Алғашкы етеккір (менархе) – 11-13 жаста келеді, бірден немесе 1 жыл ішінде қалыптасады. Етеккір циклының қалыпты жағдайда орташа ұзақтығы 21-35 күн, көпшілік әйелдерде орташа 28 күн. Етеккірлік қан кету себебі жатырдың шырышты кабығының түсіп, қан тамырларының жарылуымен байланысты. Қалыпты етеккір циклында қан кету ұзақтығы орташа 3-6 күнге тең және көптеген факторларға алдымен эндометрий регенерациясының жылдамдылығына байланысты жететін қан көп емес және орташа 50 мл құрайды, етеккірлер реті ауырмай келуі керек.