РЕФЕРАТ
Тақырып: Газдың жылу сыйымдылықтары
Орындаған:
2019-2020
Газдың жылу сыйымдылығы
Дененің температурасын 10С өзгерту үшін, берілетін немесе одан алынатын жылу мөлшерін жылусыйымдылық деп атайды.
Си жүйесінде энергия мөлшерінің өлшем бірлігі ретінде Дж алынады. Си жүйесінде джоуль барлық энергияларды: жылу, механикалық, сәулелік және т.б. энергияларды өлшеуге қолданылатын универсалді өлшем бірлік болып табылады.
Жылулық өлшем бірлігі ретінде 1 Дж механикалық жұмысты жылуға айналдыру мөлшері алынады. Механикалық энергия өлшемі түрінде Джоуль 1Н күшпен денені 1 м қашықтыққа қозғалтатын жұмыс шамасы (1 Дж=Нм=1 кгм2/с2) алынады.
Жылусыйымдылықтың зат мөлшеріне қатынасын меншікті жылу сыйымдылық деп атайды. Меншікті жылусыйымдылықтың мынадай түрлері бар: массалық с кДж/кг*к; көлемдік сI, кДж/м3к; молдік кДж/(кмоль·К). Олардың арасындағы байланыс мынадай:
(1)
Жылу сыйымдылық жылудың берілу және әкетілу түрінен тәуелді. Тұрақты қысымдағы жылу сыйымдылық- изобаралық ср-деп, ал тұрақты көлемдегі жылу сыйымдылық- изохоралық сv деп ажыратылады. Бұл жылу сыйымдылықтардың өзара байланысын Майер теңдеуі көрсетеді:
cp=cv+R. (2)
мұндағы-R –газ тұрақтысы, кДж/кг∙к.
Жылу сыйымдылықтардың қатынасы адиабат көрсеткіші деп аталады.
ср/сv=К. (3)
Изохоралық процесте берілетін жылу тек газды ішкі энергиясын өзгертуге жұмсалады, ал изобаралық процесте ол жылу жұмыс жасау үшін де жұмсалады. Сондықтан ср>сv . Идеал газдың жылу сыйымдылығы температурадан тәуелді. Бұл белгілері бойынша нақтылы және орташа жылу сыйымдылықтар болып ажыратылады. Температураның шексіз аз өзгеруіне сәйкес келетін жылу сыйымдылықты нақты жылусыйымдылық деп атайды. c=dq/dT. Температраның Т1-ден Т2-ге өзгеруіне сәйкес жылу сыйымдылықты орташа жылу сыйымдылық деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |