Орындаған: Әмірхан Даулет Қабылдаған: Жолсейтова Мағрипа Тобы



бет4/7
Дата27.04.2022
өлшемі94,72 Kb.
#140996
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Әмірхан Дәулет БӨЖ д

III-съезд. Дүниежүзілік және дәстүрлі дін лидерлерінің Үшінші съезі Астана қаласында 2009 жылдың 1-2 шілдесінде болып өтті. Дүниежүзілік және дәстүрлі дін басшыларының Үшінші съездің тақырыбы «Төзімділікке негізделген әлемді, өзара сыйластық пен ынтымақтастықты құрудағы дінбасыларының рөлі» деп аталды. Үшінші съезд алдыңғы съездердің дінаралық үнқатысуды, өзара түсіністік пен бейбіт ынтымақтастықты дамытуға қоқан үлесін мойындап, сондай-ақ хатшылықтың жұмысына ризашылық білдіре отырып, «Дүниежүзілік және дәстүрлі дін басшыларының ІІІ съезіне қатысушылардың үндеуі» атты қорытынды құжатты қабылдады. Діни және саяси лидерлерге, қоғам қайраткерлеріне, оқымыстыларға, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлем жұртшылығына арнап мынадай «шақыру жолданды:
1) шынайы дінаралық үнқатысуды орнату үшін діни лидерлер мен ұйымдардың күш-жігеріне тұрақты қолдау білдіруге және жәрдемдесуге, сондай-ақ адамзаттың өзекті мәселелерін, оларды шешудің лайықты жолдарын әзірлеу мақсатында қарастыруға, осы арқылы қоғамда дін атқара алатын және атқаруға тиіс оң рөлді мойындауға;
2) әрбір дін мен мәдениеттің бірегейсипатын түсінуге білім арқылы жәрдемдесуге, өзара түсіністік пен құрметті жақсартуға бағытталған діндер мен өркениеттердің үнқатысуына қолдау білдіруге;
3) жария өзгешеліктерді құрметтеу негізінде қоғамның бірлігінсақтау үшін саяси мақсаттарда дінді немесе діни айырмашылықтарды бүлдіре пайдалануға қарсы тұруға;
4) білім саласындағы мәдени айырбастар мен ынтымақтастық арқылы әлдеқайда терең түсінуге жәрдемдесуге, ар-ождан бостандығына және оны іске асыруға құқылықты ьұрақты қорғауға;
5) жаһандық орын алып отырған экономикалық, қаржы, әлеуметтік және экономикалық проблемалардың әділ шешімдерін іздестіруде зор моральдық және рухани күш-қуат пен шынайы ынтымақтастық көрсетуге шақырамыз». Осылайша, съезге қатысушылар Қазақстан халқына және Оның Елбасына ризашылықтарын білдіріп, әлемнің әр адамына қауіпсіздік пен өркенділік тілеп тарасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет