Орындады: Сейілхан А. Б. Факультет: Педиатрия Топ



Дата09.09.2022
өлшемі24,27 Kb.
#149044
түріҚұрамы
Байланысты:
анатомия сро-6 (копия)


«Астана медициналық университеті» КЕАҚ
Адам анатомиясы кафедрасы»

БӨЖ

Тақырыбы: Сүйек кемігі иммуногенездің орталық мүшесі

Орындады: Сейілхан А.Б.
Факультет: Педиатрия
Топ: 104
Қабылданды: Мукашева М. М.


Нұр-Сұлтан, 2022
Мазмұны
I. Кіріспе
II.Негізгі бөлігі
2.1.Сүйектің қызыл кемігі.
2.2. Сүйек кемігінің құрамында болатын жасушалар.
2.3. Тимус немесе айырша без
2.4 Сүйек кемігі құрайтын жағдайлар
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

I. Кіріспе


Сүйек кемігі майы қаңқа сүйектерінің жілік бастарындағы, омыртқа денелеріндегі және жалпақ сүйектердегі сүйек кемігі тақташаларының аралықтарындағы ұяшықтарды толтырып тұрған қан түзуші мүше. Оның негізін құрамында әр түрлі даму сатысындағы қан жасушалары мен тамырлары бар жіңішке та шықты ретикулалы ұлпа құрайды. Сүйек кемігі майында түзілетін барлық қан жасушаларының бастама ізашар жасушалары — көп мүмкіндікті діңгекті жасушалар. Олардан көп мүмкіндікті жартылай діңгекті жасушалар, бір мүмкіндікті бласттар жетіледі. Бласттардан эритроциттердің даму қатары (базофилді, полихромотофилді, ацидофилді эритробласт, нормобласт, эритроцит), лейкоциттердің даму қатары (гранулоциттер, агранулоциттер), мегакариоциттің даму қатары (қантабақшалары) дамиды. Гранулоциттер жасушалар қатарынан цитоплазмасында әр түрлі дәншелері бар базофилді, эозинофилді және нейтрофилді гранулоциттер, лимфобласттардан тимус пен шеткі қан жасау мүшелерінде (көкбауыр, лимфа түйіндері, лимфоэпителтальды құрылымдар) Т- және В- лимфоциттер, монобласттардан моноциттер жетіледі. 
II.Негізгі бөлігі
Қан жасушаларын түзетін орталық мүше сүйектің кемігі. Қанның өзінің орнын өзі толтырып отыратын бағаналы жасушалары мен миелоидты, лимфоидты жасушалар тобы осы сүйек қызыл кемігінде қоныстанған.
Дамуы: Адам ұрығының 2-айында бұғана, ал 3-айында жалпақ жауырын, жамбас, қабырғаға төс сүйектерінің кемігі, 4-айлық нәрестеде түтікше сүйектерінің кемігі дами бастайды. Ұрықтың 11-аптасында остеобластық сүйек кемігі пайда болып, остеогенді қызмет атқарады. Бұл кезеңде пайда болған сүйек кемігінде алғашқы қанның бағаналы жасушалар жиынтығы пайда болады. Ұрықтың 13-14аптасында алғашқы қан тамырлар айналасында гемопоетикалық, ал 20-28аптасындағы адам ұрығының түтікше сүйектерінің қуысында остеокластар пайда болып, сүйек перделерін реобрциялау нәтижесінде сүйек кемігінің эпифизге қарай өсуі де байқалады. Осыдан бастап сүйек кемігі қан жасайтын мүше болып саналады. Сүйек кемігінде ең алдымен эритроидты топты түзетін аралшықтар біліне бастайды. Адам ұрығының 36 — аптасында түтікше сүйектердің диафизіндегі кемігінде май жасушалары мен қан жасушаларының даму ошақтары пайда болады. Ересек адамдардың сүйектерінің құрамынан қызыл және сары миын ажыратады. Сүйектің қызыл кемігі (medulla osseum rubra) бұл — сүйек миының қан жасайтын бөлігі. Ересек адамның сүйектерінің құрамында бұл жалпы дене салмағының 5% құрайды.
Сүйек кемігі қызыл түсті, қоймалжың, шынышағы оңай жағылып, жағынды (мазок) жасалатын құрылым. Сүйек кемігінің құрамында қанның бағаналы жасушалары, гемопоэтикалық эритроидты, гранулоциттер мен мегакариоциттер қатары (дифферон) және В, Т — лимфоциттердің ізашары орналасады. Осыларға микроқоршау болып табылатын — сүйек кемігінің негізін түзетін ретикулинді дәнекер тіні. Соңғы кезде бұл микро қоршау құрамына остеогенді жасушалармен қоса май (адипоциттерді), адвентициальді, эндотелий жасушалары мен макрофагтарды да жатқызып жүр.
Ретикулярлы жасушалары – механикалық, секреторлы
қызмет атқаратын өсінділері бар, негізгі затты синтездейтін (проколлоген, глюкозаминогликандарды, белоктарды) қан жасушаларына негізгі қоршау бола отырып, гемопоэтикалық жасушаларына өсу факторын (бөлетін жасушалар) бөледі. Остеогендік жасушалары осетобласттар сүйек тінінде тіректік қызмет атқарып, сүйек эндостінің (қабының) негізін түзеді. Бұл жасушалар да өсу факторларын бөледі. Қан жасушаларының ең көп көбейетін жері осы эндост. Эндост маңында қанның бағаналы жасушаларының мөлшері сүйек қуысының ортаңғы бөлігіне қарағанда 3 есе көбірек болып келеді. Адипоциттер – сүйек кемігінің құрамында үнемі болып тұратын жасушалар. Адвентициальді жасушалардың 50%, көбінесе синусоидты капиллярлардың сыртын қоршайды. Гемопоэтиндердің әсерінен бұлар жиырылып қан жасушаларының қан ағымына өтуіне жағдай туғызады. Эндотелиоциттер – коллаген IV түрін синтездеп, гемопоэтинді түзеді. Мұнымен қоса топ түзетін факторлармен антигендік қаиеті бар фибронектинді синтездейді.Эндотелиоциттер қан капиллярларының ішін қан тамырларын тыстап,жиырылғыштық қасиеті арқасында қанды,қан жасушаларын қан тамырларының ішінде жылжытады. Макрофагтар - лизосомалар мен фагосомаларға өтебай фагоцитоздық қызмет атқарады. Макрофагтардың (эритропоэтин, т.т.ф-тоб түзетін факторлар, интерферон т.б) синтездейді. Макрофагтар өсінділері (жалған аяқтары) арқылы синусойидты қан капиллярлар қабырғасына жабысып, қанның құрамында темірі бар қосындыларды (трансферринді) алып, эритроидты жасушаларға береді. Эритроидтар темірді гемоглобиннің нем бөлігін жасау үшін жұмсайды. Жасушааралық зат – құрамында коллаген II,III,IY –түрлері мен гликопротеидтер, протеогликандары бар, күрделі құрылым. Гемопоэтикалық жасушалар немесе қан жасушаларының – дифферон қатарлары алты кластан Эротропоэз – сүйек кемігіндегі эритропоэтикалық аралшықтарда жүреді. Эритробласты аралшықтардағы эритроидты жасушаларды макрофагтар қоршайды да, бұлардан ТТЭ дамиды. ТТЭ, проэритробласттар, ретикулоциттер, эритроциттер дамиды. Макрофагтар эритроциттерге «пянка» қорек беруші, қолдаушы есесбінде танылады.(ТТЭ топ түзетін эритробласттар). Гранулоциттер (түйіншікті қан жасушалары) эритроидты жасушалар төрізді топтар түзеді, бірақ бұл топтар сүйек кемігінің шеткі бөліктеріне жақын орналасады. Әлі пісіп жетілмеген гранулоциттерді протеогликандар қоршайды. Ал пісіп жетілген жасушалар біртіндеп қан ағымына өтіп, отырады. Бұлардың саны эритроциттерге қарағанда 3 есе көп болады.Мегакариобласттар мен мега кариоциттер көбінесеинусоидты қан тамырларына жақын орналасып, тіптіцитоплазмасынан шыққан өсінділері қан тамыры қуысына еніп те кетеді. Сөйтіп фрагменттері (бөлшектері) қан кемігі ққұрамындағы аралшықтарда лимфоциттер мен моноциттер орналасқан тұстары қан тамырларын қоршай жатады. Сүйек кемігінде қабыну ошақтары пайда болса, пісіп жетілмеген қан жасушалары қан ағымына өтіп те кетеді. Оларға миелоциттер мен эритробласттар жатады. Қалыпты жағдайда мұндай құбылыстар байқалмайды.
Тимус (айырша без) – лимфоцитопоэз бен иммуногенездің орталық мүшесі. Сүйек кемігінен келген Т – лимфоциттердің антигенге тәуелсіз ізашары тимуста әрі қарай дамып, жасушалық иммунитет реакцияларын жүзеге асырып, гуморальді иммунитетті реттейді. Жаңа туған жануарлардың тимусын алып тастаса, барлық қан жасайтын мүшелерде лимфоциттер саны азайып, кіші лимфоциттер жойылады да, жалпы лейкоциттердің санының күрт төмендеуі (мүшелердің атрофиясынан, мүшелер қанданады) және тағы басқа белгілер байқалады Мұндай кезде ағза көптеген инфекциялы – жұқпалы ауруларға өте сезімтал келеді. Тимусты бастамас ұрықтық дамудың алғашқы айында жұтқыншақтың эпителиінің III – IV желбезек қалталарының құрамындағы көп қабаты эпителий тізбегінен пайда болады.Ұрықтың дамуының 7аптасында адам тимусының эпителий құрамында алғашқы лимфоциттер дамиды.Ал 1112апталық ұрықта лимфоциттердің бөлінуі жүзеге асады.Т-антиген пайда болады.3айлық нәрестеде тимустың паренхимасында қыртысты және боз затының бөліктері байқалады.Боз затының стромасында қабатталған эпителиальды денешіктер пайда бола бастады. Құрылысына тоқталсақ тимустың сырты дәнекер тінді капсуламен қапталған.Капсула астында бездің негізін түзетін өсінділі жасушалардын эпителий тіні.Без капсуласынан көптеген перделер тарап,безді біреше бөліктерге бөлінеді.Тимустың әрбір бөліктерге бөлінеді.Тимустың әрбәр бөләктерә оның қыртысты және боз затынан тұрады. Сонымен, қан түзу процесіндегі тимустың алатынорны ерекше. Тимус Тлимфоциттерді түзуге, тимозин гормонын бөлуге және лимфоциттердің селекциясына да қатысады. Маманданған Т лимфоциттер тимустан шеткі мүшелерге өтеді де (лимфа түйініде көкбауырға) , мұнда пісіп жетіліп, мүшелерге өтеді де (лимфа түйінінде, көкбауырға), мұнда пісіп жетіліп, антиген реактивті киллерге, хелперге және супрессорларға айналады. Көптеген лимфоцитттер маманданған соң қан ағымына өтіп, арнайы циторецепторлары бар деңгейге де жетеді.
Сүйек кемігі қан жасушаларын түзуде өте маңызды. Сондықтан қанмен байланысты бірқатар жағдайлар сүйек кемігімен байланысты. Осы жағдайлардың көпшілігі сүйек кемігінде түзілетін қан жасушаларының санына әсер етеді. Бұл олардың көптеген жалпы белгілерімен бөлісуіне әкеледі, соның ішінде: Безгек. Бұл дені сау лейкоциттердің жеткіліксіздігінің нәтижесі болуы мүмкін. Шаршау немесе әлсіздік. Бұл гемоглобиннің жетіспеушілігінен, оттегін тасымалдайтын эритроциттердегі ақуыздан туындайды. Инфекциялардың жоғарылауы. Бұл инфекциялармен күресуге көмектесетін сау лейкоциттердің аз болуына байланысты. Тыныс жетіспеушілігі. Эритроциттер санының төмендеуі сіздің ағзаңыздағы тіндерге оттегінің аз түсуіне әкелуі мүмкін. Оңай қан кету және көгеру. Бұл қанның ұюына көмектесетін маңызды тромбоциттердің аз болуымен байланысты.

III. Қорытынды


Иммундық жүйе мүшелері орталық және шеткі болып екіге бөлінеді. Орталық мүшеге:айырша без, фабрициус қалтасы (құстарда), сүйек миы кіреді.Шеткі иммунды жүйе мүшелеріне көкбауыр, лимфа бездері,т,б жатады.Орталық мүшелерде лимфалық клеткалар пайда болады, жетіліп, макрофагтарға, лимфоциттерге, нейтрофилдерге айналады, организмді иммунды клеткалармен қамтамасыз етеді, гуморалды факторлардың әсерімен дін жасушалары Т-В- лимфоциттерді, нейтрофилді, эозинофил, базофил, макрофаг, эритроциттерді шығарып тұрады Сүйек миы - қан элементтерін шығаратын иммунды жүйенің орталық мүшесі болып есептеледі. Сүйек миы қызыл, сары болып бөлінеді, өйткені эриттроциттер мен лимфоциттерден тұрады. Лимфоидтық клеткалар саны 0-20%, плазмациттер - 0,4%. Сүйек миындағы дін клеткаларынан қанның клеткалары - эритроциттер, лимфоциттер, тромбоциттер, Т-В-лимфоциттері түзіледі. В-лимфоциттердің беткейінде иммунды глобулин (антигенді айыратын) рецепторлары бар, олар генетикалық код арқылы әсерленеді және иммундық жауап беруге, иммундық жүйе жұмысына қатысатындай қасиет береді.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1.Иваницкий М. Ф. Адам анатомиясы – М., 1985.
2. Привес М. Г. Адам анатомиясы – М., 1985,1974.
3. Ракышев А. Р. Адам анатомиясы. Алматы 2006 ж.
4. Сапин Б. Р., Билич Г. Л. Адам анатомиясы - М. 1989
5. Керимбаев Б. М. Адам анатомиясы – А., 1992.
6. Куперина М. М., Воккен Г. Г. Адам анатомиясы бойынша атлас – М., 1979
7. https://ppt-online.org/605486



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет