К витаминінің суда еритін синтетикалық аналогы, протромбин мен проконвертиннің синтезіне ықпал етеді, ұюдың II, VII, IX және X факторларын күшейту есебінен қан ұйығыштығын арттырады.
Гемостатикалық әсерге ие (К витамині тапшылығында қанағыштықтың артуы пайда болады). Қанда протромбин (фактор ІІ) тромбопластин мен кальций болуы кезінде проконветриннің (VII фактордың), IX (Кристмасс-факторы), X (Стюарт-Прауер факторы) факторларының қатысуымен тромбинге өтеді, осының ықпалымен фибриноген қан ұйындысының (тромбтың) негізін құрайтын фибринге айналады.
Субстратты тұрғыда К витаминін белсендіретін және гемостаздың К-витаминіне тәуелді плазмалық факторының бауыр синтезіне қатысуын қамтамасыз ететін K-витаминредуктазаны көтермелейді.
Әсері ішке қабылдағаннан кейін 7-12 сағат өткенде басталады.