Тоффлердің пікірінше, ақпараттық қоғамға тән ең басты белгілер мыналар:
Тоффлердің пікірінше, ақпараттық қоғамға тән ең басты белгілер мыналар:
экономикалық және әлеуметтік өмірдің барлық қырын бұқаралық және стандарттық сипаттардан арылту;
қоғамда болып жатқан өзгерістердің қарқындылығы, инновациялардың жоғары деңгейлілігі. Қалыптасып келе жатқан ғаламдық ақпараттық қоғамда ақпараттың рөлі мен мәні артып отыр. Ақпараттық технологиялардың төңкерістік іс-әрекеттері ақпараттық қоғамда таптарды әлеуметтік жіктелмеген "ақпараттық қауымдастықтармен" алмастыруға алып келеді (Е. Масуда). Тоффлер дәстүрлі епетейсіз корпорацияларға "шағын" экономикалық қалыптарды - үйдегі жеке индивидуалды қызметті, "электронды коттеджді" қарсы қояды. Олар ақпараттық қоғамның инфо, техно және адам тұрмысының басқа да салаларының жалпы құрылымына енгізілген. Теледидар, компьютер қызметі және энергетика синтезі негізінде "Ғаламдық электрондық өркениет" жобасы - «телекомпьютерэнергетика» жасалуда (Дж. Пелтон).