Акцидоз газовый – газдық қышқылдану
Аэрофагия – ауа жұту
Аэрофильтр – ауа сүзгі
Бактерионоситель – бактерия тасушы
Дыхание учащенное – жиі тыныс алу
Изжога – қыжыл
Иллюзия – сағым, елес
III. Қорытынды:
Терминографияның сала ретінде орнығуына түрткі болып отырған негізгі себептердің ғылыми тұрғыдан ашып көрсетілуінің де маңызы бар. Бұл ең алдымен, қазақ терминографиясын қолға алудың қажеттілігін, оның ғылыми негізділігін аша түсу үшін маңызды болмақ. Сонымен бірге қазақ терминографиясында қарастырылатын мәселелер мен терминологиялық создіктерге қойылатын талаптарды теория мен іс жүзінде қолданудың дұрыстығын түсініп, осы бағыттағы зерттеуұйымдастыру жұмыстарын жүргізе түсу үшін де оның маңыздылығы мен ғылыми негізділігін дәлелдеп көрсету орынды болып табылады. Қорытындылар болсам, «Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздіктің 14-томындағы» медицинаға қатысты терминдердің сәтті, сәтсіз жасалғандығын талдап, үнемі назарда ұстауымыз қажет. Сәтсіз жасалған терминдерге балама ұсыну арқылы түзей аламыз. Сөздік – халыққа арналады. Сондықтан сөздіктегі терминнің жүйелі болуына бәріміз жауаптымыз.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. https://egemen.kz/article/110684-terminologiya-ma-alde-termin-logiya-ma
2. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты «14-том, Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік» Медицина.
3. Ақаев С.Т. Терминнің танымдық табиғаты (моногр.), Алматы, 2005, 227.
Назарларыңызға рақмет!!!
Достарыңызбен бөлісу: |