Менингококктар алғашында мұрын жұтқыншақтың
шырышты қабатында орналасып,
онда жеткілікті
қабыну процесін туғызады (клиникалық белгілерсіз) –
“сау” тасымалдаушылық,
назофарингит кезінде
жергілікті өзгерістермен қатар, айқын токсинемия жəне
бактеремия байқалады. Генерализацияланған түрінде
қоздырғыш жергілікті тосқауылдардан өтіп, бактеремия
туғызады. Бактеремия арнайы монополисахаридтердің
əсеріне байланысты айқын токсинемиямен қатар
өтеді
(менингит, артрит, иридоциклит).
Процестің жайылуында мына факторлар маңызы болуы мүмкін: -қоздырғыштың
инфицирлеуші дозасы, оның вируленттігі мен инвазивтілігі -жастық фактор (балаларда
ересектерге қарағанда жайылған түрі жиі кездеседі) -ағзаның иммуногенетикалық
ерекшеліктері (жергілікті иммунитеттің, иммунитеттің клеткалық звеносының
фагоцитарлық жүйенің, комплемент жүйесінің т.б. жағдайы) -менингококктардың
басқа бактериялармен, вирустармен ассоциациясы. Токсиннің əсерінен
(липополисахарид) гемостазды бұзатын бірқатар қиын процестер туындайды. Бұл
тұрғыда липополисахаридтің концентрациясының маңызы бар (токсинемия дəрежесі):
төмен концентрация арнайы жəне арнайы емес қорғаныс факторларын белсендірсе, ал
жоғары керісінше тежейді, сондықтан ауыр ағымда токсикалық-инфекциялық шокпен
өтеді. Жайылған формалардың патогенезінде сонымен қатар баяу типті
гиперсезімталдық жəне миокардит,
перикардит, полиартрит дамуына келтіретін
иммундық комплекстердің маңызы да зор.
Менингококты инфекцияға қабыну процесінің, ал жайылған түрінде қантамырлардың
зақымдануы мен əр түрлі мүшелерде іріңді ошақтар қалыптасуы тəн.
Достарыңызбен бөлісу: