Ағзаның жағдайы. Препараттардың әсері ағзаның жағдайына,соның ішінде оларды тағайындайтын паталогияға байланысты болуы мүмкін. Мысалы, ыстықты түсіретін заттар дене температурасын тек қызба кезінде түсіреді. Симпатикалық иннервацияның тонусы жоғары болған сайын ганглиоблакаторлардың гипотензивтік әсері көп болады.бүйрек немесе бауыр қызметінің бұзылуымен қатар жүретін аурулар заттардың экскрециясын және биотрансформациясынын өзгертеді. Дәрілік заттардың фармакокинетикасы жүктілікті, семіздікті өзгертеді.