Елтаңбаның маңдайшасына бес бұрышты жұлдыз салынған. Ол әр адамның өмірінебағдар беретін өз жұлдызы сияқты, ол Күн мен Айды, Жұлдызды кие тұтқан халқымыздың «бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсің» деген асыл арманын арқалап тұрғандай. Өз мемлекетіміздің жұлдызы жарық, әрі биік болып, әрбір қазақстандық азамат сол жұлдыздың салған жолына сеніп, қиын уақытта бағдарға алып, әрқашан жаңа жолға, болашаққа жетелейтініне сенім артуымыз керек. Елтаңбаның негізгі бояуы алтын түстес. Оған зеңгір көк нұрдың қосылуы. Мемлекеттік нышанды айрықша әрлендіріп,бедерлендіріп тұр
Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шотаман Уәлиханов