Орындаған: Әріпбай Ш. С 5-035 топ жмф тексерген: Алькенова М. А


Сезімталдықтың зақымдалу түрлері



бет4/6
Дата25.09.2023
өлшемі0,57 Mb.
#182340
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
176726.pptx

Сезімталдықтың зақымдалу түрлері

  • Парестезия — денеде өздігімен бірнәрсе өрмелегендей, ұйу сезімінің пайда болуы .
  • Анестезия–Сезімталдықтың жоқтығы.
  • Гипестезия – Сезімталдықтың төмендеуі.
  • Гиперестезия – берілетін тітіркенгіш өте қатты сезіледі.
  • Дизестезия – сезімтал стимулдарды бұрмаланған түрде қабылдау: укол суық сезімі тәрізді қабылданады
  • Аллохейрия – ауырсыну тітіркендіргіш орналасқан жерде емес оған қарама-қарсы симметриялық аймақта орналасады
  • Полиэстезия –бір тітіркенудің көп болып сезінуі.

Сезімталдықтың зақымдалу түрлері
  • Перифериялық невралды – нерв зақымдалған кезде кездеседі. Бұл кезде зақымдалған нерв инервациялайтын зонада сезімталдықтың бүкіл түрі бұзылады.

  • Перифериялық полиневралды – симметриялы түрде көптеген нервтер зақымдалған кезде-полиневриттер немесе полинейропатия кезінде кездеседі. Сезімталдықтың бүкіл түрі аяқ пен қолдың дисталды бөліктерінде бұзылады «перчатки» және «носки» түрінде.


  • Перифериялық түбірлік — дерматомаға сәйкес аймақта сезімталдықтың бүкіл түрінің бұзылуы (артқы түбірлер зақымдалған кезде).
  • Спиналды-сегментарлы – жұлынның артқы мүйізі немесе алдыңғы сұр спайка зақымдалған кезде пайда болады – бұл кезде сәйкес дерматомда ауырсыну мен температуралы сезімталдық жоғалып, тактилды және терең сезімталдық сақталады.

  • Спиналды-өткізгіш – жұлынның артқы және бүйір бағандары зақымдалған кезде дамиды (немесе екеуі бірдей зақымдалса). Бұл кезде қай өткізгіш жолы зақымдалуына байланысты сезімталдық түрі бұзылады. Сезімталдықтың бұзылуы зақымдалған жерден төмен орналасады.

  • Церебралды-өткізгіш– көбіне ішкі капсуланың артқы саны зақымдалғанда дамиды. Бұл кезде сезімталдықтың бүкіл түрі қарсы жақта зақымдалады – гемитип, гемианестезия.

  • Церебралды-қыртысты – төбе бөліктің орталықтан кейінгі иірімде. Егерде ошақ орталықтан кейінгі иірімнің жоғарғы бөлігінде орналаса, онда сезімталдықтың бүкіл түрі қарсы аяқта бұзылады, ал егерде сол иірімнің ортаңғы бөлігінде орналаса , онда сезімталдық қарсы жақ қолда бұзылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет