Өндірістік шуыл - Шу көздеріне қатты денелердің бір біріне соғылуы, үйкелуі, сырғанауы, сұйық заттардың және газдардың жылжуы кезінде түзілетін тербелістер жатады. Тау-кен, көмір, машина жасау, металлургия, мұнай, радиотехника, жеңіл, тамақ өнеркәсіптері және орман шаруашылықтарында, шудың ең көп тараған салалары. Өндірістік жағдайларда тербеліс көздеріне жұмыс істеп тұрған станоктар, механизацияланған құрал-саймандар (электрлік және пневматикалық аралар, ұратын және шабатын балғалар, перфораторлар), компрессорлар, ұсталық-нығыздағыштар, көтеріп-тасымалдайтын және қосымша жабдықтар (желдендіру қондырғылары, кондиционерлер) және т.с.с жатады.
- Қарқынды шу әсері есту анализаторында ағзаның арнайы реакциясын құрайтын өзгерістерді тудырады. Есту жүйесінің бейімделу үрдісі уақытша жылжумен сипатталады (есту сезімталдылығы табалдырығының жоғарылауы). Ұзақ уақыт акустикалық әсер ету кезінде, алдымен баяу бастапқы деңгейіне қайта оралатын (есту зорығуы), содан кейін кезекті шулы әсер етудің басталуына дейін сақталынатын (есту табалдырығының тұрақты жылжуы), есту табалдырықтарының жоғарылауы қалыптасады. Шудың адам ағзасына әсерінің көріністері арнайы (есту анализаторында болатын өзгерістер) және арнайы емес (басқа жүйелер мен ағзаларда болатын өзгерістер) болып бөлінеді.
- Гигиеналық қалыптандыру шудың қолайсыз әсерінің алдын алудың арнайы бір жолы. Гигиеналық қалыптандырудың мақсаты функционалды бұзылыстар мен аурулардың туындауын шеттету, өндірістік ортадағы қайталап және қысқаша уақыт әсер ететін қолайсыз факторлардан пайда болатын еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі мен шектен тыс қажуды болдырмау. Күннен күнге өсіп отырған шудың адам ағзасына қолайсыз әсерінің айтарлықтай әлеуметтік-гигиеналық және экономикалық салдары болғандықтан шумен күресу мәселесі жалпы мемлекеттік маңызға ие болады.
- Шу факторына арналған бұл топтың негізгі МЕСТ-на 12.0.003-83 ЕҚСЖ жатады. Бұдан бөлек, машиналардағы шу сипаттамаларына қойылатын талаптар (дыбыс қуаты шамасындағы) МЕСТ 12.1.023-80 « ЕҚСЖ: Шу. Стационарлы машиналардағы шу сипаттамаларын қалыптастыру әдісімен», сонымен қатар нақты бір текті машиналар мен қондырғылардың стандарттарымен анықталады. №11-12-77 «Шудан қорғау» құрылыстық қалыптары мен ережелері және басқа да нормативтік құжаттар бар.
Достарыңызбен бөлісу: |