Орындаған: Бауыржанқызы С. Тобы: ФӨТҚА 06-21 Қабылдаған


Әлемдік қоғамның дамуындағы энергияның рөл



бет6/7
Дата04.10.2023
өлшемі139,1 Kb.
#183655
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
энерго срс

Әлемдік қоғамның дамуындағы энергияның рөл

Энергия (гр. energeіa – әсер, әрекет) – материя қозғалысының әртүрлі формасының жалпы өлшеуіші.
Материя қозғалысының әртүрлі формалары бір-біріне айналып (түрленіп) отырады. 19 ғасырдың орта шенінде осы қозғалыстың барлық формалары бір-біріне белгілі бір сандық мөлшерде ғана айтылатындығы анықталды; осы жағдай “энергия” ұғымын енгізуге, яғни қозғалыстың әртүрлі физикалық формаларын бірыңғай өлшеуішпен өлшеуге мүмкіндік берді. «Энергия» ұғымы сақталу заңына бағынады (қ. Энергияның сақталу заңы, Термодинамика). Энергия туралы түсінік мәңгілік қозғалтқыш жасаудың мүмкін еместігін дәлелдеуге байланысты пайда болды. Жұмыстың қоршаған ортадағы немесе жүйедегі белгілі бір өзгерістің (отынның жануы, судың құлауы, т.б.) нәтижесінде ғана орындалатындығы анықталды; дененің бір күйден басқа бір күйге ауысуы кезіндегі белгілі бір жұмыс істеу қабілеті оның энергиясы деп аталды.Энергетиканың елдің халық шаруашылығындағы орасан зор рөлі өнеркәсіптің барлық салаларындағы, ауыл шаруашылығындағы, көліктегі кез келген өндірістік процесс, халыққа қызмет көрсетудің барлық түрлері энергияны пайдаланумен байланысты болатындығымен айқындалады. Еңбек өнімділігінің өсуінің негізгі материалдық негіздерінің бірі еңбек энергиясымен жарақтандырылуы болып табылады. Адамзат тарихында өндірісте және күнделікті өмірде қолданылатын энергия көздері мен түрлерін жетілдіру және дамыту болды. Бұрынғы өткен заманда энергетикалық негіз жануарлардың, су мен желдің қозғалтқыш күшімен толықтырылған адамдардың бұлшықет күші болатын. Бу энергиясының ашылуымен өндірістің кейінгі техникалық прогресі және еңбек өнімділігінің өсуі байланысты [6].


Қорытынды
Адам табиғаттың бір бөлшегі,әрі ғажайып туындысы. Адам Жер-Ананың перзенті. Табиғатты, Жер-Ананы сүйе білу,оны аялау адамның азаматтық борышы. Қазіргі заманда адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы күрделенді. Адам санасының өсуі, өнеркәсіптің тез өркендеуі,ғарышты игеру қоршаған ортадағы тепе-теңдіктің бұзылуына әкеп соғуда. Бүгінде жер беті экологиялық апатты аймаққа айналды.
Ең өткір экологиялық мәселелер: климаттың өзгеруі, қышқылды жауын-шашын, қоғамдық ортаның ластануы, өндіріспен немесе энергияны пайдалануға тікелей немесе жанама түрде байланысты органикалық отындардың қарқынды сарқылуы. Сондықтан энергетикалық мәселелерді шешу негізгі- экологиялық мәселелерді шешу мүмкіндігіне байланысты.
Энергияны үнемді қолдана отырып, онымен тікелей бәсекеге түсе алатын басқа да энергия түрлері – су, жел, күн т.б энергияларды пайдаланудың да маңызы өте зор. Дәстүрлі энергия көздері – қоршаған ортаға зиянды,әрі шектеулі. Баламалы энергия көздері – қоршаған ортаға қауіпсіз, шектеусіз, экологиялық таза және оны алу жолдары қиын емес. Дəстүрлі энергия көздерінің қоры шектеулі, ерте ме, кеш пе, ол таусылады. Ғалымдардың пайымдауынша мұнай жəне газ қоры -80, көмірсутекті шикізат қоры -100 жылға жетерлік деп болжануда. Органикалық отындар қоры бітпеген күннің өзінде, олардан энергия алу технологиялары жаңартылмаса, онда жылулық ластану, қатты жəне сұйық қалдықтардың бөлінуінен, қышқыл жаңбырлардың əсерінен ғаламдық экологиялық дағдарыс туады. Технологиялық жаңару энергияның қымбаттауына əкеледі. Сондықтан энергия – қажет, əрі қымбат болса энергетикалық дағдарыс туындайды. Əрине, энергия үнемделу керек, бірақ оның көзі де сол болу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет