Негізгі және айнымалы капитал. Нарықтық қатынастарға көшкен кезде “капитал” сөзі жиі қолданады. Сонымен қатар капитал деп кез-келген ақшаны түсінеді. Рас, қандайда бір капитал болмасын, ол өзінің қозғалысын белгілі ақша соммасы түрінде бастайды. Алайда ақшаның және ақшаның капитал ретіндегі айырмашылығы бар. Ақша өз бетінше капитал бола алмайды. Егерде ақшаны құнды көбейту құралы ретінде қолданса, яғни алғашқы салынғанға қарағанда көп құн алу үшін болса, онда ақша капитал бола алады. Ақшаның капиталға айналуының басты шарты- ақша иегерінің нарықта сондай тауарды табу мүмкіндігі болып, ол жаңа құнды жасауға қабілетті, одан да көп құнды жасайды. Сондай тауарға- жұмыс күші тауары жатады.
Экономикалық теория классикалық мектебінің негізін салушылар А.Смит пен Д. Рикардо және қазіргі белгілі американ экономистері П. Самуэльсон, У. Нордхауздың ойынша, капитал- бұл өндіріс құрал- жабдығы. Француз экономисі Жан Батист Сэй және ағылшын экономисі Джон Робинсон т.б., капиталды-бұл ақша соммасы, бағалы қағаздар, қаржылар деп есептеген. Капиталға бұдан басқада көзқарастар бар: капитал-бұл өндіріс саласында қолданылатын адамның білімі, қалыптасқан әдеті, энергиясы. Капитал – бұл уақыт. Уақыт фактор ретінде табысты жасаушы. Әртүрлі уақыт кезеңіндегі көптеген экономистердің көзқарасын жинактап қарасақ, онда өндіріс құрал- жабдығы, адамдар және ақшалар да капитал бола алады.
Бірақ капиталдың мәнін толыққанды етіп К. Маркс ашқан. Маркс былай деп жазған: сырттай капитал әртүрлі нышандарда - өндіріс құрал- жабдығында (тұрақты капитал), адамдар (өзгермелі капитал), ақшалай (ақша капиталы) болып келеді. К. Маркс осыдан, капиталды – күрделі ұғым деп санаған. Барлық аталған материалдық игіліктер өз бетінше капитал бола алмайды, олар сонда ғана капиталға айнала алады, егер иегерлеріне оларды құнды еселеу үшін немесе қосымша құнды жасауға қолданса.
Өзінің басты еңбегі “Капиталда” К.Маркс капиталдың бірқатар анықтамасын берген: “Капиталдың” бірінші томында: капитал-бұл құн, бұл өзін-өзі өсіретін құн деп көрсетілген. “Капиталдың” екінші томында: “капитал- бұл қозғалыс” екенін дәлелдеген. Капиталдың толыққанды мәні: “Капиталдың” үшінші томында ашады. Ол капиталды заттар жиынтығы (өндіріс құрал-жабдығы) ретінде қарастыруды жоққа шығарып, капитал- бұл зат еместігін, ол адамдар арасындағы белгілі қоғамдық қатынамтар екендігін айтады.
Капитал үнемі қозғалыста болады. Ол көптеген түрде болады: материалдық, заттық және ақшалай. Тауарлар сатылады -ақша пайда болады, сол ақшаға тағы да тауарлар сатып алынады және тағы солай қайталана бермек. Демек, «капиталды қозғалыс ретінде түсіну керек», сонымен капитал өз қозғалысында үш түрге ие болады: ақшалай, өнімділік, тауар. Капиталдың қалыпты жағдайда бір функционалды троён басқасына ауысады және оның бастапқы түріне оралуы капиталдың шеңбер айналымы дейміз.
Капитал өз қозғалысында өндіріс сатысына және екі айналыс сатысынан өтеді. Ол өз айналымын белгілі уақыт кезеңінде жасайды. Капитал шеңбер айналымының кезеңдік процеспен айналуын капитал айналымы дейміз. Барлық капиталдың осы мерзімінде өндіріс пен айналыс сатысын өткізген жиынтық уақыты-капиталдың айналым уақытын құрайды.
Өндіріске қатысатын әртүрлі құрал-жабдық пен айналымды біркелкі жасалмайды, сондықтан оларды негізгі және айналмалы деп бөлеміз. Негізгі капитал өнімді капиталдың бір бөлігі болып табылады. Негізгі капитал жабдықтар, машиналар, станок, үйлер мен құрылыстың құнына енеді. Оның ерекшелігі мынада, ол дайындалатын өнімге өзінің құнын бөлшектеп енгізіп отырады. Егер станок (машина, үйлер, құрылыстар) 10 жыл қызмет етсе, ал оның құны 100 мың долларға тең болса, онда ол 1 жылда өндірілген өнімге 0,1-ге өзінің құнын бөлшектеп енгізу процесін амортизация деп аталады. Негізгі капиталды түрлері бойынша (станок, жабдықтар, көлік құралдары, ірі үйлер және т.б.) типімен бөлшектей отыра шектеулі мөлшерімен жоюды мемлекет бекітеді. Негізгі капиталды жедел амортизациялық жоюдың мөлшерін өзгертуді барлық дамыған елдерде кеңінен