Тістің оң немесе сол жақ жақтарына жату белгілері: тіс сауыты қисаю белгісі, бұрыш және түбір белгілері
Сауыттың қисаю белгісі. Ең шығыңқы вестибулярлы беті медиальды орналасқан.
Сауыттың қисаю белгісі. Ең шығыңқы вестибулярлы беті медиальды орналасқан.
Сауыттың бұрыштық белгісі. Күрек және сүйір тістердің медиальды беті мен кесу қыры тікке жақын бұрыш құрайды (кесу қыры мен латеральды бетпен салыстырғанда).
Түбір белгісі. Күрек және сүйір тістердің түбірлері бүйірге-артқа, ал кіші және үлкен азу тістердің түбірлері артқа қарай бағытталған.
Кіреуке тістің сауытын қаптайтын, ағзадағы ең қатты тіндерінің бірі болып табылады (250-800 ед. Виккерса). Шайнау бетіндегі оның қалыңдығы 1,5-1,7мм құрайды. Бүйір беттерінде кіреуке қалыңдығы жұқарып, мойын бөлігінде жоққа жуықтайды.
Кіреукенің негізгі құрылым бөлшегі болып - кіреуке призмалары болып табылады, олардың диаметрі 4-6 мкм.
Призма ұзындығы кіреуке қабатының қалыңдығына тең немесе кейде ұзынырақ болып келеді. Кіреуке призмалары түйіндерге жиналып S тәрізді иілімдер құрайды.
Призманың өзі көлденең кесіндіде көп жағдайда аркада тәрізді пішінге ие. Сонымен катар, ол полигональды, дөңгелек немесе гексагональды болуы мүмкін.
Призманың өзі көлденең кесіндіде көп жағдайда аркада тәрізді пішінге ие. Сонымен катар, ол полигональды, дөңгелек немесе гексагональды болуы мүмкін.