Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (БДҰ) анықтамасы бойынша, ДЗ жанама әсері немесе ДЗ жағымсыз әсері дегеніміз – бұл ДЗ ауруларды алдын-алу және емдеу үшін ұсынылған мөлшерде қолданғанда дамыған кері әсерлер.
ДЗ жанама әсерлерін анықтауда тіркеуге дейінгі зерттеулер негізгі ақпарат көзі болып табылады, бірақ, бұл зерттеулерге қатысатын науқастардың саны аз болғандықтан (бірнеше мыңдаған) және ДЗ қабылдау ұзақтығының қысқалығына байланысты барлық жанама әсерлерді анықтап үлгермейді. Сондықтан да, көптеген ауыр жанама әсерлер ДЗ тіркеген соң, маркетингтен кейінгі кезеңде анықталып жатады. Мұндай жанама әсерлерді тіркеуге алу дәрігерлердің мойнына жүктелген, бірақ көп елдерде дәрігерлер оған қажетті жауапкершілікпен қарамайды.