Кросс, грамм, гимнаст, грипп, киловатт, эхинококк, хлорофилл, фармацевт, авиапост.
Орыс тілі жұрнақтары жалғанғанда, жіңішкелік белгісі (ь) жазылатын және л дыбысына аяқталатын сөздерге қазақ тілі жұрнақтары жалғанғанда, жіңішкелік белгісі жазылмайды және л дыбысы жуан айтылады. Мысалы:
орысша жазылуы:
материальный
феодальный
коммунальный
|
қазақша жазылуы
әрі айтылуы:
материалдық (материальдық емес)
феодалдық (феодальдық емес)
коммуналдық (коммунальдық емес)
|
Ал жұрнақтар жалғанбай-ақ түбірдің өзінде л дыбысы жіңішке сөздерде (яғни түбірдің өзінде жінішкелік белгісі жазылатын сөздерде) ь таңбасы сақталып жазылады және л дыбысы жіңішке айтылады: моральный – моральдық (сөз түбірі – мораль), артельный – артельдік (сөз түбірі – артель). Мұндайда көбінесе сөздердің қазақша айтылуы жазылуына сай келеді: ь тұрса, л дыбысын жіңішке айту керек те, ь жоқ болса жуан айту керек.
Осы ережені ескеріп, мына сөздерді дұрыс айтып көріңдер:
Патриархалдық, акварельді, спектакльдік, артельдік, номиналдық,вассалдық, вокальды.
Қазақ тілінде қ, к, п деген қатаң дауыссыз дыбыстарға аяқталған сөздерге дауысты дыбыстан басталатын қосымшалар жалғанған кезде, сөз соңындағы қатаң дыбыстар ұяңдап, ғ, г, б (кейде у) дыбыстарына айналатыны мәлім. Бұл өзгеріс жазуда да, айтуда да ескеріледі. Мысалы: тарақ+ым – тарағым, күрек+і – күрегі, доп+ы- мыз – добымыз, тап+ып – тауып, кеп+у – кебу, кеп+іп – кеуіп т.б.
Бұл ережеге орыс тілі арқылы енген сөздердің де бірқатары бағынады: ток – тогы (айтуда тогі), блок – блогы (айтуда блогі). Ал п, х дыбыстарына аяқталатын бірқатар кірме сөздер бұл ережеге бағынбай, соңғы қатаң дыбыс ұяңдамай айтылады және солай жазылады. Мысалы: принцип+і – принципі (принцибі емес), грипп+і – грипі (оның грипі жұқты, грибі емес), тип+і – типі (тибі емес), кинескоп+ы – кинескопы (кинескобы емес), цех+ы – цехы (цеғы емес), шейх+ы – шейхы (шейығы емес), шах+ы – шахы (шағы емес).
Жіңішкелік белгісіне аяқталатын көп буынды кірме сөздерге қазақ тілі қосымшалары буын үндестігі бойынша жалғанады, яғни сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыс жіңішке болса, қосымша да жіңішке, жуан дауысты дыбыс болса, қосымша да жуан болып айтылады және солай жазылады, ль дыбысына аяқталған кірме сөздерге тек қана тәуелдіктің ІІІ жағында жіңішке қосымша жалғанып, жіңішке айтылады. Мысалы: фестиваль+ға – фестивальға, бірақ фестивалі, календарь+ға – календарьға, календары.
Кль, брь, бль тәрізді дауыссыз дыбыстар мен жіңішкелік белгісіне аяқталған сөздерге және жіңішкелік белгісіне аяқталған бір буынды сөздерге қазақ тілі қосымшалары әрдайым жіңішке жалғанады, яғни сөздің соңғы буыны тұтас өзі жуан болса да, қосымша буын үндестік заңына бағынбай жалғанады және жіңішке айтылады (әрі солай жазылады). Ансамбілге (жазылуы: ансамбльге), ансамбілдер (жазылуы: ансамбльдер), ансамбілі (жазылуы: ансамблі, мұнда сөз түгелімен жуан, тек соңғы дауыссызы жіңішке ль), бинокльдің (айтылуы: бинокілдің), биноклім (айтылуы: бинокілім), бинокльдер (айтылуы: бинокілдер). Мұнда сөздің соңғы буыны нокльжуан. Тюль, тюльдің (айтылуы: тюлдің), тюльге, тюлі (сөз бір буынды, бірақ жіңішке ль дыбысына аяқталған), князьдің, князьдер, князі (сөз зь дыбысына аяқталған және бір буынды болғандықтан, қосымша жіңішке жалғанып тұр).
Бұл сияқты дауыссыз дыбыстары, әсіресе сөз соңындағы дауыссызы орыс тілінде жіңішке айтылатын сөздердің қазақша дыбысталуында дауыстылардың ыңғайы (жуан-жіңішкелігі) емес, дауыссыздардың айтылу ыңғайы шешуші рөл атқарады.
Осы ережені ескеріп, мына сөздерге қазақша қосымша жалғап, дұрыс айтып көріңдер:
Капсюль, бандероль, ноябрь, верфь, автомобиль, акрополь, бронь, водевиль, виолончель, вестибюль, госпиталь.
Соңғы буынында ë, э, ю дыбыстары бар кірме сөздерге қазақ тілі қосымшалары әрдайым жіңішке жалғанып, солай айтылады әрі жазылады. Мысалы: актëрлер, актëрге, актëрі, дирижëрлер, дирижëрі, Пëтрге, Пëтрден, дуэтке, дуэті, полюске, полюстер, парашютке, парашюті, дуэльге, дуэлі, велюрдің, велюрі, дебютке, дебюті.
Ер адамның фамилиясы -ов, -ев, -ин жұрнақтары арқылы жасалған болса, -ов, -ев жұрнақты фамилияларға қазақ тілінің қосымшалары түбірдің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жуан не жіңішке түрде жалғанып айтылады (және солай жазылады). Мысалы: Омаровтың, Омаровқа (сөз түбірі О-мар, соңғы мар буыны жуан), Әуезовтің, Әуезовке (сөз түбірі Ә-уез, соңғы уез буыны жіңішке), Мұсаевқа, Мұсаевтан (сөз түбірі Мұ-са, соңғы буыны жуан), Құдайбердиевке, Құдайбердиевтен (сөздің соңғы буыны ді жіңішке). Ал -ин жұрнағымен жасалған фамилияларға қазақ тілі қосымшалары әрдайым жіңішке жалғанып, жіңішке айтылады: Оразалинге, Дербісалинге, Сембинге.
Кейбір өлшем атаулары жазылуда шартты түрде қысқартылып беріледі. Ал қысқартулар не әріптерден, не арнайы алынған өзгеше белгілерден тұрады.
Мысалы: 10 см, 5 га, 3 мм, 10°, 40м, 100%, 220V, 70W. Бұларды ауызша айтқанда қысқартылып берілген әріптерді емес, сол әріптер білдіріп тұрған сөзді толық айту керек: он сантиметр, бес гектар, үш миллиметр, он градус жылы, қырық метр, жүз пайыз, екі жүз жиырма вольт, жетпіс ватт. Бұларға жалғанып тұрған қосымшаларды (олар дефис арқылы жазылып беріледі) оқығанда, белгілерге тіркеп емес, тұтас сөзге тіркеп айту керек. Мысалы:көйлегімнің етегін 5 эсэмге немесе сымыға ұзарттым деп емес,бес сантиметрге ұзарттымдеп айту керек. Сол сияқты:машина сағатына 60 км-ден жүріп отырды деп жазылғандыалпыс километрден (алпыс ка-эмнен немесе алпыс км-нен емес) жүріп отырды, комбайыншы 400 гектардай (га-дай емес) жердің егінін ордыдеп айту керек.
Жекеше II жақтағы жіктік жалғауы тек қана -сың, -сіңтүрінде (яғни соңғы дыбысы ңболып) айтылады және солай жазылады. Мысалы: есімдерге жалғанған жіктік жалғаулары (жекеше түрі):
Достарыңызбен бөлісу: |