Махаббат тақырыбындағы метафоралар
Сағыныштың алауы-шамшырағым,
Маздап жанған махаббат-кием менің. («Кием менің»)
Махаббаттың мамыр айы оралмай,
Мизам көшіп, дәлу салды сүреңді. («Тәуір еді..»)
Қаратау жақтың шынары. («Қаратау шынары»)
Бейкүнә, бөкен жанар періштем-ау,
Бетпақтың бейқам жүрген киігіндей. («Сен жабырқап жүргенде»)
Жұлдыз-сенің моншағың, сырғаң-ай ма?
Ақ шәлің боп ақша бұлт сырғанай ма? («Өзің болып барамын»)
Киік жанар қалқам-ай, күлік тектім,
Үлбіреген жүзіңмен үмітті еттің. («Аңсағаным, оралшы»)
Сүю деген-сезім құйған бал шарап,
Санаңды да, шамаңды да шырмайды. («Сағынышым ұлғайды»)
Ол-Күн, сенің жүрегіңді шарпыған,
Текке өлерсің жүгірем деп артынан.
Өріліп кетер сыр ма едің,
Төгіліп кетер жыр ма едің.
Сен үшін не істемедім, не демедім,
Мен болдым отқа түсер көбелегің.
Жердің жауһар бұрышы.
От көрсе түсетін өзі кеп,
Шын ғашық-көзсіз бір көбелек. («Сүюді тоқтатқан жүректің»)
Махаббат-от жебенің ысқыруы,
Ғашыққа Прометейдің демі керек. (« Бір көргеннен»)
Махаббат-мұңлықтардың қорымы екен, («Сүйе алмасаң»)
Ғұмырда ғашықтардың жолы бөтен.
Махаббат-олжа салу тәсілі емес,
Махаббат-құрбандықтың тәуекелі. («Махаббат сыры»)
Достарыңызбен бөлісу: |