Орындаған: Курбаналиева д тобы: 116-02


- Қазір әртүрлі деңгейде білімді жетілдіруге қатысты оқулықтар көп



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата15.01.2022
өлшемі224,89 Kb.
#111823
1   2
Байланысты:
академия 1

- Қазір әртүрлі деңгейде білімді жетілдіруге қатысты оқулықтар көп. 

Барлығы дерлік шетелдікі. Негізінен бізге сол кітаптар Ресейден келеді. 

Өзіміздің ұлттық оқулықтың шыққаны қуантады. Шетелдегі 

академиялық жазылым мен еліміздегі қалыптасқан жағдайға тоқталып 

өтсек.

 

- Ресей жоғары оқу орындарында да академиялық жазылым ағылшын тілінің 



оқу бағдарламасына әлдеқашан енгізілген, алайда жаңаша білім беру 

жағдайында студенттерді академиялық жазылымға оқыту әлі де болса, 

бастапқы кезеңде екендігін, қазіргі уақытта бұл дағдыны дамытуға үлкен күш 

жұмсау қажеттігін, академиялық жазылымды ғылыми тұрғыда оқыту 

керектігін Ресей ғалымдары да мойындап отыр. Академиялық жазылым 

дағдылары қазіргі заманғы Ресей ғылыми қоғамдастығында, атап айтқанда, 

ғылыми және кәсіби қарым-қатынасқа түсуге дайын болу; шетелдік 

серіктестермен жазбаша түрде ғылыми-техникалық ақпарат алмасу; 

мемлекетті халықаралық конференцияларда, симпозиумдарда, вебинарларда 



таныстыру; шетел тілдері арқылы кәсіби міндеттерді шешу; таңдалған 

мамандық бойынша ғылыми-техникалық әдебиеттердің түрлі 

жанрларындағы мәтіндерді (ғылыми мақала, патент, монография, реферат, 

диссертация, баяндама, тезистер, аңдатпа, түйіндеме және т.б.) құрастыру 

және жұмыс істеу үшін қажет болып отыр. 

Ал Қазақстандағы жағдай қалай? Біздегі жоғары мектептердің оқу 

бағдарламаларында студенттің 1-курстан бастап академиялық 

сауаттылықтарын арттыруға бағытталған курс өз деңгейінде қамтылып отыр 

ма? Академиялық сауаттылық, академиялық оқылым және жазылым 

дегенімізді студенттеріміз түсіне ала ма? Өз ой-пікірін анық жеткізе 

алмайтын, аудиторияда еркін сөйлей алмайтын, қазақ/орыс тілдерінде 

сауатты жаза алмайтын студенттер көптеп кездеседі. Соңғы жылдары өз 

ойын жеткізуде сауатты сөйлейтін, жазатын адамдардың саны күн өткен 

сайын ортамызда азайып келе жатқаны анық байқалады. Оның себебі қазіргі 

жастардың тестіден бас алмай жаттап, кітап оқымай, өмірден шеттеп 

қалуынан болып отыр. Кітап оқымаған адам ой ойлаудан да қалады. 

Міне, осы олқылықтардың орнын толтырып, қазақстандық жоғары білім беру 

ісінде академиялық сауаттылықты арттыру мақсатында КАЗГЮУ 

Университетінде 2014-2015 оқу жылынан бастап модульдік оқыту бойынша 

1-курсқа «Академиялық оқылым және жазылым» пәні енгізілген еді. 

(Өкінішке қарай, 3 жыл оқытылып, кейін оқу бағдарламасынан алынып 

тасталды). Курстың негізін студенттердің сыни ойлауын қалыптастыру, 

сөздік қорын, академиялық жазылым дағдыларын, кәсіби-ғылыми 

пікірталасқа түсу дағдыларын дамыту, ғылыми жобаларын дайындау және 

таныстыра білу, яғни жазбаша қатысымға қажетті құзыреттер кешенін 

меңгеру, ақпаратқа сыни тұрғыдан баға беру, өзінің жеке идеясын білдіру 

және ғылыми жобаға пікір жаза білу құрайды. 

Бірінші курс студентінен бастап белгілі профессорларға дейінгі академиялық 

үдерістің барлық субъектілерінің өмірлерінде бір рет болса да, әдетте, 

алғашқы ғылыми жұмысын жазғанда, жазбаша түрде өз идеяларын 

мазмұндауда қорқыныш сезімін бастан өткізбегендері жоқ шығар. Қорқу 

сезімінен қашудың ең бір қарапайым тәсілі – бұл қарсыласымен «бетпе-бет» 

келуі, яғни әрбір адам ғылыми мәтін жазу дағдысын меңгеруі тиіс. Осы 

мақсатта эссе, ғылыми мақала, курстық жұмыс, бакалаврлардың диплом 

жұмысын, магистрлік және докторлық диссертациялар жазуды үйретуге 

байланысты аталған пән енгізілген болатын. 

Академиялық жазылымның мазмұндау стилі, академиялық лексиканы 

пайдалану, берілген тақырыпқа немесе мәселеге бағытталу сияқты өзіне тән 

сипаты бар екендігі белгілі. Академиялық тілдің басты ерекшелігі оның 

лексикалық қорының мол болуында. Мәтінді сауатты құрастыра алмау қазақ 

бөлімінде оқитын барлық студентке тән сипат болып келеді, осыған 

байланысты оқытушының алдында студентте кемшін түсіп жатқан дағдыны 




қалыптастырып, олардың академиялық контексте қолдана алуына көмектесу 

міндеті болуы керек. Академиялық жазылымды терең меңгеруге қажетті 

негізгі дағдылар мыналар: 

1) зерттеу жүргізу дағдылары – студенттің ізденуге қабілеттілігі, белгілі 

ғылыми дереккөздерді тауып оқи білуі; 

2) конспектілеу дағдылары – тұтас мәтінді көшіре салмай, басты ақпаратты 

бөліп алып көшіре білуі; 

3) өз-өзіне бақылау жасау – мақала жазуға және оны редакциялауға қажетті 

уақытты тиімді бөле білу қабілеті; 

4) болашақ мәтінінің жоспарын құрып, алғашқы нұсқасын жазу; 

5) аяқталған мәтінге редакторлық түзетулер жасай алу. 

Академиялық оқылым және жазылымның қазіргі академиялық қызметке 

бағдарлануы сабақ беретін оқытушылардың студенттермен жұмыс 

барысында біршама қиындықтар тудырды. Студенттердің жалпытілдік 

құзыреттерінің төмен болуы, өз беттерімен пайымдау жасай 

алмайтындықтары, оқылған мәтінді (ғылыми жұмыстарды) сауатты баяндай 

алмайтындықтары оларға бірден ғылыми зерттеулермен жұмыс істеуге 

кедергі келтірді. Олардың сөйлеу әрекетінің оқылым, айтылым және 

тыңдалым сияқты түрлеріне қарағанда жазу дағдыларының артта қалып 

қойғандығы анық байқалды. Осыған байланысты студенттердің эссе, ғылыми 

мақала, сауалнама, жоба сияқты бүгінгі таңда кеңінен қолданылатын 

жұмыстарды жазуда қиналғандарын атап өткіміз келеді. 



 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет