Орындаған: Дәулет М



Дата06.02.2023
өлшемі16,11 Kb.
#167650
Байланысты:
Қыздың көркі шаш


ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ №14 КОЛЛЕДЖ МКҚК
Баяндама
Тақырыбы:

Орындаған:Дәулет М.
Қабылдаған:Ибраева А.

Қыз бойынан табылатын табиғи сұлулық пен тазалықтың бір белгісі — қолаң шаш десек артық айтқандық болмас. Қыз баланы ер баладан ерекшелеп тұратын да ұзын шаш болып табылады. Талай ақын-жыршылар жырларына қосқан шаштың әйел адамы үшін алатын орны зор. Дана Абай:
Етіндей жас баланың білегі бар,
Әжімсіз ақ саусағы іске ыңғайлы.
Қолаң қара шашы бар жібек талды
Торғындай толқын ұрып көз таңдайды, — деп әйел бейнесін тамсандыра суреттеген.
Бала күнімізде ата-аналарымыздың «Шашты кез келген жерге тастамандар», «Шашты жаймай, жинап жүріңдер», «Өз шаштарыңды өздерің қимаңдар» деген ескертпелерін жиі еститінбіз. Мұнда көп сырдың бар екенін білсекте, ашығын сұрай қоймайтынбыз. Бұл сөздердің түбінде шашқа деген қадір-қасиет, бағалау сынды ұғымдардың жатқаны анық байқалады. Бұрым деп әйел адамдардың өрілген ұзын шашын айтады. Бұрым – сұлулықтың сәні деген ата-бабаларымыз қыздарының жас кезінен-ақ бұрымын айрықша күтімге алып, ұзын етіп өсіруге түрлі шөп тұнбаларын, халық рецептерін пайдаланған. Бұрымды жалғыз өрім, қос өрім деп бөліп, шаштың қалың болуы мен жұқа болуына қарай үлкен бұрым, кіші бұрым деп бөлген. Қыз баланың бұрымын жас кезінде өруге шешесі, жеңгесі, әпкесі, әжесі, құрбылары көмектескен. Соған сәйкес қазақта Қосбұрым деген де қыздың есімі бар. 
Бұрым – қыз-келіншектердің бақыты мен абыройы деп санаған халқымыз көп бұрымның қасиеті де көп болады деген. Африка мен Өзбекстанда да қыз баланың шашын көп бұрым етіп өреді. Қазір бірқатар бойжеткендер африкалық стильде бұрым өруге құштар. Бұл олардың Шығыс халқының көп бұрымды қалай өретінін білмегендігінен шығар. Адам шашының құпия қасиеттерін зерттеуші ғалымдар «көп бұрымды шаш сол баланың отбасындағы тұрмыс-тіршілікке оң ықпалын тигізіп, жақсартады» деп ғылыми тұрғыда нақты деректермен дәлелдейді. Жалпы айтқанда қазіргі кезде жуан бұрымды жеңді білектей, қос бұрымды тау басынан құлаған бұлақтай деп дәріптеген қазағымыздың ежелгі салтын ұмыт қалдырып жатқандаймыз немесе оны мүлде басқа қырынан танып білгендейміз.
Дана халқымыз бойжеткендерін пәле-жаладан, жамандықтан аулақ ұстап, сақтандырған. Осының бәрі қыз баланың қасиетін биіктетіп, сұлулық бастауына көтерілуіне жол ашады. Ерте заманда Қыз Жібек, Баян сұлу, т.б. қазақ қыздары ерекше сұлу болған. Себебі, олар өз сұлулықтарын сақтап, қос бұрымын бұландатып жүрген. Қазақ қыздарын бала күнінен еркелетіп, бетін қақпай өсірген. Бұл қыз бала тәрбиесіне көп көңіл бөлгенін аңғартады. Сондықтан да тәрбиелі, инабатты, намысты, ибалы, арулар қазақ отбасында тәрбиеленіп шығады. Қыздарға жан-жақты сұлулық, яғни жан сұлулығымен қоса, тәнсұлулығы бірдей болған жарасады. Қыз балалардың көрікті болып өсуіне ертеде аналары ерекше көңіл бөлген. «Аттың көркі – жалы, арудың көркі – шашы» деп ұққан аналар қыздың шашын дұрыстап күтіп – өсіруді өнер санаған. Шаштарын қос бұрым немесе бестемше етіп өру бойжеткен қыздардың көркі болған.
Шүберек адам көркі болса,ұзын шаш та кез-келген қыз баланың көркі. Ертеректе қазақ қызының шашы тобыққа дейін түсіп тұратын болған. Қыз бойынан табылатын табиғи сұлулық пен тазалықтың бір белгісі – қолаң шаш десек артық айтқандық болмас. Қыз баланы ер баладан ерекшелеп тұратын да ұзын шаш болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет