Орындаған: Ерұзақ П. Тобы:Өко-711 Түркістан 2019ж Жоспары


Оқу-тəрбие үдерісін инновациялау – бүгінгі күннің өзекті мəселесі



бет7/8
Дата29.01.2022
өлшемі63,94 Kb.
#115607
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Педагог кәсібилігі.ПЕРИЗАТ

Оқу-тəрбие үдерісін инновациялау – бүгінгі күннің өзекті мəселесі

Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Республика халқына жолдауында айқындалған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жаңартумен қатар оқытудың өзіндік жаңа жолын, қазіргі заманғы педагогикалық технологиясын қалыптастыру – өмірдің талабы болып отыр. Қазіргі кезеңде республиканың білім беру жүйесінің ең басты мəселесі – қазақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дəрежеге жуықтату. Ол үшін мектепке заман талабына сай мемлекеттік білім стандартын енгізу, соған сəйкес кəсіби шеберлігі дамыған кадрлармен қамтамасыз ету, өркениетті ғылымиəдістемелік бағытқа ынталандыру, жаңа базистік оқу жоспары мен жаңа буын оқулықтарына көшу, орта білімді ақпараттандыру, тағы сол сияқты білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару – еліміздегі ең маңызды əрі кезек күттірмейтін ауқымды істер. Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз демекші, бүгінгі бала – ертеңгі жаңа əлем. Демек бұрыннан қалыптасқан бағдарлама мен тəртіп ол үшін ескірген, тозған. Ал қазір ол барлық тұлғасымен жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Сондықтан оған жүйелі жəрдем беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттайтын, қабілет-қасиеттерін дамытатын мектеп шаңырағы қажет.



Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, əлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тəрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тəрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-əрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мəселелердің бірі. Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстан білім қоғамы жолында» деп аталатын Назарбаев Университетінде оқыған лекциясында білім сапасын арттыру жөнінде тұжырымды ой айта келіп, білім нəрімен сусындататын біздің асыл да ардақты ұстаздарымызға да үлкен міндеттерді жүктегені барлығымызға мəлім. Ендеше келешекте Қазақстанның ғарыштап дамуына өз үлесін қосатын бүгінгі ұрпақ ертеңгі азамат болғандықтан, оқу-тəрбие үдерісін жаңартып, білім сапасын арттыру – оқытушылар құзырындағы өте үлкен жауапты іс. XXI ғасырда қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр. Олар: білім сапасын көтеру компьютерлендіру, интернет, компьютерлік желі, электронды жəне телекоммуникация, электронды оқулықтар даярлау. Бұлардың оқушылардың қазіргі заман талабына сай білім алуына, білік сапасын көтеруге тигізетін əсері мол. Жаңа электронды оқулықтардың дүниеге келуімен берілетін білім мазмұны да өзгерері сөзсіз. Болашақта əр оқушы компьютерлік технология арқылы интернет, электронды желі, электронды почта арқылы дүниежүзілік білім əлеміне еніп, онда өзінің қажетін өтейтін білімді толығымен алуға, қажетті ақпараттық мəліметтерді ғылым саласына байланысты озық тəжірибелерді, осы мəселенің шетелдегі жағдайымен танысуына толық мүмкіндік туады. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасының түбегейлі мақсаты да əлемдік өркениетке сай сапалы білім беру жəне ақпараттық интеллектуалдық ресурстарды өз бетімен ала алатын, талдай білетін, идея бере алатын, ылғи даму үстінде болатын, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлға қалыптастыру болып отыр. Қоғамды ілгері дамытатын күш білім десек, болашақтың иегері – жас ұрпақты саналы да білімді етіп тəрбиелеу ұстаздардың қолында. Осы тұрғыда Л. Гумилев атындағы Еуразия университетінде елбасы Н. Назарбаевтың «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» – атты тақырыпта оқыған лекциясында: «Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен əлдеқайда жоғары болуы керек. Ол үшін формацияның педагогы қажет,» – деген. Қазіргі мұғалім: 1. Педагогикалық үдерісте жүйелі жұмыс істей алатын; 2. Педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш; 3. Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын; 4. Оқушымен ортақ тіл табыса алатын; 5. Білімді, шебер, іскер болуы тиіс. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тəрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-əрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мəселелердің бірі. Ал ғылым мен техниканың жедел дамыған, мəліметтер ағыны күшейген XXI ғасырда жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру мектептің басты міндеті болып саналады. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мəліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да əрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тəрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үдерісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

«Инновация» туралы жалпы түсінік

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың əдіс-тəсілдерін үнемі жетілдіріп отыру жəне қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық жəне интерактивтік əдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы əрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. «Инновация» ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған əртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э. Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея». Майлс: «Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз» – дейді. Ендеше «инновация» ұғымы – педагогикалық сөздік қорнына ежелден енген термин. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде «жаңа», «жаңалық енгізу», деп көрсетілсе, кейбіреулер оны «өзгеріс» деген терминмен анықтайды. «Инновация» деген сөз – латынның «novis» жаңалық жəне «іп» енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «жаңару, жаңалық, өзгеру» деген мағынаны білдіреді. Инновация термині қазіргі білім берудің теориясы мен тəжірибесінде кеңінен қолданылып жүр. Бірақ ғылымда бұл терминнің нақтылы анықтамасы белгілі бір категория ретінде берілмеген. Берілетін анықтамалардың көпшілігі бұл ұғымды кеңінен терең таныта алмайды. Инновацияны «Білім беру жүйесіндегі жаңалық енгізу» деп айтсақ, оның мағынасын тарылтқан болар едік. «Инновация» ұғымы ең бірінші XIX ғасырда мəдениеттанушылардың зерттеуінен пайда болды, яғни бір мəдениет түрлерін екінші ел мəдениетіне енгізу дегенді білдіреді жəне бұл ұғым этнографияда əлі күнге дейін сақталған.

Инновациялық технологиялар жəне олардың өлшемдері

Педагогикалық инновациялар мағынасына, мазмұнына, нəтижесіне қарай екі түрге бөлінеді: - білім беру жүйесіндегі инновациялар; - оқу тəрбиелеу жұмысының жоспарлары мен бағдарламаларының мазмұны мен құрылысына жататын инновациялар. Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кəсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тəжірибені жұмылдыру қажет. Бұл – өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да əрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады жəне өзін-өзі қалыптастырады. Инновациялық технологиялар – ол білім саласындағы қолданатын жаңа ақпараттық технологиялар, ғылым жетістіктеріне негізделген əдістер.

Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың пайдалану қызметі бойынша топтастырылуы:

І. Педагогикалық үдерісте жеке тұлғаның бағыты негізінде педагогикалық технология.

Педагогикалық қарым-қатынас технологиясы.

Алтынсариннің педагогикалық технологиясы.

Амоношвилидің ізгілік технологиясы.

Ильиннің жүйесі.

ІІ. Оқушының іс-əрекетіндегі белсенділікті арттыру негізіндегі педагогикалық технология.

Ойын технологиясы.

Проблемалық оқыту технологиясы.

Жан-жақты коммуникативті оқыту технологисы.

Оқыту материалдарын тірек сызбалар, тірек конспектілері жəне модельдеу арқылы қарқындатып оқыту технологиясы (Шатталов).

ІІІ. Оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру жəне басқару негізіндегі педагогикалық технология.

Миға тұтқиылдан шабуыл жасау технологиясы.

Перспективті жылдамдата оқыту технологиясы (Лысенкова)

Деңгейлеп дифференциялау технологиясы.

Міндетті нəтиже негізінде деңгейлі-дифференциялап оқыту технологиясы (Фарсов).

Бала қызығушылығы арқылы дифференциялап оқудың тəрбиелік технологиясы (Закатова).

Жекелей оқыту технологисы (Инге Унг жəне Шадриков).

Бағдарламалық оқыту технологисы.

Ұжымдық оқыту технологиясы (Дяченко, Ривин).

Топтық оқыту технологиясы.

Компьютерлік оқыту технологиясы.

ІV. Дидактикалық білім көтеру жəне материалды педагогикалық технологиялар.

Дидактикалық бірліктерді ірілендіру (Эрдниев).

Ақыл-ой іс-əрекетін сатылай қалыптастыру теориясын игеру технологиясы (Валович).

V. Жеке пəндік педагогикалық технологиялар.

Сауаттылыққа ерте жəне дамыта оқыту технологиясы (Зайцев).

Сатылай талдап оқыту технологиясы (Оразақынова).

Бастауыш мектептің жалпы оқу білігін жетілдіру технологиясы (Зайцев).

Бітібаеваның дамыта оқыту технологиясы.

Математикалық есептер шешу негізіндегі педагогикалық технология (Касаткин).

Сабақтың тиімді жүйелік негізіндегі педагогикалық технология (Оқунев).

Жанпейісованың модульдық оқыту технологисы.

Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы.

VІ. Альтернативті педагогикалық технология

Вольдорф педагогикасы (Штэйнер).

Еркін еңбек технологиясы (Ферт).

Ықтималдық білім технологиясы (Лобок).

VІІ. Табиғи байқағыштық технологиялар.

Табиғи байқағыштық арқылы сауаттылыққа тəрбиелеу.

Өзіндік дамыту технологиясы (Монтессори).

VІІІ. Дамыта оқыту технологиялары.

Дамыта оқыту жүйесі.

Жеке тұлға бағытындағы дамыта оқыту жүйесі (Якиманская).

Дамыта оқыту технологиясы (Давыдов, Эльконин).

Өзіндік дамыта оқыту технологиясы (Семеко).

ІΧ. Авторлық мектептің педагогикалық технологиялары.

«Жүректен жүрекке»

Технологиялық тапсырмаларды білімді қабылдауға бағдарланған іс-əрекеттік модель ретінде қарастыруға болады. Оқытудан күтілетін нəтижелер тізбесін негізге ала отырып, əртүрлі деңгейдегі тапсырма түрлерін ауызша тексеру, жазбаша тексеру, тапсырма беру, жауапты талдау тапсырмалары, бір ғана дұрыс жауабы бар тапсырмалар, ашық жəне еркін жауабы бар тапсырмалар, түрлі практикалық сипаттағы тапсырмалар түрінде қарастыруға болады. Тапсырмалардың мұндай түрлері оқушының іс-əрекеттік – компетенттік тəсілге (өз бетінше іздену, өз бетінше білім алу, өзін-өзі білім алуға тəрбиелеу, дамыту) бейімделуіне мүмкіндік береді. Əртүрлі əдістерді қолдану жəне оқушылар бірін-бірі тексеру арқылы есептің дұрыстығына көз жеткізулеріне болады, дамыта оқыту технологиясы (Л. С. Выготский, Л. В. Занков, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов) дамыта оқыту жүйесі жеке тұлғаны жеделдете қарқынды, барлық сапалармен сəйкестікте жан-жақты дамытуға бағытталған, оқытудың модульдік технологиясы (В. М. Монахов) оқу үдерісін мақсатты жобалап, құруға болады. Оқытудың компьютерлік технологиясы компьютермен жұмыс істеу техникасын меңгеру, сыныпта белсенділік көрсету, жеке жұмыс істеу, жекелеп көмек көрсету, проблемалық оқыту технологиясы, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы (В. Ф. Шаталов) теория жəне практиканы блок түрінде топтау, тірек-схема, тірекконспект түрінде берілген теориялық, материалдарды сыныпта меңгеру, үйде өз бетімен іздену, жұмыс істеу, түсіндіре басқарып, оза оқыту (С. Н. Лысенкова) алынатын білімнің алғашқы бөлігін алдын ала оқыту, деңгейлеп саралап оқыту технологиясы бірнеше деңгейде тапсырма беру жəне т.б. Республикадағы ауыл мектептерінің оқу-тəрбие үдерісінде деңгейлеп оқыту технологиясы (Ж. Д. Қараев) жүйелік негізде оқыту технологиясы ( Г. Г. Ғалиев), шоғырландырып-қарқынды оқыту технологиясы (Қ. А. Əбдіғəлиев, Н. Н. Нурахметов), блоктықмодульдық технологиясы ( М. Н. Жанпеисова) қолдау табуда.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет