Ордабекова Хафиза Арысбайқызы тіл біліміне кіріспе


Түркі тілдерінің генеологиялық жіктелімі



бет50/129
Дата17.10.2023
өлшемі0,73 Mb.
#186199
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   129
Байланысты:
Ордабекова Хафиза Арысбайқызы-emirsaba.org

2 Түркі тілдерінің генеологиялық жіктелімі. Түркі тілдерін алғаш
генеологиялық тұрғыдан классификация жасаған ғалымдардан: И.Н.Березин,
Н.И.Ильминский, В.В.Радлов, Н.А.Аристов, Н.Ф.Катанов, Ф.Е.Корш,
А.Н.Самойлович т.б. есімдерін атауға болады. Кеңес түркологтарынан бұл
салада
С.Е.Малов,
В.А.Богородицкий,
И.А.Батманов,
Н.А.Баскаков,
А.Н.Кононов т.б. еңбектерін, шетел түркітанушыларынан М. Рясянен,
К.Г.Менгес, Т.Текин т.б. ғалымдардың аттарын атауға болады.
Қырғыз тіліндегі дауыстылардың созылыңқылық қасиеті (аа, ээ, оо, 
уу,үү), қазақ тілінен гөрі алтай, хакас, тува тілдерімен жақындастырады.
Мысалы: тоо ̶ тау, таруу ̶ тары. Қазіргі қазақ тіліндегі еріндік дауыстылар о,
ө, ұ, ү дыбыстарының Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінде жуан варианты
u, o түрінде, ал жіңішке варианты ü, ö түрінде таңбаланған. Көне түркі тілінде
сөз басында келетін ө дауысты дыбысы қазіргі түркі тілдерінің біразында
сақталған. Көне түркі тіліндегі өл сөзі якут, түрікмен, түрік, өзбек, құман,
ноғай, әзербайжан, ұйғыр, қарашай-балқар, хакас, тува және қазақ тілдерінде
өл тұлғасында беріледі.
Созылыңқы дауысты дыбыстар алтай, қырғыз, гагауз, түрікмен, тува,
хакас, шор, якут тілдерінде кездеседі. Көрсетілген тілдерде созылыңқылық
фонемалық дәрежеге жеткен. М.Томанов түркі тіл біліміндегі созылыңқы
дауыстылардың екі түрін жіктеп көрсетеді: алғашқы немесе түркі негіз тілінен
келе жатқан және кейіннен қалыптасқан созылыңқы дауысты дыбыстар.
Түрікмен және якут тіліндегі созылыңқы дауыстылардың алғашқы
созылыңқылық деп танудың себебін М.Томанов былай түсіндіреді:
«созылыңқы дауыстылармен айтылатын жалпы түркілік сөздер өзге түркі
тілдерінде қысқа дыбысталатын дауыстылармен айтылады» (1, 336).
Түркі тілдерінің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін төменде берілген
тілдік деректерді салыстыра отырып көруге болады:
Алтай
кöк
Кöл
тöрт
көп
Азербайжан
көй
Көл
дөрд
çöр
Башқұрт
күк
Күл
түрт
күп
Қазақ
көк
Көл
төрт
көп
Татар
күк
Күл
дүрд
күп
Түрік
кök
Göl
Dört
çöp
Якут
күөх
күөл
түөрт
күөп


82
Берілген тілдік фактілерден байқайтынымыз, сөз басындағы ө дауысты


дыбысы татар, башқұрт тілдерінде ү фонемасымен ө>ү дыбыстық сәйкестік
түзеді.
Түркі тілдерінде дауысты о дыбысы әзірбайжан, түрік, түрікмен, ұйғыр,
хакас, қазақ, ноғай, қарақалпақ, гагауз, алтай, шор, якут, қарашай-балқар
тілдерінде сақталған. Мәселен, қазақ тіліндегі оқ сөзі қырғыз, ноғай,
қарақалпақ, қарашай-балқар, түрікмен және алтай тілдерінде дәл оқ түрінде
айтылса, якут, әзірбайжан тілінде ох, түрік, гагауз тілінде ок түрінде
дыбысталады. Татар, башқұрт, чуваш тілдерінде дауысты о дыбысы у
дыбысына айналады: о > у (2,24).
Көне түркі тіліндегі дауысты қысқа у дыбысы түрік, якут, шор, хакас,
гагауз, қарайым, қырғыз, тува, құман тілдерінде сөз басында осы у түрінде
дыбысталады. Мысалы: қуш (көне түркі тілі), куш (түрік), гуш (әзербайжан),
қус (ноғай), қуш (қырғыз) т.б. Ал татар, башқұрт тілдерінде у дыбысы о-мен,
чуваш тілінде ā-мен, қазақ тілінде ұ-мен келеді. М.Томанов қазақ тілінде сөз
басында келетін ұ дыбысының көне түркілік у дыбысы, о және ғ дыбыс
тіркесіне сәйкес келетіні жөнінде былай дейді: «Қазақ тілінде кейбір сөздердің
басында айтылатын ұ көне түркілік оғ дыбыс тіркестерінің көрінісі, соның
жалғасы. Дыбыс тіркесінің жуан айтылатын қысаң дыбысқа ауысу процесінде
кей реттерде сөз құрамындағы қысаң дыбыстың түсіп қалуы да орын алған,
мысалы: оғ(ы)л ̶ ұл. Ескі түркілік о дыбысы қазақ тілінде қысаңданып, қысқа
айтылатын дәрежеге жеткен. Оғ дыбыс тіркесінің қазақ тілінде ұ-ға сәйкес
келуін де ғ дыбысының түсіп қалуы, сөйтіп барып о дыбысының қысаңдануы
деп қарауға болар еді. Мұны оқша сөзінің құрамындағы о дыбысының қазақ
тілінде ұ-ғасәйкес келуі де, сол сияқты әдеби тіл мен диалектілер арасында
ұшырасатын дыбыс сәйкестіктері де ұ ~ о, о~ұ дәлелдейді (3, 14).
Дүние жүзі тілдерін тіл білімінде генеологиялық тұрғыдан ірі-ірі алпыс
шақты семьяға, ірі-ірі топтарға және кейбір жекелеген тілдерге бөледі:
Үндіеуропа тілдері семьясы, Кавказ тілдері семьясы, Орал тілдері семьясы, 
Алтай тілдері семьясы (монғол тілдері семьясы, түркі тілдері семьясы, 
тұңғыс-маньчжур тілдері семьясы), Палеоазиат тілдері семьясы, Америка 
үндістерінің тілдері, Австралия тілдері, Индонезия тілдері, Африка тілдері,
Бушмен тілдері, Дравид тілдері семьясы, Банту тілдері, Папуа тілдері, 
Эскимос тілдері т.б.
Көрнекті түркітанушы Н.А.Баскаков түркі тілдерінің фоно-морфо-
семантикалық ерекшеліктерін сол тілде сөйлейтін халықтардың тарихи даму,


83
географиялық орналасу жағдаятымен ұштастыра отырып, ең алдымен, түркі


тілдері семьясын Батыс ғұн және Шығыс ғұн тобы ретінде топтастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет