114
Құрылымдық және функционалды грамматиканың өзара қатынасы туралы
баяндаңыз.
Қазақ тіл біліміндегі функционалды-сеамнтикалық өріс түрлері туралы
баяндаңыз.
♦ Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Категориялды жағдаят дегеніміз не?
Функционалды-семантикалық өріс дегеніміз не?
Семантикалық категориялар жайлы түсінік беріңіз.
Функционалды грамматиканың зерттеу нысаны, зерттеу обьектісі не?
Ұғымдық категория мен семантикалық категорияның байланысы неде?
3.3 Қолданбалы лингвистиканың қалыптасуы мен дамуы
Жоспар:
1 Компьютерлік лингвистика: даму тарихы және қалыптасуы.
2 Корпустық лингвистика – қазіргі қазақ тіл білімінің жаңа бағыты.
3 Мәтін корпусы және сөздіктердің «Тіл ‒ Қазына» ұлттық компьютерлік
қоры.
1 Компьютерлік лингвистика: даму тарихы және қалыптасуы.Қазіргі
кезде қоғамның барлық салаларында жаңа ақпараттық технологияларды
қолдану өзекті мәселеге айналып отыр.
Қазақ тіл білімінің жаңа саласы ретінде қолданбалы лингвистиканың
зерттеу бағыты мен салалары қалыптасып, даму үстінде. Қазақ тіл
ғылымында қолданбалы лингвистиканың теориялық және практикалық
негізінің қалануына Қ.Жұбанов, Қ.Бектаев, А.Жұбановтар көп еңбек сіңірді.
А.Жұбанов өз еңбектерінде қазақ тіліндегі мәтіндерді автоматты түрде
электронды-есептеу машиналары арқылы статистикалық әдіске сүйене
отырып, қазақ мәтіндерінің мазмұнын формальдау жолдарын қарастырады.
Сондай-ақ, қазақ тіл білімінің қолданбалы мәселелері бойынша Ә.Болғанбаев,
Ш.Дәулетқұлов, С.Байзақов сияқты тілші-ғалымдар өз зерттеулерін жүргізді.
Қолданбалы лингвистика ХХ ғасырдың 20-жылдары ғылыми пән ретінде
негізін қалады. Инновациялық компьютерлік технологияның қолданбалы
лингвистика аясында дамуы
компьютерлік лингвистика, инженерлік
лингвистика, квантативті лингвистика, комбинаторлық лингвистика,
корпустық
лингвистиканың
қалыптасуына
әкелді.
Лингвистикалық