Орындаған:Керімбек.Ж
Бақылау сұрақтары
1). Қазақстанның физикалық географиялық орны
2.Ортағасырдағы Қазақстанды зертеген Қытай Жəне Араб зерттеушілері
3.Қазақстанның климаты
1.Қазақстан аумағы 2724,9 мың км²-ге тең. Жерінің көлемі жағынан Қазақстан дүние
жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. Ресей, Канада, Қытай, АҚШ,
Бразилия, Аустралия, Үндістан жəне Аргентинадан кейін 9-орын алады. Біздің еліміз
Франциядан 5 есе, Италиядан 9 есе, Англиядан 11 есе үлкен. Қазақстан Еуразия
материгінің орталығында орналасқан, екі дүние бөлігін қамтиды. Кіші батыс аймағы
Еуропада, ал көлемді шығыс аймағы Азияда жатыр. Физикалық-географиялық жағдайы
тұрғысынан, Қазақстан Тынық мұхиты пен Атлант мұхитынан, сондай-ақ Үнді мұхиты
мен Солтүстік Мұзды мұхитынан бірдей дерлік қашықтықта орналасқан. Оның
мұхиттардан шалғай жатуы əрі аумағының үлкендігі климатының өзіндік ерекшелігін
қалыптастырады. Қазақстан батысында - Еділдің төменгі ағысынан, шығысында -
Алтай тауларының етегіне дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі - Батыс Сібір жазығынан,
оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне дейін 1650 км-ге созылып
жатыр. Қазақстан қоңыржай белдеудің орта жəне оңтүстік ендіктерінде орналасқан. Дəл
сол ендіктердегі Шығыс Еуропа қоңыржай континенттік климатымен, ал Батыс Еуропа
субтропиктік климатымен ерекшеленсе, Қазақстан шұғыл континенттік климатымен
көзге түседі. Қазақстан жерінде қатаң Сібір мен капырық Орта Азия тоғысып жатқандай.
Географиялық орнына қарай республика жерінде орманды дала, дала, шөлейт жəне
шөл зоналары қалыптасқан. Республиканың батыс шеті (46°30' ш.б.) Эльтон жəне
Басқұншақ көлдері маңына, ал шығыс нүктесі (87°20' ш.б.) Бұқтырма өзенінің
бастауына сай келеді. Ендік бойымен батыстан шығысқа қарай, материк ішіне енген
сайын, климаттың континенттігі арта түседі. Қазақстан Каспий теңізі арқылы
Əзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені жəне Еділ - Дон каналы арқылы Азов жəне Қара
теңіздерге шыға алады. Еліміздің көп бөлігі жазық, үстіртті болып келеді. Ол алуан түрлі
шаруашылық жұмыстарын дамытуға мүмкіндік береді.
Шекарасы
Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 13394 км, теңізбен (Каспий) 2000 км-ден
астам. Қазақстан батыста, солтүстік-батыста жəне солтүстікте 7591 км Ресеймен
шектеседі. Республиканың Алтайдан Тянь-Шаньға (Хантəңірі массивіне) дейінгі 1782
км-ге созылып жатқан шығыс шекарасы Қытай Халық Республикасымен арадағы
мемлекеттік шекараға сай келеді. Ал оңтүстігінде тəуелсіз дос мемлекеттер:
Түрікменстанмен - 426 км, Өзбекстанмен - 2354 км жəне Қырғызстанмен - 1241 км
шектеседі. Республиканың шекарасы батысында - Каспий маңы ойпаты мен Жалпы
Сырт қыратының біраз жерін, солтүстігінде Батыс Сібір жазығының оңтүстігін;
оңтүстігінде Тұран ойпатын, ал шығысы мен оңтүстік-шығысында Алтайдың батыс
бөлігінің, Сауыр, Тарбағатай жоталарының, Жетісу (Жоңғар) Алатауының негізгі бөлігін
жəне Тянь-Шаньның солтүстік жоталарын басып өтеді.
2.Араб тіліндегі Қазақстан туралы жазбалар — 8-15 ғасырлардағы Қазақстан жерін
мекендеген халықтар мен тайпалардың тарихын, əсіресе, Шыңғысхан шапқыншылығы
кезеңін зерттеуге қажетті деректемелері мол араб тіліндегі тарихи-географиялық
əдебиет. Араб халифаты заманында арабтардың шығысты жаулап алып, мұсылман
синкретик. мəдениеті мен ислам дінін таратып, мұсылман дүниесінен шалғайдағы
кейбір аймақтармен сауда қатынасын дамытуының нəтижесінде көрші жəне алыс
елдерден жан-жақты мəліметтер жиналды. Орта ғасырлардағы араб тарихнамасында
Қазақстан аймағының ерекше орын алуын, біріншіден, арабтардың Орта Азиядағы
жаулап алған жерлеріне билігін нығайтуға, екіншіден, қазақ даласын мекендеген
көшпелі жауынгер тайпалардың шабуылынан сақтануға тырысқан əрекеттерімен
түсіндіруге болады. Қазақстан халықтары туралы ертеректегі деректер араб тіліндегі
классик. тарихи шығармалардан белгілі. 9 ғ-да өмір сүрген əл-Белазуридің “Китаб
футух əл-бұлдан” (“Жорық кітабы”), əт-Табаридің “Тарих əр-русул уə-л-мулук”
(“Пайғамбарлар мен патшалар тарихы”) атты шығармаларында 7-8 ғ-дағы арабтардың
Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанның кейбір аймақтарына жасаған жорықтары
айтылады.
Араб Халифаты, 622–750 жылдар
Мұхаммед с.а.с. пайғамбар дəуіріндегі халифаттың кеңеюуі, 622–632
Рашидун дəуіріндегі халифаттың кеңеюуі, 632–661
Умайяд халифаты, 661–750
əт-Табаридің замандасы, бағдаттық əл-Жаһиздың (9 ғ.) “Манақиб əл-атрак”
(“Түркілердің лайықты қасиеттері”) кітабында Қазақстандағы көшпелі түркі
тайпаларының этнологиясы жөнінде тұңғыш мəліметтер берілген, Аббас əулеті
халифтары ұландарының қатарындағы түрік сарбаздары жайлы, араб қалалары
тұрғындарын таңдандыратын түркілердің жауынгерлігі, олардың əдет-ғұрпы туралы
баяндалған. Тамим ибн Бахр 9 ғ-дың 1-жартысында Ертіс бойындағы (Солт.-Шығыс
Қазақстан) қимақтар елі арқылы тоғыз-оғыз қағанының астанасын басып өтіп, Шығыс
Түркістанға саяхат жасады. Тамим ибн Бахр қимақтардың мекен-жайы, шаруашылығы
жайында мəлімет бере отырып, Тараз қ-нан қимақ патшасының сарайына дейінгі
көрген-білгені жайлы əңгімелейді. Қазақстан жерін мекендеген тайпалар туралы
деректер 9 ғ-дағы араб тілінде жазылған геогр. шығармаларда да ұшырасады. Мұндай
ерте кезден сақталған еңбекке почта мен тыңшы қызметінің бастығы ибн Хордадбектің
“Китаб əл-масалик уə-л-мамалик” (“Жолдар мен мемлекеттер туралы кітап”) атты
əкімш.-геогр. анықтама еңбегі жатады. Онда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуды басып
өтетін Ұлы Жібек жолы, оның бойындағы қалалар мен қоныстар жайлы айтылып, түрлі
елді мекендердің ара қашықтығы көрсетілген. ибн Хордадбек, көбінесе, халифаттың
ерте кездегі байланыс қызметі архивіне сүйенген. Тарихшы-географ əл-Йақубидің (9 ғ.)
“Китаб əл-бұлдан” (“Елдер кітабы”) атты геогр. шығармасында Қазақстан түркілері
жайындағы тарихи этногр. кең ауқымды материал қамтылған. Бұл еңбекте түркілер
туралы деректер анағұрлым нақты берілген. Əсіресе, оғыз, қарлұқ, қимақ, қырғыз,
тоғыз-оғыз тайпаларының бірлестіктері туралы мəліметтері аса маңызд.
Қазақ жері жайлы жазған мұсылман географ-тарихшылары
əл-Белазури
əт-Табари
əл-Йақуби
Тамим ибн Бахр
ибн Хордадбек
Құдама ибн Джафар
əл-Факих
əл-Балхи
Ибн Фадлан
ибн Хаукал
Əбу Дулаф
əл-Масуди
Исхақ ибн əл-Хұсайын
əл-Маруази
Закария əл-Қазуини
Ибн əл-Асир
ибн Баттута
Ибн Халдун
ибн əл-Фурат
Ибн Арабшаһ
Мауераннахр (Transoxiana),
Хорасан (Chorasа) Оңтүстікте,
Хорезм (Choresmien) Батыста.
Қазақ жері жайлы жазған араб кітаптары Өңдеу
Араб географы, филолог Құдама ибн Джафар (10 ғ.) “Китаб əл-харадж уə сан(ат
əл-китаба” (“Харадж жəне хатшылық өнер жайлы кітап”) деген ресми құжаттар мол
пайдаланылған геогр.-əкімш. шығармасында халифаттың əкімш. бөліктері, ірі
қалалары, таулары, өзен-көлдері жəне жеті климат (ықылым) туралы деректер береді.
Мұнда аймақтардағы жол қатынасы, жер жағдайы, алым-салық мəселесі туралы
айтылады. Шығармада көршілес мұсылман елдері жөнінде мағлұмат беріліп, онда
қарлұқ, қимақ, оғыз тайпалары, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу шебіндегі жол қатынасы,
қалалар мен елді мекендер, олардың ара қашықтығы жөнінде нақты мəліметтер
жинақталған. Араб географы ибн əл-Факих (9 ғ-дың соңы — 10 ғ-дың басы) “Китаб
ахбар əл-бұлдан” (“Елдер туралы əңгіме кітабы”, 903 ж.) атты тарихи шығармасында,
көбінесе өзіне дейінгі авторлардың (əл-Жаһид, ибн Хордадбек, əл-Жейхани)
мəліметтеріне сүйенеді. Шығармада Азия мен Батыс Еуропа елдері туралы
тарихи-геогр. материалдар мол. Түркі тайпалары (қарлұқ, қимақ, қыпшақ, оғыз,
тоғыз-оғыз т.б.) жайлы, олардың орналасуы, шаруашылық жəне мəдени өмірі, елдер,
қалалар, сауда жолдары туралы деректері аса құнды. 10 ғ-дың басында ибн
əл-Факихпен бір мезгілде ибн Русте көп томдық энциклопед. шығарма жазды. Бұл
еңбектің аймақтардың тарихи-геогр. сипаттамасы жазылған бір ғана томы сақталған.
Ибн Рустенің түрлі саяхташылар мен географтардың шығармаларының негізінде түркі
тілдес тайпалар туралы жазған “Китаб əл-алақ əн-насифа” (“Қымбат алқа туралы
кітап”) атты еңбегінің Қазақстан тарихы үшін үлкен маңызы бар. 10 ғ. — араб геогр.
əдебиетінің кемелденген кезі. Бұл дəуірдегі арабтың көрнекті географ-саяхатшысы
ирандық əл-Истахридің (10 ғ.) “Китаб масалик уə-л-мамалик” (“Жолдар мен
мемлекеттер туралы кітап”) атты еңбегі əл-Балхидің бізге жетпеген геогр.
шығармасының өңделген жəне толықтырылған нұсқасы болып табылады. Кітапта
Парсы теңізі, Мағриб, Египет, Сирия, Румдар теңізі, Ирак, Үндістан, Хазар теңізі,
Армения мен Əзірбайжан, Хорасан мен Мауераннахрға геогр. сипаттама берілген.
Хорезм Империясы 1190—1220 жылдары
Бұл елдердің əрқайсысының шекарасы, қалалары, бір-бірінен қашықтығы, қатынас
жолдары туралы дерек келтіріліп, азық-түлік, сауда-саттық, қолөнері жөнінде
егжей-тегжейлі жазылады. Сонымен қатар шығармада Шығыс Еуропа жайында, соның
ішінде хазарлар, бұртастар, бұлғалар жайында, бүгінгі Қазақстан жерін мекендеген
түркі тайпалары: оғыздар, қимақтар, қарлұқтар туралы маңызды мəліметтер бар. Түркі
тайпаларының орналасқан жерлері белгіленген “Дүние жүзінің картасы” берілген.
əл-Истахридің еңбегін 10 ғ-дың соңында ибн Хаукал толықтырып, “Китаб əл-масалик
уə-л-мамалик” (“Жолдар мен мемлекеттер туралы кітап”) деп атады. Оның жазбасына
қарағанда олар бір тілде сөйлеген. əл-Истахри мен ибн Хаукал еңбектерінің маңызды
бөлігі “Сурат əл-ард” (“Жер беті”) деп аталатын геогр. карта болып табылады. 10 ғ-да
Қазақстан жері арқылы арабтың 2 саяхатшысы, ибн Фадлан мен Əбу Дулаф сапар
шеккен. Ибн Фадланның “Рисала” (“Жазба”) еңбегінде араб халифатының астанасынан
Еділ бұлғарларына барған елшіліктің сапары жазылған. Елшіліктің мақсаты хазарларға
қарсы араб-бұлғар одағын құру, əрі бұлғарлар арасына ислам дінін орнықтыра түсу еді.
Елшілік Бағдадтан 921 ж. маусымда шығып, 922 ж. мамыр айында бұлғарларға жетеді.
Бұлар Хамадан, Рей, Нишапур, Мерв, Бұхара, одан Хорезм, Үстірт, Жайық арқылы Еділ
бойына келді. Мұнда орыстар мен хазарлардың əлеум. жəне рухани өмірінен,
Қазақстанның бүгінгі батыс облысытарын мекен еткен көшпелі түркі тайпалары:
пешенек, башқұрт, əсіресе, оғыздардың этногр., шаруашылық, тарихи-геогр.
жағдайынан маңызды деректер келтірілген. Ибн Фадлан 942 ж. Қытай мен Үндістанға
жасаған саяхаты жайындағы сапарнамасын 2 “Рисалаға” (“Жазба”) жинақтады. Онда
оғыздардың, қимақтардың, қарлұқтар мен жікілдердің шаруашылығы, діні мен тұрмыс
жағдайы туралы деректер берілген. Жазбада автор көргенінен гөрі естігенін көп
əңгімелейді. Бағдат қ-нда туған араб тарихшысы əрі географы əл-Масудидің (10 ғ.)
шығармасы құнды тарихи деректеме болып табылады. Ол Үндістаннан Атлант
мұхитына дейінгі, Қызыл т-ден Каспий т-не дейінгі аралықтағы елдерге саяхат жасап,
ондағы түрлі қауым өкілдерімен араласып, дидарласу арқылы дүниетанымын кеңейтті.
“Ахбар əз-заман” (“Дəуір тарихы”) атты 30 томдық тарихи-геогр. энциклопедиядан
қысқа ғана үзінділер сақталған. Оның тарихи шығармаларынан “Мурудж əз-захаб уə
ма(адин əл-жауахир” (“Алтын шайқайтын жəне жарқырауық тастар алынатын кен
орны”) атты еңбегі ықшамдалған, ал “Китаб əт-танбих уə-ш-шираф” (“Ғибрат жəне
қайыра қарастыру кітабы”) атты геогр. шығармасы толық күйінде жетті. əл-Масудидің
еңбектерінде түркі тайпалары қимақтар, оғыздар, қарлұқтар, барисхандар, тоғыз
оғыздар, хазарлар туралы құнды тарихи-этногр. деректер жəне ерте орта ғ-дағы
Қазақстанның тарихи геогр-сы жайында бағалы мəліметтер берілген. Сонымен қатар
Батыс Қазақстандағы 9 ғ-дың 2-жартысындағы тарихи оқиғаларға қысқаша тоқталады.
əл-Макдиси (10 ғ.) шығармаларының ішінде оның өзі куə болған оқиғаларға негізделген
тарихи-геогр. еңбегі маңызды орын алады. “Ахсан əт-тақасим фи марифат əл-ақалим”
(986 ж.), (“Аймақтар жөнінде мағлұмат беретін таңдаулы тарау”) атты шығармасы
елдер мен аймақтарды араб əдебиетінде толық та, жүйелі түрде сипаттайтын еңбек.
Онда Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстан, ондағы халықтардың тайпалық құрамы,
қалалары мен елді мекендері, сауда жолдары, сауда-саттық заттары, шаруашылығы
мен діни көзқарастары, тілі, əдет-ғұрпы жайында маңызды деректер
келтірілген.Қазақстанның түркі тілдес тайпалары туралы мағлұмат араб-испан
географы Исхақ ибн əл-Хұсайынның (11 ғ.) “Китаб ахам əл-маржан фи сихр əл-мадаин
əл-машһүр фи кулл макан” (“Дүние жүзінің əйгілі қалаларын сипаттайтын маржан
қазына”) деп аталатын Андалусияда жазылған еңбегінде берілген. Оның түркілер
жайындағы деректемелері Гардизи (11 ғ.), əл-Бируни (11 ғ.) жəне əл-Маруазидің (12 ғ.)
анықтамаларына сəйкес келеді. Кітапта түркі халықтары, əсіресе, қимақтар жайлы
этногр. жəне тарихи-геогр. маңызды мағлұматтар бар. Қазақстанның орта ғасырдағы
бағалы деректемесі ретінде əл-Маруазидің (12 ғ.) “Табаи əл-хайуан” (“Жануарлардың
табиғи қасиеттері”) шығармасын атауға болады. əл-Маруази салжұқ əулетіне жататын
Мəлік шаһ (1072 — 92) пен оның мұрагерлері тұсында (Санжар билігіне (1118 — 57)
дейін) сарай дəрігері болған. Оның шығармасында бірқатар деректемелерге, соның
ішінде, əл-Жейханидің (9 ғ.) еңбегіне сілтеме жасалды. Онда түркі халықтары туралы
соны этногр. деректер бар. Əсіресе, 9 ғ-дың басында қимақ, қыпшақ, оғыз
тайпаларының қоныстануына едəуір ықпал еткен халықтардың қоныс аударуы туралы
Қазақстан тарихы үшін аса бағалы мəлімет араб ғалымы əл-Идрисидің (12 ғ.) “Нұзхат
əл-мұштақ фи-ихтирақ əл-араф” (“Аймақтарға сапар шегіп, шаршап-шалдыққан жанның
ермегі”) атты ірі геогр. еңбегінде көрсетілген. əл-Идриси Сеутте туып, Кардовода
оқыған. Жас кезінен көп саяхат жасап, Лиссабонда, Англияда, Францияда, Мароккода,
Кіші Азияда болған. Автор геогр. шығармаларының бірін Сицилия королі Роджер 2-ге
(1098 — 1154) арнаған. Онда Еуропа, Азия мен Африка елдері туралы егжей-тегжейлі
жазылған. Шығыс Еуропа, Кавказ, Орта Азия мен Қазақстанды мекендеген халықтар
туралы этногр. жəне тарихи-геогр. сипатта жазылған маңызды деректер келтірілген.
Орта ғасырдағы Қазақстан жерін мекендеген қимақ, қыпшақ, оғыз, қарлұқ, түргеш,
азкиш сияқты түркі тайпаларының орналасуы, шаруашылығы, қалалары,
сауда-қатынас жолдары, қолөнері сөз болады. Автордың кейбір мəліметтері бізге
жетпеген жазба деректерден алынған. Солардың ішінде Шығыс Қазақстан даласынан
шыққан, қимақ патшасы Жапақ ибн Хакан əл-Қимақидің (10-11 ғ.) шығармасы бар.
əл-Идриси еңбегіндегі “Сурат əл-ард” (“Жер беті”) атты геогр. картада кеңінен
көрсетілген геогр. жəне экон. объектілер шығарманың деректемелік құнын арттыра
түседі. 13 ғ-дан бастап араб тілінде жазған ортағасырлық авторлар өз заманында өтіп
жатқан оқиғалардан гөрі, өткен дəуірдегі тарихшы-географтардың еңбектерінен
үзінділер келтіре жазуды мақсат ете отырып, біздерге жетпеген бірқатар
шығармалардан бағалы деректер келтіреді. Əл-Идрисидің ізін қуушы араб географы
Ибн Саидтың (13 ғ.) “Жеті аймақ туралы” шығармасы өзіне дейінгі деректемелерге
сүйене жазылғанымен, Қазақстан мен Еділ бойының, Орта Азияның 13 ғ-дың ортасына
дейінгі тарихи геогр-сын зерттеуде өз орны бар. Сондай-ақ, қимақтар, олардың
татарлармен қарым-қатынасы туралы қызықты деректер берілген. Осы тектес
деректемеге тарихшы-географ Закария əл-Қазуинидің де (13 ғ.) еңбектері жатады. Ол
бірімен бірі сабақтас 2 тарихи-геогр. шығармаларымен танымал. Оның алғашқысы
“Аджаиб əл-махлукат” (“Жаратылыс ғажаптары”), 2-сі “Асар əл-билад” (“Қалалар
ескерткіші”) деп аталады. Бұл туындыларда түрлі аспан шырақтары, жердің жеті
белдеуі (ықылым), мұхиттар, өзен-көлдер, жан-жануарлар дүниесі туралы мəліметтер,
9-10 ғ-ларда бүгінгі Қазақстан жерін мекендеген түркі тілдес оғыз, қарлұқ, жікіл, қимақ
тайпалары жөнінде тарихи-этногр. деректер топтастырылған.Сириялық əд-Димашқи
“Нұхбат əд-дахр фи аджаиб əл-барр уə-л-бахр” (“Құрлық пен теңіз таңғажайыптары
жөнінде баяндайтын мерзімнен іріктеу”) атты космогр. үлкен еңбектің авторы. Оның
шығармасы, көбінесе, араб авторларының 9-11 ғ-лардағы дəстүрлі шығармаларына
негізделе жазылған. Дегенмен, түркі халықтары жөнінде, олардың орналасу жағдайы
туралы тарихи-этногр. мағлұматтар берілген. Əсіресе автордың қыпшақтардың этник.
құрамы жайындағы мəліметі құнды дерек болып табылады. Сирия ғалымы Йақұттың
(13 ғ.) “Муджам əл-бұлдан” (“Елдердің тізімі”) атты геогр. анықтамасында моңғол
басқыншылығы, моңғол əскерлерінің қыпшақ, алан, бұлғар жəне Саксин жерін басып
өткендігі жайлы айтылады. Йақұттың замандасы əрі жақын танысы Ибн əл-Асир (13 ғ.)
Сауд Арабиясы, Сирия, Палестинаға саяхат жасады. 1188 ж.
Салах əд-Диннің крест тағушыларға қарсы жорығына қатысты. Оның қаламынан
бірқатар тарихи-библиогр. еңбектер жəне “əл-Кəмил фит-т-тарих” (“Тарихтың толық
жазбасы”) атты ауқымды тарихи жылнама жарық көрді. Бұл шығармада моңғол
жорығына дейінгі мұсылман дүниесінің тарихы баяндалады. Автор біздің дəуірімізге
жетпеген құнды деректемелерді пайдаланған. Мұсылман əулеттері мен оған көрші
орналасқан мемл-тердің (Араб халифаты, Самани, Қарахан, Хорезмшах əулеттері,
қарақытайлар т.б.) саяси тарихы егжей-тегжейлі жазылған. Қазақстанның орта ғ-дағы
тарихы үшін ежелгі түркілерге, қарлұқ, оғыз, қыпшақтарға қатысты саяси, этник., этногр.
жəне мəдени сипаттағы мағлұматтардың маңызы зор. Ибн əл-Асирдің 1232 жылға
дейінгі саяси оқиғаларды қамтитын тарихи еңбегінде моңғол шапқыншылығы, оның
зардаптары баяндалған. Ибн əл-Асирдің замандасы хорасандық тарихшы, Хорезмнің
соңғы шаһы Жəлел əд-Диннің сарай хатшысы жəне өмірбаяншысы əн-Несауидің
“Сират ас-сұлтан Жəлел əд-Дин Манкбурни” (“Жəлел əд-Дин Манкбурни сұлтанның
өмірі туралы”) атты еңбегінде түркі тайпаларымен, соның ішінде қыпшақтармен тығыз
байланыс жасаған Хорезмнің ішкі, сыртқы саясаты, моңғол шапқыншылығы жайында
құнды деректер келтіріледі. Шығармада Хорезм мен қыпшақ даласының достық
қатынасы да, қарулы қақтығысы да баяндалады, қыпшақ қоғамының ішкі құрылысы,
оның шаруашылығы, тұрмыс-жағдайы жайында мəліметтер бар.14-15 ғ-ларда мəмлүк
(қыпшақ) əулеті билеген Египеттің Алтын Ордамен қарым-қатынасы жайында бірқатар
тарихи шығармалар жазылды. Түркі əулеттері мен халықтары, елдері туралы тарихи
геогр. құнды деректері бар əкімш. істерге қажетті энциклопедиялар жарық көрді. 13 ғ-да
Египетте қыпшақтан шыққан əз-Захир Рукн əд-Дин Байбарыс сұлтанның (1260 — 77)
өмірбаянына арналған тарихи еңбек жазылды. Шығарманың авторы — сұлтанның
хатшысы Абд əз-Заһир. Шығармада Алтын Ордамен қарым-қатынас, Қырымнан Итилге
(Еділге) дейінгі жолдар сипаттамасы, сол кезде Дешті Қыпшақ тайпаларымен араласып
кеткен Қырым тұрғындарының тайпалық құрамы жөнінде этногр. мəліметтер беріліп,
Алтын Ордадағы діни жəне идеол. жағдайлар туралы айтылады.Көрнекті тарихшы
əн-Нувейридің (14 ғ.) “Нихаят əл-араб фи фунун əл-адаб” (“Араб пəндеріне қатысты
тілек шегі”) атты энциклопед. еңбегі 5 бөлімнен құралған. Тарихқа арналған соңғы
бөлімі кітаптың жартысына жуық көлемін қамтиды. Тарих тарауы негізінен көшірме, ал
түпнұсқасында соңғы жылдардағы яғни 1331 жылға дейінгі деректер қамтылған. Автор
түркі халықтары туралы тарихи-этногр. деректер келтіріп, “Қыпшақ еліне” қысқаша
шолу жасайды, тайпаларының саны, ру тартысы жөнінде баяндайды. Өмірінің ұзақ
жылдарын Мысырда (Египетте) өткізіп, əн-Насыр сұлтан (1347 — 51) тұсында мемл.
хатшы міндетін атқарған дамаскілік əл-Омаридың “Масалық əл-əбсар фи-мамалық
əл-əмсар” (“Қалалар иеліктеріне көз жіберу жолдары”) атты энциклопедиясының жеке
томдарында Шығыс пен Батыс аралығындағы өзі білетін барлық мемлекеттер жайлы
жазылған. Мұнда Шыңғысхан шапқыншылығының Орта Азия мен Еділ бойына,
Кавказға тигізген əсері, Дешті Қыпшақ жеріндегі қалалар мен сауда жолдары,
қыпшақтардың орналасуы, əдет-ғұрыптары туралы əңгімелейді. Саяхатшы ибн
Баттутаның (14 ғ.) еңбектері де осы дəуірге сай келеді. Ол Танжер (Мағриб) қ-нда туып,
сонда білім алып, қазылық қызмет атқарған. 25 жыл (1325 — 49) саяхатта болып, 150
мың шақырымнан аса жол жүрген. “Тухфат əн-нузар фи ғараиб əл-əмсар уə аджаиб
əл-асфар” (“Қалалардың таңқаларлық ғажайыптары мен саяхат тамашасына
тамсанушыларға тарту”) атты кітабында өзінің сапарлары жайында баяндайды. Түркі
халықтарының тарихы үшін Алтын Орданың құрамындағы Қырымнан Еділ бойына
дейін созылып жатқан Оңт. орыс даласы туралы жазғандары бағалы мəлімет.
Астраханнан шыққан ибн Баттута Константинопольге соғып, одан Алтын Ордаға қайта
оралып, Сарайдағы хан ордасында болады, Еділден өтіп Үстіртке, одан Хорезм,
Бұхара, Ауғанстанға сапар шегеді. Еңбекте Қазақстан жері, қазіргі Ресейдің оңтүстігін
мекендеген ортағасырлық қыпшақтардың шаруашылығы, тұрмысы, мəдениеті жайында
өте бағалы дерек келтірілген.4-15 ғ-дағы арабтың көрнекті тарихшыларының бірі ибн
Халдун. Ол Тунисте ауқатты отбасында туған. 1382 ж. Египетке қоныс аударды.
14 ғ-дың басында Сирияда болып, соңғы жылдарын Каирде өткізді. “Китаб əл ибар...”
(“Ғибрат пен тəлімдік тəрбие кітабы”) деп аталатын еңбегі 3 кітаптан құралған. Оның
1-кітабының 1-бөлімінде немесе “Мұқаддимде” (Кіріспе) өзінің əлеум., филос. жəне
саяси-экон. көзқарастары, қоғам мен мемл-тің дамуын, адамдардың мəдени жəне
шаруашылық өмірін қамти отырып, адамзат мəдениетіне қатысты пікірлері жазылды.
1-кітап ежелгі халықтардың тарихы мен автор заманындағы шығыс мұсылман
мемл-тері, оның ішінде Қарахан, Салжұқ, Хорезмшах, Мəмлүк мемл-тері, Таяу Шығыс
пен Орта Азияда билік жүргізген моңғол əулеттерінің тарихын қамтиды. Ибн Халдунның
еңбегінде түркі тайпаларының (оғыз, қимақ, қыпшақ) ерте ортағасырдағы тарихы
жөнінде деректер мол.Египет тарихшыларының ішіндегі көрнектілері: ибн əл-Фурат (14
ғ.), əл-Қалқашанди (14-15 ғ-дың басы), əл-Махризи (14-15 ғ-дың басы), ибн Тагриберди
(15 ғ.). Бұлардың еңбегінде Алтын Орда мен Египеттің қарым-қатынасы, түркі
халықтары, əсіресе, қыпшақтар жөнінде қызықты деректер бар. Египет
тарихшыларының ішінде ибн Арабшаһтың (15 ғ.) деректері ерекше құнды. Дамаскіде
туған, бірақ бала кезінде тұтқындалып, Самарқанға əкелінген ол Хорезм, Астрахан,
Сарай, Қырым, Түркістанда болып, Дамаскіге қайтып оралады. Кейін Каирге қоныс
аударып, қалған өмірін сонда өткізеді. Ибн Арабшаһтың “Аджаиб əл-мақдур фи нəуаиб
ахбар Тимур” (“Темірдің тағдырын шешкен ғажайыптар”) атты тарихи шығармасында
Темірдің тонаушылық, басқыншылық жорықтары, Алтын Орданың саяси тарихы жəне
тарихи геогр. жағдайы Оңт. жəне Батыс Қазақстан жерін мекендеген халықтар мен
тайпалардың тарихы, этногр-сы жайында деректер берілген.
Біздің заманымыздан бұрынғы II-I ғасырда Қытай саяхатшылары Чжан Цянь мен Сюань
Цзан келеді. Олар өз жазбаларында Жетісу бойын мекендеген Үйсін тайпаларының
табиғаты мен тұрмысын, Ақсу, Шу, Талас өзендері туралы мəліметтер келтірген. Осы
деректерді жинастырып, қытайлар сол кезде Орталық жəне Орта Азияның картасын
жасаған. Ол картаға Жетісу, Сырдария, Талас алқаптары кірген.
Қазақстан тарихына қатысты деректемелер қорынан маңызды орын алады. Бұлардың
арасында түрлі сипатта жазылған, сирек кездесетін материалдар да бар. Қытай
деректемелері қысқа, үзінділер түрінде жазылғанымен, ұзақ мерзімді (б.з.б. 3 ғасырдан
б.з. 19 ғасырына дейінгі аралықты) қамтиды. Бұл жағынан оларға тең келер басқа
шығармалар əзірге кездескен емес. Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі ру-тайпалық
одақтар мен ертедегі мемлекеттердің əлеуметтіл-саяси құрылымы, олардың өзара
жəне Орталық Азиядағы көне иеліктерімен байланысы жөніндегі алғашқы деректерді
бізге сол елдерге 2 рет (б.з.б. 138 жылы жəне 115 жылы) саяхат жасаған жан Цяню
жеткізді. Оның жазбаларын б.з.б. 145 – 86 жылы өмір сүрген тарихшы Сыма Цян
жүйеге келтіріп, өзінің «Тарихи жазбалар» («Щицзи») атты еңбегіне енгізді. Осы кезден
бастап ресми қытай тарихнамасының «Баяндау» («Лечжуань») деп аталатын əулеттер
жайындағы тарихының бір бөлімінен көрші елдердің тарихына орын беру берік
дəстүрге айналды. Сыма Цянның еңбегі ежелгі дəуірден тарихшы өмір сүрген кезеңге
дейінгі оқиғаларды қамтитын «еркін тарих» («тунши») жанрына жатады. Кейінірек өзге
тарихшылар Сыма Цян ұсынған үлгі тəсілді негізге ала отырып, Қытайда билік еткен
əулет шежіресін жалғастырып жазатын болды. Қытай тарихнамасында ресми түрде
бекітілмеген «Цин əулеті тарихының алғашқы нұсқасын» («Цин ши гао») қосқанда 26
əулет тарихы саналатын еңбектердің бəрінде де Орта Азия мен Қазақстан жерін
мекендеген халықтар жайлы құнды мəліметтер беріп, жүйеге келтіретін, өз заманы үшін
толық деп саналатын деректер бар. Бұл жазбалар тек құнды деректер жиынтығы ғана
емес, бұлар – іріктеліп, жүйеге келтірілген, нақтылы мақсат, міндеттерді көздейтін,
ертедегі Қазақстан жерін мекендеген халықтар жайлы мағлұмат беретін бірегей
жазбалар. Бан Гу (32 – 92) жазған «Щицзе» мен «Ертедегі Хань тарихы» («Цян Хань
щу») əулеттер билік құрып тұрған кезде қолға алынған, ал «Кейінгі Хань тарихын»
(«Хоу Хань щу») 5 ғасырда Фань (398 – 445) жазған. Кейінгі қытай тарихшылары үлгі
тұтқан бұл еңбектер Қытай мемлекетінің басқыншылық саясатына жол ашқан күшті
империя – Хань əулетіне арналған. Орталық жəне Орта Азия иеліктері жөніндегі
мəліметтер Батыс өлке («Си юй») – Шығыс Түркістанды жаулап алып, онда үстемдігін
орнату үшін, түркі-моңғол тайпаларымен (ғұндар) күресу үшін қажет болды. Қытай
деректемелері Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі үйсін, қаңлы иеліктері, олардың жер
көлемі мен тұрғындар саны (үйсін-630 мың, қаңлы-600 мың), қалалары мен бекіністері,
өзге иеліктермен байланысы жөнінде бағалы мəліметтер береді. Қазақстан
этнографиясы мен географиясына қатысты мағлұматтары ерекше құнды. Жазбаларда
үйсіндердің Іле өзені алқабында орналасқаны, батыс шекаралары Талас өзенінде
болғаны айтылады. Бұдан кейінгі дерек 7 – 8 ғасырларға жатады. 945 жылы
тарихшылар тобы жазған «Тан əулетінің ескі жылнамасы» («Цзю Таншу») мен 9
ғасырда өмір сүрген Оуян Сю жазған «Тан əулетінің жаңа жылнамасының» («Синь Тан
Юань ши») «Лечжуань» тарауында жəне Цин əулеті кезіндегі (1644 – 1911) тарихи
құжаттарында Қазақстанды, Орта Азияны мекендеген халықтардың тарихынан құнды
дерек береді. Бұларды зерттеуге үлес қосқандар – орыс синологтары Н.Я. Бичурин,
В.Т. Васильев, кеңестік синологтары Н.В. Конер, Л.И. Думан. Қазақстан жерін
мекендеген ежелгі түркі тайпалары туралы деректерді зерттеуде Қытайда тұратын
қазақ тарихшылары (Н.Мыңжани, Н.Мұқаметқанұлы, тағы басқа) да үлкен үлес қосты.
3.Кең байтақ Қазақстан жерінде оның географиялық орнына (яғни атмосфералық
ылғалдықтың негізгі көзі – мұхиттардан тым шалғай орналасуына) жəне жер бедерінің
сипатына байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан. Басқа кез келген аумақты
аймақтар сияқты республика климатына да радиациялық жəне циркуляциялық
факторлар кешені ерекше əсер етеді.
Қазақстан жері қыс маусымында Сібір антициклонының тармағы мен жаз айларында
азорлық антициклондық ядросының ықпалына жиі ұшырап отырады. Осыған
байланысты республиканың солт-нде оңт.-батыс жəне батыс, ал жазда солт.-батыс
бағыттан соғатын жел басым келеді. Қазақстандағы атмосф. процестер Солт. жарты
шардың Атлантика – Еуразия секторының 3 ірі аумақты айналымы ықпалымен
қалыптасады. Егерде циклондар мен антициклондардың алмасу жолдары ендік
бағытпен өтсе, онда ол ендік бағыттағы айналым делінеді. Ендік бағыттағы айналым
кезінде Қазақстанның көпшілік бөлігінде жауын-шашынның мөлш. кеміп, ауа
температурасы жоғарылайды. Еуропалық айналым кезінде республикаға суық ауа
массаларының енуі жиілейді, температура шұғыл төмендейді, жауын-шашын молаяды,
жел күшейеді. Сібірлік айналымда – оңт-тен тарайтын жылы ауа массалары ұлғайып,
ауа температурасы жоғарылайды, жауын-шашын кемиді. Республика климатының
қалыптасуына оның жер бетінің əр тектілігінің де əсері болады. Қазақстандағы атмосф.
циркуляциялық процестерге оңт. жəне оңт.-шығыстағы тау жүйелері (биікт. 4000 – 5000
м-лік) мен Каспий жəне Арал т-дері сияқты су айдындары да ықпалын тигізеді. Табиғи
кедергі саналатын тау жүйелері атмосферадағы ендік бағыттағы шептік белдемін
солт.-шығыс бағытқа қарай ойыстырып, ауа массасының заулама ағынын күшейтеді.
Осы ауа массасы сонымен бірге тау бөктеріндегі жергілікті климатты қалыптастырушы
тау аңғарлық ауа айналымын тудырады. Қазақстанның таулық жəне тау етегіндегі
өңірлерінің термиялық режимі жапсарлас жатқан жазықтар жағдайына қарағанда
мүлдем басқаша келеді. Таудағы температура жазық жердегіден төмен келеді. Тау
беткейлері төңірегіндегі ауа қабатының радиациялық салқындауынан жəне беткеймен
төмен қарай ойысқан ауаның жылынуынан таулы аудандарда температураның ауытқу
амплитудасы кеміп, температура инверсиясы (жалпы биіктікке байланысты ауа
температурасының көтерілуі) қалыптасады. Инверсия қыс маусымында неғұрлым
күштірек қалыптасады. Тау жоталарына жақындаған сайын тік бағыттағы ауа ағыны
күшейіп, жауын-шашын шұғыл артады. Орташа жылдық жауын-шашын мөлш. жазықта
100 – 200 мм болса, тау бөктерінде 500 – 600 мм-ге дейін артады. Жазық өңірлерде
жылдық жауын-шашынның максимумы жаз айларында, ал тау бөктерінде жылына 2
рет (наурыз – сəуір жəне қараша – желтоқсан) байқалады. Су айдындары бриздік
айналымды тудырады, ол құрлықта ондаған километрге ғана таралады. Орта ендік
бойындағы су айдындарының солт.-шығыс жағалауында жазда жылы ылғалды ауа
ағыны үстемдік етсе, оңт.-батыс жағында атмосф. суық серпіліс пайда болады. Бұл
құбылысты Арал т. мен Каспийдің солт.-шығыс бөлігінен жиі-жиі байқауға болады. Су
айдындарының оңт.-батыс бөлігіне қарағанда солт.-шығысында жауын-шашын 2 – 3 есе
көбірек түседі. Аумақты Каспий айдыны климаттың қалыптасуына қыста ғана ықпал
жасайды. Керісінше, Арал т. атмосфера айналымына жаз айларында ғана қатысады.
Көлемі шағын Балқаш көлінің де атмосфера айналымына жəне бұлттылыққа тигізетін
əсері мол. Қазақстан жеріндегі соғатын желдің орташа жылд. 4 – 4,5 м/с, Каспий т-нің
жағалауында 6 м/с-тан астам, ал Жетісу қақпасында соғатын Ебі желінің жылд. 70
м/с-қа жетеді.
Қазақстан аумағын 4 климаттық белдеу (орманды дала, дала, шөлейт, шөл) қамтиды.
Орманды дала климаттық белдемі республиканың ылғалы ең мол бөлігі. Орташа
жылдық жауын-шашын мөлш. 242 – 315 мм-ге дейін, оның 80%-ы жылдың жылы
мезгілінде жауады. 10°С-тан жоғары орташа тəуліктік ауа температурасының жылдық
жиынтық мөлш. 2100°С. Вегетациялық өсіп-өну кезеңінің ұзақт. 160 – 170 тəулік. Ең
қысқа жыл маусымы – көктем, ұзақт. 1,5 ай, жазы 3 айға созылады. Қысы ұзақ,
қазаннан сəуірдің соңына дейін. Қуаңшылықтың орташа жылдық мөлш. 37 күн, кейбір
жылдары 110 – 113 күнге дейін созылады.
Далалық климаттық белдем республиканың солт-ндегі біраз аймақты қамтиды.
Жылдық жауын-шашын мөлш. 200 – 300 мм, оның 70 – 80%-ы жаз айларына тəн.
Тұрақты қар жамылғысы 140 – 160 күнге созылады, қардың орташа қалыңд. 30 см-дей.
Дүлей желді күндер көп жəне эрозиялық процестер күшті дамыған. 10°С-тан жоғары
ауаның орташа тəуліктік температурасының жылдық жиынтық мөлш. 2100 – 2300°С.
Вегетациялық өсіп-өну кезеңінің ұзақт. 170 – 180 тəулік. Қуаңшылықтың орташа жылдық
мөлш. 69 күн. Орманды дала климаттық белдеміне қарағанда қысы жəне көктемі қысқа,
жазы ұзақ, күзі 1 айға жуық (қыркүйектен басталады).
Шөлейт (шөлейтті дала) климаттық белдем немесе қуаң дала Қазақстанның орта
бөлігіндегі жазық өңірді алып жатыр. Жылдық жауын-шашын мөлш. оңт-ке қарай 279
мм-ден 153 мм-ге дейін кемиді, оның 43 – 27%-ы жылдың суық маусымында түседі.
Тұрақты қар жамылғысы 120 күндей сақталады. Қар жамылғысының қалыңдығы
батыстан шығысқа қарай 20 см-ден 60 см-ге дейін артады. Ауаның орташа тəуліктік
температурасы 25°С-тан жоғары күндер саны 30 – 45, 35°С-тан жоғарғысы – 10 – 20
күн. Вегетациялық өсіп-өну кезеңінің ұзақт. 170 – 200 тəулік. Қысы қатал, ауа райы
құбылмалы келеді, жазы ыстық, радиацияның жиынтық мөлшері тым жоғары. Аңызақ
лебі кейбір жылдары айына 27 – 29 күнге созылады.
Қазақстанның таулы жəне тауалды аудандарының термикалық жүргісі оларға іргелес
жазықтардың термикалық жүргісінен күрт ерекшеленеді. Əдетте, таулардағы
температура жазықтарға қарағанда төмен жəне де биіктеген сайын температураның
амплитудасы азаяды (кемиді). Сонымен қатар тауалды жəне таулы белдемдерде
қыста, негізінен, радиац.-орограф. инверсиялар дамыған. Оған тіктеме бойынша ауа
температурасының кері жүрісі мəжбүрлейді, яғни белгілі бір биіктікке дейін температура
өседі. Мыс., Тянь-Шань тауларында қаңтардағы орташа инверсия теңіз деңгейінен 1300
– 1500 м биіктікке дейін таралады, одан биікте ауаның қалыпты үлестірімі
қалыптасады, яғни биіктеген сайын ауаның температурасы төмендейді. Батыс Алтай
тауларында көбінесе инверсиялық қабаттың жоғ. шекарасы теңіз деңгейінен 700 – 900
м биіктікте жатады, алайда таулы қазаншұңқырларда инверсиялық қабат жоғары
орналасады. Жылы жарты жылдықта мұнда климаттың жергілікті ерекшеліктері айқын
көрініске ие – таулық-аңғарлық айналым жəне фен секілді жылы желдер, олар ауа
температурасының тəуліктік жүргісіне өзіндік сипат енгізеді. Тау беткейлерінің биіктігі
мен экспозициясы, бедердің тілімдену сипаты, тау аңғарларының тереңдігі мен ені,
олардың өзара орналасуы жəне бірқатар өзге де факторлар мұндағы əр түрлі
микроклиматтар мен жергілікті термикалық жағдайлардың өзіндік ерекшеліктерінің
қалыптасуына жағдай жасайды.
Каспий жəне Арал т-деріндегі, Балқаш, Зайсан, Теңіз жəне бірқатар өзге де көлдер
секілді ірі су нысандарының ауа температурасының жүргісіне əсері негізінен жылдың
жылы кезеңінде байқалады. Ол əсер көбінесе бриздік айналым əрекетінің шеңберімен
шектеледі.
Өсімдіктердің жылумен қамтамасыздығы, жалпы алғанда, оңт-тен солт-ке қарай
нашарлайды. Мыс., егер Қазақстанның қиыр оңт-нде ауаның орташа тəуліктік
температурасының жиынтығы, ауаның орнықты температурасы +10°С-тан жоғары
кезеңде, 4200°С-тан асады, ал солт. облыстарда (Солт. Қазақстан, Қостанай, Павлодар,
Ақмола облыстарының солт. бөліктері жəне Қарағанды облысының солт.-батыс бөлігі)
бұл жиынтық 2 есе жəне одан да көп мөлшерде аз.
Қазақстанда соңғы 50 жылда (1954 – 2003) ауа температурасының өсу үрдісі
байқалады. Орташа алғанда, Қазақстандағы ауаның жылдық орташа температурасы
жоғарыда көрсетілген кезеңде 1,5°С өскен жəне өсуі бірқалыпты емес. Орташа жылдық
температураның ең үлкен өсімі (2,0 – 2,5°С-қа) Қазақстанның солт.-шығысында
(Павлодар), шығысында (Семей) жəне оңт-нде (Қызылорда) байқалады. Тек
Қазақстанның оңт.-батысында (Ақтау) температураның 50 жылдағы өсімі 0,7°С-ты
құрады.
Тянь-Шаньның таулы аудандарында жылдық жауын-шашын жиынтықтары, теңіз
деңгейінен биіктікке жəне беткейлердің экспозициясына байланысты кең ауқымда
өзгереді (400-ден 900 мм-ге дейін). Алтайдың батыс беткейлерінде жылына 1000 мм-ге
дейін жауын-шашын жауса, ал оның шығыс беткейлері құрғақ күйде қалады.
Жауын-шашынның жылдық мөлшері теңіз деңгейінен 1800 – 2000 м биіктіктерге дейін
өседі де, бұл деңгейден биікте, шамалы азаюы байқалады. Қыста, бұлттылықтың
биіктігінің төмендеуіне байланысты жауын-шашынның ең көп жауатын белдемі теңіз
деңгейінен 1000 – 1500 м биіктікте орналасады, ал жазда теңіз деңгейінен 300 м
биіктікке дейін жауын-шашын мөлшерінің жер биіктігіне тікелей тəуелділігі байқалады.
Жауын-шашынның жылдық жүргісінде республика аумағының геогр. орнына
байланысты елеулі айырмашылықтар байқалады. Солт. Қазақстанда ең мол атмосф.
жауын-шашын жазда байқалса, ал оңт. пен оңт.-шығыста – көктемде Қазақстанның
солт. жартысында жауын-шашынның жылдық жиынтығының шамамен 70 – 80%-ы
жылдың жылы кезеңінде жауады да, оңт-ке қарай жылжыған сайын суық кезеңдегі
жауын-шашын мөлшері өсе түседі. Жазда кейбір жылдары оңт-те жауын-шашын 2 – 3
ай бойы жаумайды. Мұндай кезеңдерде жаңбыр тамшылары жер бетіне жетпей
буланып кететін «құрғақ» жаңбыр жауады. Жазғы жауын-шашын кезінде күннің күркіреуі
жиі байқалады.
Қазақстандағы соңғы 50 жылдағы (1954 – 2003) атмосф. жауын-шашынның өзгеруіндегі
жалпы үрдіс оң. Жауын-шашын мөлшерінің ең көп өсуі (50 жылда 60 мм-ден астам)
Қазақстанның солт. облыстарында (Қостанай, Павлодар, Ақтөбе) анықталған. Тек
Шығыс Қазақстан жəне Ақмола облыстарындағы жауын-шашын мөлшерінің өзгеру
үрдісі теріс болды жəне бұл жерлерде жауын-шашын мөлшерінің азаюының орташа
көрсеткіші 15 – 60 мм-ді құрады. Қазақстандағы жел жүргісі, негізінен,
қысымдық-айналымдық жағдайларымен анықталады. Жылдың суық кезінде жел
жүргісі, негізінен, Сібір антициклонының батыс сілемі ықпалымен қалыптасады. Осы
сілемнің барлық топография карталары бойынша жақсы байқалатын климаттық осінен,
қыс айларында республиканың солт-не жəне оңт-не қарай ауа қысымы төмендейді, ал
жер бетіне жақын изобаралар негізінен солт.-шығысқа жəне оңт.-шығысқа қарай
шашырайды. Қыстың барлық жағдайында Қазақстанның басым бөлігінде орталық
аудандардан ауа массаларының шеткі облыстарға қарай шашырай ағуы байқалады.
Осыған байланысты Қазақстанның батыс бөлігі жəне Алтайдың кейбір аудандарын
есептемегенде, бағыты бойынша қарама-қарсы дерлік басым желдер қалыптасатын екі
үлкен белдемдер ерекшеленеді.
Жазда Қазақстандағы жел жүргісі, Еуразияның үлкен бөлігіндегідей күрт өзгереді.
Жылдың бұл кезінде қыспен салыстырғанда, ауа массаларының құрлықтың ең шеткі
солт. ендіктерінен орталық аудандарға қарай басымдылықпен ығысуы айқын көрініске
ие. Жылдың жылы мезгіліндегі ауаның жоғары температурасы жəне құрлықтың күшті
жылынуы, жалпы алғанда, Еуразия аумағындағы бар (қысым) өрісінің айтарлықтай
қайта құрылуына əкеп соқтырады. Алайда Қазақстандағы бағыты бойынша басым
желдер жаз айларындағы əлсіздігі барысында шашыраңқылығынан туындайды.
Жылдың бұл кезінде тымық күндердің көбірек қайталануы байқалады.
Қазақстанның жазық аумағындағы желдің жылдық орташа жылдамдығы жалпы алғанда
оңт-тен солт-ке қарай артады (4 – 5 м/с дейін). Желдің төмен жылдамдықтары (1 – 2
м/с) Қазақстанның оңт. жəне оңт.-шығысындағы тауалды аудандарында байқалады.
Күрделі жер бедері жағдайларында жел жылдамдығының үлкен құбылмалылығы
туындайды. Мыс., егер бедердің желден қорғалған пішіндерінде (қазаншұңқырлар,
беткейлердің ық жəне төм. бөліктері, т.б) желдің жылдамдығы əлсіз (1 м/с дейін) болса,
ал асуларда, шыңдарда жəне жел өткізуші дəліздерде желдің жылдық орташа жылд. 5
м/с-тан асады. Жел өткізуші дəліз – Жетісу (Жоңғар) қақпасы жəне Каспий т-нің шығыс
жағалауы Қазақстанның ең желді аудандары болып табылады. Ондағы желдің жылдық
орташа жылд. 6 м/с-тан асады.
Желдің жылдамдығы жыл бойы өзгереді. Қазақстанның үлкен бөлігінде желдің ең үлкен
жылдамдықтары жылдың өтпелі кезеңдеріне тұспа-тұс келсе, ал ең əлсіз желдер жазда
болады. Жел жылдамдықтарының максимумы асуларға, тау шыңдарына, жел өткізуші
дəліздерге жəне жағалауларға (Каспий т.) тəн, ал қысқы минимумдар мен жазғы
максимумдар желден қорғалған орындарға (қазаншұңқыр, тауалды аудандары, т.б.)
тəн. Қар жамылғысы. Қар жамылғысы сипаттамаларының аумақтық үлестірімінде
жазықтағы ендік белдемдік жəне таулық бедер жағдайындағы биіктік-экспозициялық
белдемдік айқын байқалады. Қазақстанның ашық кеңістіктік жағдайында қардың
тасымалдануы жəне бұрқасынның қайталану үдерістерімен қар жиналудың
қайшылықтары өте зор. Еліміздің солт.-шығыс жəне солт. аудандарында орнықты қар
жамылғысы қарашаның бірінші онкүндігінде қалыптасады жəне наурыздың соңы –
сəуірдің басында аяқталады. Қазақстанның жазық бөлігінде қар жамылғысы қарашаның
соңы – желтоқсанның басында қалыптасады жəне тұрақсыздығымен ерекшеленеді, кей
жылдары қар болмауы да мүмкін. Қар жамылғысының қалыңдығы солт-те 25 – 30
см-ден, оңт-те 6 см-ге дейін кемиді. Тауларда тұрақты қар жамылғысы қазанның үшінші
онкүндігінде – қарашаның басында қалыптасып, мамырға дейін жатады, ал қар
жамылғысының орташа қалыңд. 30 – 60 см болса, биік тауларда 100 – 200 см-ге жетеді.
Қазақстанның ең қарлы аудандарына наурыз – сəуірде 2600 – 2800 м биіктіктерде
қалыңд. 400 см, кей жылдары 700 – 800 см қар жиналатын Оба жəне Үлбі өзендерінің
алабы жатады. Ал ең мол қар қорлары 1800 см-ден асуы мүмкін.
Атмосф. құбылыстарға жауын-шашындар жəне əр түрлі тұмандар, бұрқасындар мен
жаяу борасындар, электрлік құбылыстар – күн күркіреу, жарқылдар, полюстік
сəулелену; долы жел, шаңды боран, шаңды борасын құйын, қара құйын, көктайғақ,
мұнар, мұз инелері, қырау жатады. Тұманның Қазақстан аумағындағы үлестірімі күрделі
сипатқа ие. Жер бедері кедір-бұдыр болып келетін Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс
Қазақстан облыстары жəне де Қазақстанның оңт. жəне оңт.-шығысындағы таулы жəне
тауалды аудандарында тұманның үлестірімі ошақтық сипатта дамыған. Тұманның ең
көп жылдық қайталанғыштығы Мұғалжарда (67 күн), Алтайда (Өскемен – 51 күн),
Қордайда (63 күн) байқалады. Қалалар мен өнеркəсіп орталықтарында тұманды
күндердің саны көбірек байқалады (Қарағандыда – 37, Алматыда – 56, Қарсақбайда –
54).Тұмандар əсіресе шөлдерде өте сирек байқалады. Қазақстанның көпшілік бөлігінде
тұманның қайталанғыштық максимумы желтоқсан жəне қаңтар айларында байқалады.
Солт-те жəне батыс аудандарда тұманданудың жоғары мəні көбінесе наурызда, қар еру
кезеңіне тəн. Тұманды күндер тау етектеріне қарағанда жазықтарда сирек байқалады.
Алматы маңындағы тау етектерінде Іле аңғарымен салыстырғанда тұманды күндердің
саны 4 – 5 есеге артып, жылына 75 – 100 күнге жетеді. Тұманның ұзақтығы оңт. жəне
оңт.-шығыстағы шөл аймағында 80 – 90 сағаттан, еліміздің оңт., оңт.-шығыс
облыстарындағы тауалды жəне таулы аудандарында 300 – 500 сағатқа жетеді.
Тұманның ұзақтығы əсіресе Мұғалжар тауларында жоғары. Онда тұман жылына 50 –
60 күнге дейін, ал кейбір жылдары 100 күнге жетеді. Ең ұзақ тұмандар қыс кезінде
байқалады, ал жазда тіпті жоқ деуге болады. Бұрқасындар күшті жел кезінде, ұлпа қар
болған жағдайда туындайды. Бұрқасынды күндердің орташа саны біркелкі емес,
алайда орташа алғанда солт-тен оңт-ке қарай 30 – 40 күннен (кей жерлерде 51) 1 – 5
күнге дейін кемиді. Бұрқасындардың жалпы ұзақтығы солт-тен оңт-ке қарай 300 – 400
сағаттан (кей жерлерде 500 жəне одан да көп) 1 – 5 сағатқа дейін азаяды. Қазақстанда
Атбасар, Мұғалжар, Біршоғыр, Жаңғызтөбе сияқты бұрқасындар өте ұзақ уақыт
болатын бірнеше ошақ бар. Бұрқасындардың жалпы ұзақтығы солт-те 300 – 500
сағаттан (кей жерлерде 500 сағаттан да көп) оңт-те 1 – 5 сағатқа дейін кемиді.
Желдің жылдамдығына тəуелді атмосф. құбылысқа шаңды дауыл жатады. Далалық
белдемдегі шаңды дауылды күндердің саны жылына 20 – 38 күнге тең, ал топырақ
бетінің жағдайына тəуелді шөлдерде (Арал маңы жəне Балқаш маңында) 50 – 60 күнге
дейін жетеді. Найзағай зор будақты-жауынды бұлттардың дамуымен тығыз
байланысты, сондықтан найзағай кезінде күшті долы желдер, нөсерлі жаңбырлар жиі
байқалады жəне бұршақ ұруы да сирек емес. Қазақстанның солт-ндегі жазық бөлігінде
найзағайдың қайталанғыштығы жоғары, онда жылына орташа есеппен 20 – 25 күн
найзағайлы болып келеді. Қиыр оңт-те найзағайлы күндердің саны жылына 8-ге дейін
төмендейді. Таулы аудандарда найзағайлы күндердің саны 30 – 35 күн аралығында
құбылады, кей жерлерде 55 күнге дейін жетеді. Қазақстанда найзағай көбінесе жылдың
жылы мезгілінде байқалады. Қыста найзағай өте сирек кездеседі. Тауалды жəне таулы
аймақтарда жазықпен салыстырғанда, найзағайдың жиілігі айтарлықтай жоғары. Мыс.,
Іле Алатауындағы найзағайлы күндердің саны жылына орта есеппен 30 – 35 күнге
жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |