Бағдарламаның атауы: Қазақстан Республикасының фармацевтика өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарлама.
Бағдарламаның атауы: Қазақстан Республикасының фармацевтика өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарлама.
Бағдарламаның мақсаты :2014 жылға қарай отандық өндіріс есебінен елдің дәрілік препараттарға нақты мәндегі қажеттілігін қанағаттандыру деңгейін 50%-ға жеткізу.
Бағдарламаның міндеттері: Инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту және жаңа фармацевтикалық кәсіпорындарды салу. 2014 жылдың аяғына дейін фармацевтика өнеркәсібінің кәсіпорындарында (GMP) «Тиісті өндірістік практика» халықаралық сапа стандарттарын енгізу. GMP халықаралық стандарттарына сәйкес қазіргі заманғы технологиялар базасында фармацевтикалық және медициналық өнімнің импорт алмастыруы үшін жағдайлар жасау. Саланы білікті кадрлармен қамтамасыз ету.