Иондаушы сәулелердің жабық көздері деп – қолданылу кезінде, не қолданылып болғаннан кейін, қалыпты жағдайда, қоршаған ортаға радиоактивті заттардың түсу қаупі жоқ қондырғыларды, не сәуле көздерін айтады. Жабық сәуле көздері өндірісте шығарылады, олардағы радиоактивті заттар ашылмайтын, сырттан ешқандай алмасу болмайтын, ампулаға немесе қоршаған ортаға радиоактивті зат өткізбейтіндей етіп қорғасыннан жасалған арнаулы жабық жәшіктерге орнатылған. Ашық күйдегі радиоактивті заттар – иондаушы сәулелер шығаратын заттармен жұмыс жасайтын қызметкерлердің тыныс алу жолдары арқылы, не аузы арқылы ішкі құрылысына түсетін мүмкіндігі бар радиоактивті сәуле көздері.
Достарыңызбен бөлісу: |