Ортопедиялық стоматология тіс қатарларының анатомиясын,эстетикасын және функцияналдық қызметін қалпына келтіретін және солардың өзгерісін қарастыратын стоматологияның бір саласы.Ал окклюзия және артикуляция терминдері ортопедиялық стоматологияның негізі десекте болады. Тіс қатарларының және жақ сүйектің дұрыс қызметі тікелей осы 2 терминге байланысты.Солармен жақынырақ танысайық.
Окклюзия
Окклюзия-бұл тіс қатарының не қарсы тістердің жеке топтарының қабысуы.
Окклюзия түрлері
Физилогиялық Патологиялық
Физиологиялық окклюзия
Ортогнатиялық Тік
Физиологиялық окклюзия мінездемесі:
-үстіңгі тістер астыңғы тістерді шамамен үштен біріне жабады;
-төменгі жақтың барлық тістері жоғарғы жақ тістерімен жанасады (окклюзиялық жанасу бар);
-күрек тістер симметриялы;
-тістер арасында бос орындар жоқ;
-тіс қатары жоғарғы жақта жарты эллипс,ал төменгі жақта парабола тәрізді.
Патологиялық окклюзия
Мезиалды
Дисталды
Ашық
Айқаспа
Терең
Патологиялық окклюзияның этиологиясы
Балада тістің белсенді өсу кезеңінде жұтыну рефлексінің бұзылуы;
Ұзақ емізу және емізік сору;
Бет анатомиясының белгілі бір түріне генетикалық бейімділік;
Босану жарақаты нәтижесінде жақ сүйектерінің ығысуы;
Біріншілік молярлардың ерте кариозды бұзылуы;
Қайталанатын ЛОР патологиялары, оның фонында бала ауыз арқылы тыныс алуға дағдыланады.
Артикуляция туралы түсінік.
Артикуляция (лат. articulatio-буын) - шайнау бұлшық еттерінің көмегімен жүзеге асырылатын төменгі жақтың жоғарғы жаққа қатысты барлық түрлері мен қозғалысы. Артикуляция-бұл бір-бірін алмастыратын окклюзиялар тізбегі.
Артикуляция мінездеме.
Артикуляция-бұл сөйлеу мүшелерінің сөйлеу барысында, яғни ерін, тіл, жұмсақ таңдай және дауыс байламдарының біріккен жұмысы. Сонымен қатар сөйлеу мүшелерінің позициясының сөйлеу дыбыстарын қалыптастыруда маңызы зор.
Окклюзиялық жазықтық
Алдыңғы күрек тістердің кесу қырларынан соңғы азу тістердің шайнау бетіне дейінгі жазықтық.
Камперлік жазықтық
Құлақ трагусынан бастап мұрын сыртқы қанат ұшына дейінгі мұрын-құлақ линиясы.
Франкфурттік жазықтық
Сыртқы есту жолының жоғарғы жиегінен көз ұясының ең терең нүктесіне дейінгі линия.
Тиесілі физиологиялық тыныштық
Физиологиялық тыныштық деп организмнің көзін жұмып, тыныш, ештеңені ойламай, тыңдамай, денесін босатып, демалып, ояу жатқан қалпын айтады.
Бонвиль үшбұрышы
Бонневиль үшбұрышының шыңы төменгі жақ сүйегінің орталық азу тістерінің медиальды бұрыштарының орналасуы болып табылады. Bonneville артикуляторы алға, артқа және бүйірлік қозғалыстарға мүмкіндік береді.
Кері байланыс🧠
Окклюзия деп аталады:
Төменгі жақтың жоғарғы жаққа тиесілі түрлі ығысулары.
Төменгі жақтың жоғары немесе төмен қозғалысы кезіндегі оның басының қозғалуы.
Жоғарғы және төменгі жақтардың тіс қатарларының немесе бөлек тістерінің көпнүктелі түйісуі.
Тіс және тіс қатарларының көп көлемде түйісу нүктелері бар кездегі түйісуі.
5. Окклюзиялық бетінің түйісуінсіз
18 жастағы жасөспірім ауыз қуысын санациялау мақсатында келген. Объективті: жоғарғы ерін көтеріңкі, жоғарғы жақ тістері алдыға ығысқан және олардың арасында қуыс бар. Төменде аталғандардың ішінен НЕҒҰРЛЫМ тиімді тістем түрін таңдаңыз.
1 Тік
2 Айқасқан
3 Прогнатиялық
4 Прогениялық
5 Ортогнатиялық
Кері байланыс:
ТІСТЕМНІҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ТИПТЕРІ:
Прогнатия, прогения, ортогнатия
Прогения, тік, ашық
Ашық, тік, прогнатия
Тік, прогнатия, прогения
Тік, ортогнатия, бипрогнатия
20 жастағы қыз протез салдыру мақсатында келді. Қарап тексеру барысында дәрігер төменгі жағын алдыға шығаруын сұрайды. Төменде аталғандардың ішінен сол қозғалыс барысында төменгі жақтың қозғалысына,бұрышына НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келетінін атаңыз.
1. Диагональды 2. Саггитальды 3. Вертикальное
4. Горизонтальды
5. Трансверсальды
Кері байланыс:
. ОРТАЛЫҚ ОККЛЮЗИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ТІСТІК БЕЛГІСІ:
Күрек тістік сызықтар өзара сәйкес келеді
Бүйір күрек тістер аймағында дезокклюзияның болуы
Алдыңғы тістер аймағында дезокклюзияның болуы
Күректістік сызықтар беттің орта сызығына сәйкес келеді
Антогонист тістердің фиссурлы-төмпешіктік байланыстарының максималды саны
ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ТЫНЫШТЫҚ КЕЗІНДЕГІ ТІС ҚАТАРЛАРЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ АРА ҚАШЫҚТЫҚ ОРТА ЕСЕППЕН ТЕҢ: