Дегенмен өзара қарым-қатынастарын сақтаған Маск пен Райли 2013 жылы
қайтадан некеге отырды. Өйткені Илон жұмыс кестесі өте тығыз
болғандықтан қызбен кездесуге барып жүретін уақытым жоқ деп шешкен.
Алайда бір жылдан кейін олар тағы да ажырасты.
Жұрттың көбі Маскті айтарлықтай қатыгез әрі мейірімсіз, мінезі шәлкес адам
деп санайды. Соның мысалы ретінде онын ең адал көмекшісі Мэри Бет
Браунға жасаған әділетсіздігін, байғұс әйелді жаны ашымастан жұмыстан
шығарып жібергенін тілге тиек етеді.
Достарыңызбен бөлісу: