлпынай сөздерін алайық. Таңқурай
– «Раушан гүлділер тұқымдасына
жататын, жеуге жарамды жидегі бар,
көп жылдық жартылай бұта (өсімдік). Бұл сөз мынадай семалық бөліктерден
тұрады: 1) раушан гүлділер тұқымдасына жататындығы; 2) жеуге жарамды
жидегінің болатындығы; 3) көп жылдық өсімдік; 4) жартылай бұталы өсімдік.
Бұған қоса қосымша семалық белгілері ретінде қызыл немесе қызыл күрең
түсті, тәтті жидекті қосуға болады.
Құлпынай – жұпар иісті, қызыл түсті тәтті жемісі бар көп жылдық шөптесін
өсімдік. Бұл сөздің өн бойында мынадай семалық бөліктер бар: 1) жұпар иісті;
2) қызыл түсті жеміс; 3) тәтті жеміс; 4) көп жылдық өсімдік; 5) шөптесін
өсімдік. Бұдан шығатын қорытынды, сөз мағынасы бірнеше семадан тұрады.
архисема
дифференциалды
сема
потенциалды
сема


42
Екі сөзді біріктіретін ортақ архисема –жидек, қызыл түсті және көп жылдық


өсімдік болса, қалған семалары – дифференциалды сема саналадаыОлай болса,
сөздерді өзара байланыстырып тұратын, оларды белгілі бір лексика-
семантикалық топқа біріктіруде негіз болатын семаны архисема не
жалпылаушы сема, ал бір сөзді екінші бір сөзден ажыратып тұратын семаны
даралаушы не дифференциалды сема деп атайды. Сөздің лексикалық
мағынасында негізі семалармен қатар қосалқы семалар да болады. Оларды
жеке сөздердің бойында ұшырасуына орай ықтималды не потенциалды сема
деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет