Денелік даму- денсаулық жаңдайының және әлеуметтік бақуалықтың маңызды көрсеткіші?
Қазіргі күнге дейін денсаулық деген түсініктің біркелкі алынған дәлелді анықтамасы болмағандықтан, адамдардың денсаулығына дұрыс баға беру біршама қиындық туғызады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жарғысы бойынша, денсаулық деп «аурушандық пен дене бітімінде кемшіліктердің бар не жоғы ғана емес, сонымен қатар адамдардың толық физикалық, әулеметтік және рухани қолайлы жағдайларын» түсінеміз. Академик В.П.Казначеевтің жеке бас денсаулығы туралы анықтамасы бұдан да толығырақ: «денсаулық дегеніміз, организмнің ұзақ өмір сүру барысында биологиялық және психикалық әрекеттері мен тиімді жұмыскерлігінің, әлеуметтік белсенділігінің, сондай-ақ, жас етекшеліктеріне сәйкес дені сау ұрпақ жалғастыру қабілетінің сақталуы мен дамуы». Денсаулық – физикалық, психикалық, рухани және әлеуметтік болып бөлінеді. Физикалық саулық дегеніміз адам организмінде функциялардың өздігінен реттелуі, функциялық үрдістердің келісімді өтуі, сыртқы орта әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғары дәрежелі жағдайда болуы. Психикалық саулық - ауруды болдырмау, қайтсе де одан арылу «адам өмірінң мақсаты» болуын болжайды. Әлеуметтік саулық - адамның әлеуметтік белсенділігінің, яғни жеке адамның айналадағы өмірмен біте қайнау дәрежесі. Денсаулық, қалып (норма) деген ұғымдар бір- біріне ұқсас. Қалып- дені сау адам баласының бәріне бірдей тұрақты мақсат ететін үлгі болатындай денсаулықтың көрсеткіштері. Денсаулық жағдайын бағалау үшін жасқа байланысты жеке адамдардың қалып көрсеткіштері пайдалынылады. Жасқа байланысты қалып көрсеткішін анықтау үшін белгілі көрсеткіштің әрбір жастағы адам топтарының орташа көрсеткіші есептеліп шығарылады. Әрбір топта табылған орташа көрсеткішті қалып стандарт етіп алады. Бірақ та бір топқа кірген адамдардың көрсеткіштерінің бір- бірінен айырмашылығы әжептеуір болуы мүмкін. Өйткені, олардың жыныстық, кәсіптік, тұрған жерінің, өмір салтының т. б. айырмашылықтары болады. Орташа көрсеткіштерді анықтағанда, айтылған айырмашылықтарды да еске алған жөн. Осыған орай «қалып» деген ұғым «денсаулық» деген ұғым тәрізді әр адамның жеке басына ғана тән көрсеткіштері болмақ. Денсаулықтың белгілеріне демографиялық көрсеткіштерді, аурушандықты, дене бітімінің дамуын жатқызады. Халықтың денсаулығына берілген осы белгілердің ішінде, әсіресе, демографиялық көрсеткіштер (туып-көбею, өлім, ғұмыр жастың орташа ұзақтығы) ерекше күдік туғызады. Кейбір елдерде туып- көбеюді жасанды түрде азйту денсаулықтың көрсеткіштерінің жоғары болуына сәйкес келеді. Сондықтан денсаулыққа баға беру үшін туып- көбеюді жеке алып қарамай, басқа көрсеткіштермен бірге, кешенді түрде қараған дұрыс. Халықтың денсаулығын сиппаттау үшін көбінесе аурушаңдықтың көрсеткіші алынады. Бұл туралы мәліметтерді ресми статистикалардан және арнаулы зертеулер жүргізу арқылы анықтауға болады. Көбінесе, осы мақсатқа жалпы жинақтаған әр түрлі пайыздық көрсеткіштерді таңдап, іріктеп алу тәсілі жиі қолданылады. Зерттеу мақсатына байланысты өз еркімен келіп қаралғандар, уақытша еңбекке жарамсыздық алғандар, ауруханаға алынғандар т.б. есепке алынады. Адамдардың денсаулығы- динамикалық құбылыс. Қоғамның күш- жігері организмнің өмір сүруіне кері әсер ететін әр түрлі қолайсыз факторларды азайтуға немесе оларды толық жойып жіберуге жұмылдырылуы керек. Бұл жағдайда, адамдардың әр түрлі сыртқы орта факторларына дағдылану шегін зерттеу жұмыстарының маңызы ерекше. В.П.Казачеевтің пікірі бойынша нозологияға дейінгі жағдай 4 түрге бөлінеді : Қалыпты жағдай (сыртқы орта жағдайларына толық немесе жартылай дағдылану); қиналу (зорлау), шиеленісу жағдайы (дағдылану процесінің жетіспеушілігі)Ү қатты зорырығу, өте жоғары шиеленісу; астенизация жағдайы (реттегіш жүйелерінің әлсіреуі). Сонымен, адамдардың денсаулығы дегеніміз- оның биологиялық, физиологиялық және психикалық қызметтерінің дұрыс дамып, ұзақ уақыт сақталуының динамикалық жағдайы, әлеуметтік белсенділігі мен қызмет қабілеті жоғары деңгейде болып, күш- қайраты талмай, ұзақ өмір сүруі. Қазіргі кезде қолданылып жүрген «денсаулық» деген түсініктің өзі бұлдыр, тиянақсыз болғандықтан, кейбір жағдйларда, жеке параметрлердің өзіне сандық өлшеммен баға беруді өте қиындатып жібереді. Халықтың денсаулығына баға берудің кешенді көрсеткішін жеке зерттеп, өңдеу мақсатында көптеген зерттеушілер еңбек етуде. Мұндай көрсеткіштер денсаулық жағдайының деңгейін анықтаумен қатар, медицина қызметінің бағыты мен бағдарламасын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл үшін денсаулықтың нашарлауының қарқындылық шкаласын құру, денсаулық топтары мен денсаулық индексін анықтау, иетематикалық өңдеулер жасау т.с.с. көптеген әр түрлі амал, тәсілдер пайдалынылады.