Орынбай Бертағыұлы


Абайдың жәуанмәртлік, иманигүл танымы жайлы баяндаңыз



бет9/23
Дата27.12.2022
өлшемі157,63 Kb.
#164682
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Байланысты:
19 ғ әдебиет жауаптары
6 лекция Омарова, Традиции нарадов мира
30. Абайдың жәуанмәртлік, иманигүл танымы жайлы баяндаңыз.
Абай – кәміл, жан-жақты үйлесімді жетілген толық мұсылман. Десек те, Абайдың дінге деген көзқарасы өте күрделі. Оны жүрдім-бардым бір-екі ауыз сөзбен түйіндеп өту мүмкін емес. Мұсылманның бес парызының ең бастысы – жаратушы бір Алланың бар екендігіне, оның бірлігі мен ақиқатына сену болса:
Алланың өзі де рас, сөзі де рас
Рас сөз еш уақытта жалған болмас.
Көп кітап келді алладан, оның төрті
Алланы танытуға сөзі айырылмас, -деген Абай, Аллаға да оның «сөзі» «Құран-Кәрімге»-де бар болмысы, жан-тәнімен сенген – кәміл мұсылман
. Абайдың ойынша, Алланың махаббатымен жаратылған біз, яғни адамдар, жаратушы бір Алланы шын жүрегімізбен, бар болмысымызбен, жанымыздан артық сүюіміз керек.
Абай өзінің «Тасдиқ» деп аталатын 38-қарасөзіндегі айтқан ойларын «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» өлеңінде поэзия тілінде жалғастырады.

... Махаббат жаратқан адамзатты


Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп
Және хақ жолы осы деп әділетті.
Осы үш сүю болады имани гүл
Иманның асылы тахкиқ біл. -деген Абай «Алланы сүй», «Адамзатты сүй», «Хақ жолы әділетті сүй» - міне осы үш сүю иманның, сенімнің тірегі – кәміл иман яғни «Иманигүл»,-дейді. «Дін де осы, шын ойласаң тағат та осы»,-деп «Иманигүл» мен дінді бірнәрсе деп түсіндіретін ақын, осыларды бұзатын – пайда, мақтан, әуесқойлық,-деп, пайдакүнем, мақтаншақ және көңілінің байлаулы тұрағы жоқ әрдемеге әуесшіл адамдарды «Иманигүлді» иманды адамдарға қарама-қарсы суреттейді

. Жәуанмәртілік =Нұрлы ақыл +Ыстық қайрат + Жылы жүрек


Мұндағы үш ұғымға Абай тарапынан арнайы мән беріле айтылып отырған анықтаулы сөздер (нұрлы, ыстық, жылы), сол күрделі ұғымның өзіне тән гуманистік мағынасын ашып, айғақтап тұр. Бұл айтылмыш үш хасләттің иелерінің алды – пайғамбарлар, онан соң - әулиелер, онан соң – хакимдер, ең ақыры – кәміл мұсылмандар». Аңғарып қарасақ жақсы адамның бойында адамзат баласының бойындағы ең жақсы қасиеттер - шындыққа жүгіну, ізгілікті болу, даналыққа жету екен, сонымен қатар аталмыш жақсы қасиеттердің кімге тән екенін де санамалап көрсетеді, яғни пайғамбарлар мен әулиелерде, хакимдер мен кәміл мұсылмандарға тән екенін атап, айғақтап көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет